Руханият

МЕШІН ЖЫЛЫН ӘБІШ АҒАСЫЗ ҚАРСЫ АЛУ

Ескі жыл есіркемеді...

Ұлт руханиятының терең тамырлы саялы Бәйтерегі құлады.

Адамзат өркениетіне алып тұлғаны сыйлаған желтоқсан айы кемеңгердің өзін кенеттен алып тынды да. Бұл – осы он екінші айдың оныншы жұлдызынан он біріне қараған түн ортасында болған азалы оқиға еді. Кемел шағы 76 жасқа толғаннан тура төрт күн өтті. Жалған дүние Әбіштей дария дарыннан, абыз ағадан айырылды! 

Читать далее »

ПЕРЗЕНТ ПАРЫЗЫ

Жақында Алматы қаласындағы «Баспа-Сөз» баспасынан «Айтарым бар өзіңе, Әке...» атты  жаңа кітап жарық көрді. Жаңа жылдың басында оқырманымен қауышқан  бұл еңбектің авторы – жерлесіміз, есімі елімізге белгілі мұнайшы, Қазақстанның «Құрметті геолог-барлаушысы», «Құрмет» орденінің иегері Марат Қорқытұлы Байзақов. Атауынан-ақ аңғарылып тұрғандай, ол осы еңбегімен ұлдың әке алдындағы перзенттік парызын орындауды мақсат тұтыпты.

Читать далее »

ГҮЛНӘР – ҮЗДІК ЭКОЛОГ

Қоршаған ортаны  қорғау шараларын насихаттау, экологтардың табиғатты аялауға қызығушылығын арттыру. Осындай мақсатта өткен конкурста «Теңізшевройл» ЖШС-нің аға экологы Гүлнәр Тасқали ең үздік деп танылды.

Читать далее »

«КАЗРОСИМПЭКС» ЖҰМЫСЫ ТОҚТАДЫ

Атырау облысы бойынша экология департаменті мен мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тексерісі нәтижесінде табиғатты қорғау заңдылықтарын сақтамағаны үшін «КазРосИмпэкс» ЖШС-нің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Читать далее »

МЭЛС ЕЛЕУСІЗОВ, «ТАБИҒАТ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БЕЛГІЛІ ЭКОЛОГ: «ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАЙ АЛМАДЫҚ»

Атмосфера уланып жатыр!.. – Көп ұзамай Атырауда мұнай-газ химия кешені іске қосылады. Жаңа кешеннің жұмысын бастауы аймақтың экологиялық ахуалына қалай әсер етуі мүмкін? Неден сақтануымыз керек? – Әрине, мұнайды да, газды да, табиғаттың басқа байлықтарын да адамзат игілігі үшін өңдеу де, өндіру де керек. Бұл – заман талабы. Бірақ, біз жердің үстіндегі, оның астындағы игіліктердің ең алдымен табиғаттың бөлшегі екенін ұмытпауға ...

Читать далее »

АҢ АУЛАУДЫҢ ДА ӨЗ ТӘРТІБІ БАР

Бес мыңнан астам аңшысы мен балықшысы бар бұл қоғам Құрманғазы, Исатай, Жылыой, Қызылқоға, Махамбет аудандарының аңшылық шаруашылығын жүргізіп, оны қорғау жұмыстарымен шұғылданады.

Құрманғазы аңшылық шаруашылығының теңіз жағалауындағы аңшылық алқабы негізінен сулы жерлерде орналасқан. Оларды күзету, қорғау жұмыстарын 14 қорықшы су көліктері арқылы жүргізеді. Сонымен қатар, халықаралық туризмді дамыту жөніндегі ұсыныстарға орай, 1995 жылы құрылған аңшылық базасы да Утера селосынан 25 шақырымдағы Иголкин су арнасындағы аралда орналасқан. Ол базаны жыл бойы күзету, жөндеу жұмыстарын жүргізу, яғни оның өміршеңдігін қалыпты жағдайда ұстау жүзу құралдарынсыз мүмкін емес. Осыған байланысты көктем және күз айларындағы аңшылық маусымдарында оннан аса су көлігі мен аң қорықшыларын маусымдық жұмысқа қабылдап, пайдаланып келеді.

Читать далее »