Руханият

«БАР ОЙЫМ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРУ БОЛДЫ» ДЕЙДІ ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ АМАНГЕЛДІ МҰҚАШЕВ

Нәрестенің  жан  дауысы...

Шілде айының сегізі күні болатын. Полицияның жедел басқару пультіне жергілікті тұрғын үйлердің біріндегі әжетханадан жаңа туылған сәбидің табылғандығы жөнінде хабар келіп түседі. «Сол күні менің кезекшілігім еді. Шұғыл жиналып, жүріп кеттік. Оқиға Құлсары қаласының бесінші учаске деп аталатын жерінде орын алды. Барсақ, халық жиналып қалған екен. Бізге хабар берген жедел жәрдем медбикесінің қатты шошынғаны оның мең-зең болған күйінен анық көрініп тұрды. Шақалақтың жылаған дауысы әжетханадан еміс-еміс естіліп жатты. Ойланып тұруға уақыт болған жоқ. Дереу әжетхананы құлатып, балаға қарай ұмтылдым. Қайта сәби нәжістің үстіне емес, қазылған шұңқырдың топырақ үйілген шетіне қарай шалқалап түскен екен. Бала плацентадан ажырамаған күйінде жатты. Қазақта «көрер жарығы бар екен», «періштесі қақты» деп жатады ғой. Расымен де, баланы Жаратушымыздың өзі сақтады. Өйткені, шұңқырдың ішінде бірер минут қана болған менің өзім ауа жетпей, тұншығып қалдым» деді біздің арнайы іздеп барған кейіпкерімізЖылыой аудандық ішкі істер бөлімінің полиция лейтенанты, тергеуші Амангелді Мұқашев.

Читать далее »

АДАЛДЫҚТЫҢ АЛА ЖІБІН АТТАМАҒАН…

Өзге замандастары секілді ол да – соғыс ерте есейткен буынның өкілі. Әкесі Дәуреш ел шетіне жау тиген шақта Отанын басқыншылар бұғауынан азат етуге аттанған алғашқы жауынгерлер сапында еді. Шиеттей ғана екі баламен елде қалған анасы Шәкимардан мен Жұмажанды қиын-қыстау заманға қарамастан, бар тапқанын ауыздарына тоса жүріп, ер жеткізді. Жеңістің қуанышты хабары елге жеткен шат-шадыман сәтте аман-есен туған жерге табан тіреген асыл азаматы Дәурешті көргенде «осы балаларымның болашағы үшін майданнан әкелері мейлі мүгедек болса да, оралса екен» деген аналық тілегінің орындалғанын көріп, шын қуанған-ды.

Читать далее »

САҒЫНТЫП КЕТКЕН ҚОС ТАҒДЫР

Алтын бесік атамекеніміздің әр ауылы дос-жаранға сенімді серік болған, кісілігімен  аймағына көрік болған күмбір кеуде серілерінен әсте кенде болған ба? Берекелі ел көңілінің базары, Нарын жағалаған жалпақ елдің еңсесі, асқақ азаматтарының ажары бола жүріп, дүние көштің керуенімен о фәниге ерте аттанған  Марат Қалменұлының бейнесі бүгін тағы көз алдымызға оралды. Сол сері көңілді сұңқар жігіттің  аққу бейне сыңары, кешегі Қыз Жібек пен  Құртқалардан қалған сұлулықтың бір тамшысындай болған Бақытжамалдың мәлике жүзін көрмегелі де он жылдың жазы мен күзі ауыпты...

Читать далее »

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАДЫРЫ

немесе «өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

Өзінің бүткіл саналы ғұмырын туған халқына арнап, перзенттік адал махаббат, ыстық ықыласымен оның ар-намысын поэзия көгінде Ту қылып көтеріп өткен дарабоз ақын Қадыр Мырза Әлі шығармалары – халқымыздың келешегі үшін қаншама ғасырлық өлшеммен қызмет етерліктей, теңдесі жоқ құндылық.

Читать далее »

ЖЕҢІСТІҢ ЖЕҢІСТІ БЕЛЕСІ

...Бұйрат құмды тілгілей алға ышқынған «Джип» көлігінің өзі жолды өндіре алар емес. Рульдегі жігіт ағасы қалың ой үстінде. «Осы сусыған сары шағылдардың арасында күн кешіп, төрт түлік мал өсірген біздің қайран ата-бабаларымыздың жаны неткен сірі еді. Оның қасында қазір барлық мүмкіндік жасалған ғой. Астымызда арқыраған «темір тұлпар», басымызда ақшаңқан үй, сайлы қора-қопсы, теледидардан дүниенің төрт бұрышының жаңалығын тамашалап отырасың...» деп іштей толғанған ол ойша алдағы күндерге жоспар құрды...

Читать далее »

ҚҰПИЯ ХАТТЫҢ ХИКАЯСЫ

(Мұрағаттық  зерттеу)

Мұрағаттық деректер. Олардың әншейінде елене бермейтін ғажайып қасиеті бар. Тылсым тіршіліктің сан алуан хабаршысындай, көңілге тоқ сезімдер ұялататыны өз алдына, әсіресе, араға жылдар, тіпті, ғасырлар салып оқыған тұста, өткен өмірдің кейбір қас қағым сәттерін қайтадан елдің көз алдына нақ бедерлі де құнды деректерді жайып салады. Бұл жағынан алғанда мұрағат бір сыр сандық, асыл мұра

екеніне сенім беки түседі.

Читать далее »

САЛАУАТТЫ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ КҮШ

Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтіледі. Мереке қарсаңында үстіміздегі жылы облыстың спорт саласында қол жеткізілген жетістіктер, алдағы жоспарлар мен толғандырар жайлар төңірегінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан ЕРМҰХАНОВПЕН сұхбаттасып едік.

- Нұржан Мақсотұлы, биыл аталған басқармаға басшылық жасап келе жатқаныңызға бір жыл толып отыр. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды» сын сүзгісінен өткізіп, аңсаған жеңіске жеткізуге сіздің де қосқан үлесіңіз айтарлықтай. Облыс, республика, әлем деңгейіндегі спорттық шараларға спортшылар дайындау оңайға түсті ме?

Читать далее »

АБЗАЛ ЖАН ӨТТІ ДҮНИЕДЕН…

Тамыздың оны күні таңертең жеткен хабар жан дүниемді астан-кестен етті. Қайран, Сәуле апа өтіпті дүниеден... Ұлы ұстазым Зейнолла ағамның аяулы жар қосағы... О, Жалған дүние! Ақыры... ұлы аға жан жарын құшағына шақырған екен ғой. Талай рет телефонмен аман-есендігін біліп, хабарласқанымда Сәуле апа былай дейтін еді: «Айналайын, мен де бір күндікше жүрген адаммын ғой. Зекең қасымда жоқ. Бала-шаға, немере-шөберелерімнің қызығын көріп, солардың тілегін тілеп отырамын. Әр жұма сайын машина шақырып, гүлімді қолыма алып, Зекемнің басына барып қайтуды дәстүрге айналдырдым. Зекемнің мәңгілік мекеніне барып, сырласқандай болып қайтамын. Ал, күнде үйге келетін газет-журналдарды аударыстырып қараймын ғой, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз» журналының және басқа да газеттерден жақсы мазмұнды мақала оқимын. Зекеммен қоштасқаннан бері ағаң туралы кім қандай мақала жазды екен, оны кім қалай еске алып жатыр екен деп ойлаймын. Зекеңнің аты аталған мақала көрсем, оны қиып алып, жинап қоямын. Көңілім бір марқайып қалады». Апай, міне, осылайша телефонмен төгіліп сөйлейтін. Әрбір мерекеде Сәуле апайды құттықтап отыратын едім. Енді кіммен сөйлесем деп мен де күрсінемін. Сәуле апа  менің ұлы ағам Зейнолланың көзі еді ғой. Ағаның рухын биік ұстап, рухына табынып отыратын шырақшысы болатын. Міне, бүгін сол шырақшы ең ақырғы демін алып, көзін жұмғаны Зейнекеңнің барлық шәкірттерінің қабыр-ғасын қайыстырды-ау.

Читать далее »

ЖАСТАРҒА ЖАЛЫН ЖІГЕР ЖАРАСАР

Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені, олар – елдің қуаты мен қозғаушы күші. Жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты азамат болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та жастардың бар жағдайын жасауға баса назар аударып келеді. Ертең 12 тамыз – Халықаралық Жастар күні. Осы күнге орай облыста жастар апталығы да басталып отыр. Мерекеге орай, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Арман Азаматовпен әңгімелескен едік.

Читать далее »

«ЖҮРЕГІМНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА…»

«Абайды тану арқылы біз Қазақстанды

 әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің

 ұлттық ұранымыз болуы тиіс.

Абай сөзі - қазақтың бойтұмары.

Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы». 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 

немесе, Ұлы Абай шығармаларындағы қызық та бағалы пікірлер туралы

Ұлы Абайдың философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастарын академик Т.Тәжібаев жан-жақты зерттеп, терең талдау жасады. Ол Абайды «психологиялық білімдерді туған халқының арасына насихаттаушы кемеңгер ойшыл» деп бағалайды.

Читать далее »