Руханият

ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЙЫН АЙТСАҚ…

Біздің Жұмыскер округінде тұрып жатқанымызға он бес жылдың жүзі болды. Міне, осы уақыттан бері көрген күніміз қараң. Жаңбыр жауса болды – көшеге шығу мұң. Айналамыз ми батпақ. Бұл, әсіресе, балаларға қиын. Бір құлап, бір тұратын олардың балшыққа малшынған киім-кешектерін жуудан қарымыз талады. Бұл аздай, қатты жел тұрғанда жарығымыз әлсін-әлсін сөніп қала береді.

Читать далее »

ҚЫР БАЛАСЫ ҚЫРҒА ҚАРАП ӨСЕДІ

Жүйрік уақыт алға көз ілестірмей жылжып келеді. Осынау сәтте мерейлі жасқа жеткен әр азамат өткен өмір белестеріне қарап, өзіне-өзі есеп беретіні сөзсіз. Міне, белгілі қаламгер-журналист Нұрлан Қабыловтың «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баспаханасынан басылып шыққан «Көкжиекке қараймын қырға барып...» атты кітабы оның алпыс жасқа толған сәтінде өзінің өмірі мен шығармашылығы жайындағы есебі десе де болғандай.

Читать далее »

НАУРЫЗҒА – ЖАҢАША КӨЗҚАРАС

Әлемнің ең көне мерекелерінің бірі – «Наурыздың» ауылы алыс емес. «Наурыз» жаңа күн деген мағынаны береді. Халық арасында ерекше қолдауға ие бұл мереке XVIII ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте де тойланып келген.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақстан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді.

Нақ, осы күннен бастап республикамызда Наурыз мейрамы кеңінен атап өтіле бастады.

Читать далее »

«ҚЫЗҒЫШ ҚҰС» – МАХАМБЕТКЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА КҮЙ

Махамбет Өтемісұлына арналған жаңа күй дүниеге келді. Бұл күйдің авторы – жас сазгер, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері, ҚР мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Читать далее »

ТІЛ БІЛІМІНІҢ БІЛГІРІ

Аймақтағы білім қара шаңырағы Атырау мемлекеттік университеті 60 жылдан аса тарихы бар үлкен оқу орны. Өткен ғасырдың 50-ші жылы ашылған жас институттың ірге тасын қалап, оның керегесін көтеріп, шаңырағын биіктетуде үлкен үлес қосқан ұстаздар мол болды. Солардың бірі – марқұм Құсекен Шәукенұлы. Оның туғанына 85 жыл толып отыр. Осы ретте Құсекеңмен қатар үзеңгілес еңбек еткен адамдарды атап өтуді жөн көреміз. Олар – Мұқаш Жақыпбеков, Мағжан Мышанов, Хасан Кәрімов, Бертай Исмайлов, Қабиболла Сыдиықов, Сабыр Қазыбаев, Уәлитхан Қожахметов, Мәреш Мардықова, Ермек Өтебаев, Мархабат Томанов, Мағрипа Орашева, Бабаш Әбілхасымов, Құлмат Өмірәлиев , Жұбат Жантасов, Мұқан Көптілеуов және басқалар еді.

Читать далее »

ӨМІР ӨРНЕГІ

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы қасиет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген екен.

Читать далее »

БОЛАШАҚҚА БАСПАЛДАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан мен облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали Сәрсенғалиев Атырау қаласы Нұрсая ықшамауданындағы қос бірдей жекеменшік балабақшада болды.

Читать далее »

ҚЫСТАҚТАҒЫ АУЫЛ ҚҰС ҰЙҚЫЛЫ…

Қазір Тайсойған мен Бүйрек бойын, Ойыл мен Сағызды сағалаған, Жем өңірін жағалаған, Қарой мен Нарын құмдарын құтты қоныстарына айналдырған, кең жайлауында үйір-үйір жылқы мен келе-келе түйе, табын-табын сиыр, отар-отар қой өргізген шаруагерлер тарих қойнауына енген жылқы жылын қалай қорытындылады? Атакәсіпке адал жандар – дала ерлері бүгінгі қыстақ тірлігін қалай өткізуде? Олардың мал басын өсіруге, түліктерден алынатын өнімдердің сапасын жақсартып, заман талабына сай өңдеуге, мал тұқымын асылдандыруға бағытталған нендей тың жоба-жоспарлары бар? Бүгінгі әңгімеміз – осы жайында.

Читать далее »

МАЛШЫ МИНИСТРМЕН СӨЙЛЕСЕДІ

Халыққа қызмет көрсету орталығы Қызылқоға аудандық бөлімінде электрондық Үкімет порталының «Азаматтар мен Үкімет» бөлімі арқылы  онлайн режимінде  мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдау жұмыстары жүзеге  асырыла бастады.  Облыс орталығынан шалғайда  қоныс тепкен Қызылқоға   өңірі тұрғындары да орталық  және  жергілікті  мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына онлайн режимінде қабылдауға жазылуына мүмкіндік туып отыр. Ол үшін электронды Үкімет порталы  www.egov. kz арқылы  тапсырыс беру қажет.

Читать далее »