Руханият

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР

Өз ісінің білгірі. Қаржы саласында қатардағы қызметкерліктен бастап, тұтастай облыстың өркендей түсуіне игі ықпал етерлік лауазымды қызметтер тұтқасын ұстаған Мұсабай Сағымбаев туралы деректерді ақтарған сәтте ең бірінші байқағанымыз осы теңеу болды. Замандас-тұстастарының болсын, қол астындағы қызметкерлерінің болсын, одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер, Кеңестер Одағының «Қаржы қызметінің үздігі», «Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі» Атырау облысының, Жылыой және Индер аудандарының Құрметті азаматы туралы пікірлер легі осы ізгі сөзден бастау алады екен...

Читать далее »

ӨРНЕКТІ ЖЫЛДАР

Уақыт зырлап өтіп жатыр. Сүйінішбектің Атырау политехникалық техникумын бітіріп, «Қарақия, қайдасың?» деп «Гурьев – Мангышлак» пойызымен иығында сары рюкзак, Атыраудан аттанып бара жатқаны күні кеше сияқты еді. Оған да артық-кемі жоқ қырық бір жыл болыпты-ау. Содан бері геолог-барлаушы ретінде қай жерді баспады, кімдермен қызметтес болмады?! Анығын айтса, Каспий теңізінің терістік ойпатында жүрмеген жері, шұқымаған төбесі қалмаған да шығар. Көбісіне мұнай мұнараларын орнатып, бастарына сансыз шырақ тұтатты. Оны бүгінгідей айтулы күнде ойға оралтып, өндіріс майданында бірге жүрген асыл ағалар мен дарабоз достарды еске алмаса кім болғаны?! 

Читать далее »

БІЗ ҚАЛАЙ ӨРТ СӨНДІРУШІ БОЛДЫҚ?

Ті лсіз жаумен алысып, өз өмірлерін тәуекелге  байлап жүрген өрт сөндірушілердің қызметін біз әдетте лайықты бағалай бермейміз. Бірде оларды «оқиға орнына кешігіп жетті» десек, енді бірде «лаулаған жалынды дер кезінде сөндірмеді» деп жатамыз.  Ал, шын мәнінде, оларды түсіну үшін бір күніңді арнап, олармен бірге осынау азапты жұмыстың мехнатын бастан бір өткеріп көру қажет екен. 

Читать далее »

АҚЫ АЛМАЙТЫН АБЫРОЙЛЫ ЖҰМЫС

ширек ғасырдан кейін айрықша атап өтілді

Алматыға кезекті сапарынан облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты Исатай Балмағамбетов олжалы оралды. «Невада-Семей» ядролық жарылыстарға қарсы қозғалыс ұйымының құрылғанына 25 жыл толуына орай ол «Сегіз қырлы – бір сырлы» номинациясы бойынша көшбасшы мәртебесіне ие болып, арнайы сертификатпен марапатталды. Мұндай атаққа күллі республика бойынша небәрі жеті-ақ адам ие болғандығын ескерсек, бұл мадақтың жөні де, мәні де ерекше.

Читать далее »

ТАРИХТЫ ЗЕРТТЕП ТЕРЕҢНЕН…

Биыл  өлке  баспасөзі   тарихын терең зерттеп жүрген ғалым, журналист Қылышбай Сүндетұлы үшін табысты жыл болды. Мұрағаттық деректерге сүйеніп Атырау облысындағы баспасөздің пайда болуы  мен  дамуының  алғашқы кезеңдері жайлы кеңінен жазылған «Атырау баспасөзінің тарихы» тақырыбындағы кітабы қалың оқырманға жол тартты.

Читать далее »

ЖУРНАЛИСТЕН – мемлекеттік қызметші

Күні кеше ғана елімізде Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті. Биыл тұңғыш рет төл мерекелерін тойлаған атқарушы билік өкілдері арасында ерен еңбегі еленіп, төккен терінің өтеуі ақталғандардың бірі – Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди Өтеғалиев. Ол осы салада тағайындалған алғашқы марапат – «Үздік мемлекеттік қызметші» белгісін кеудесіне қадады.

Читать далее »

«ИНДЕР КҮМБЕЗІНІҢ» екінші тынысы

Еуразиялық экономикалық одақ аясында «Индер күмбезі» байлығының кешенді түрде игерілетіндігіне үміт бар. Қазірдің өзінде мұнда ауқымды жобалар жүзеге асуда. Жыл басында ауданда біздің серіктестіктің екінші – натрий гипохлорит зауыты іске қосылды. Бұл өнім – су тазарту қондырғыларына, кәріз су жүйесін залалсыздандыруға, жалпы дезинфекция жұмыстарына таптырмайтын қоспа. Осыған дейін шет елден тасымалданатын залалсыздандыру қоспаларын енді осылайша Атырау облысында өндіре бастадық. Сонымен қатар, оны өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында да, тұрмыстық заттарды ағартуға да (белизна) көптеп қолдануға болады.

Читать далее »

АҚТОҒАЙ ауылының атасы

Құм Нарын. Қазақтың қайсар ұлдары туып, түлеген атамекен. Осынау елге тұлға, өмірге тұтқа болардай азаматтарды қиын-қыстау кезеңдерде құмаршығымен асырап, қатал табиғатымен қайсарлықтарын қайраса, жасыл жазының қоңыржай түндері мен тұма таңдары дархандық дарытқан өңірдің түлектерінің бірі – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, шебер ұйымдастырушы, Ақтоғай ауылының атасы дерлік атаққа лайық Атиғолла Жарылғасов.

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР – ӘРКЕЗ САПТА

Балықшы аймақтық ардагерлер кеңесіне соғыс және тыл, еңбек ардагерлері мен майдангерлердің жесірлері тіркелген. Бұлардың ең жас дегендері – жетпісті алқымдап қалғандар. Көпшілігі ұзақ уақыт бойы үлкен мекемелерді басқарып, халықпен жұмыс жасап тәжірибе жинақтағандар, бұрынғы партия, кеңес органдарында, мәдениет бөлімдерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында жауапты қызметтерде жасағандар, ардагер ұстаздар, яғни көпшілігі халықтың зиялы қауым өкілдерінен құрылған аузы дуалы қарттар.

Читать далее »

БАЛАНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Биыл облыстағы 1-10 сыныптарды бітірген жүз мыңға тарта оқушы жазғы каникул күндерін өткізуде. Олардың үш ай бойғы демалысы қаншалықты тиімді ұйымдастырылған? Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалық етуімен өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына арқау болды.

Читать далее »