Руханият

ОЛ – ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШЫ

Қисапсыз ынта-жігермен Отаны үшін еңбек еткен, еліміздің мақтанышы мен марқайтып көз тойдырар қуанышы болған, айбынды да абыройлы, шоқтығы биік, тұғырлы тұлға Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев дүниеден өтті. Жүректі шымырлатар қимастықта шек жоқ.

Читать далее »

ТУҒАН ӨЛКЕНІҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ

Өмірден Нұрлан Өтепұлы өтті деген суық хабарды естіп, әрі-сәрі күй кештім. Сенбегендіктен, қа­тар жүретін азаматтарға ха­бар­ласып, анықтап білдім. Шы­­­нында да, адам сенгісіз жағдай екен.

Читать далее »

МӘҢГІЛІК ҚАҚПАСЫНА ЕНГЕН ТАРЛАНБОЗ

Өмір дегеніңнің өзі қас пен көздің арасында көтерілген ақ сағым тәрізді көз алдыңнан көлбеңдей көшетін керуен екен-ау. Қазақ мұнайының қара нары, Атыраудың ғана емес, алты алаштың ардағына айналған Нұрлан ағамнан да қапыда көз жазып қалыппыз. Еш тұрлауы жоқ бейопа жалғанның тым қатыгез екенін тағы да дәлелдегендей осы бір қаза. Адамдықтың заңғарын мекен еткен тарланбоз мәңгіліктің қақпасын қақырата еніп кетіп барады. Бес күндік  дүниеде өзі қиналып тұрып, әлсізге  көмектесуге, өзінің көкірегі қарс айырыла тұрып, жылағанды  жұбатуға әзір тұратын қайран Аға! 

Читать далее »

ЕСІМІ АЛТЫН ӘРІППЕН ЖАЗЫЛАДЫ

Нұрлан Балғымбаев есімі Қазақстанның мұнай-газ саласы тарихында алтын әріптермен жазылады. Еңбек жолын бұрғышының көмекшілігінен бастаған ол отандық мұнайшылардың басшылығына дейін көтерілді. Елбасы оны Премьер-министр етіп тағайындағанда оның алдына бірінші кезекте инвесторлармен жұмысты жүйелеуді, осы бағытта сырттан қомақты қаражат тарту міндетін  жүктеген еді. Нұрлан Өтепұлы бұл тапсырманы мүлтіксіз орындады. Ол Үкімет басқарған жылдары республикадағы мұнай-газ кеніштерін бірлесіп игеруге әлемге танымал ірі компаниялар ағылды. Нұрлан  Балғымбаев солардың бәрінің жұмысын үйлестіріп, алдыңғы кезекке мемлекет мүддесін қойған-ды.

Читать далее »

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН ЖӘДІГЕР

Атырау өңірі – әрбір  тасын қозғасаң тарихтың тереңінен тіл қататын киелі өлке, қойнауы құпияға толы мекен. Индер ауданының Құрылыс ауылынан шығысқа қарай 10 км қашықтықтағы Борсық қорғандар тобы маңында жұмыс істеп жатқан археологтар экспедициясы осы орынға алғаш рет зерттеу жұмысын жүргізді. Экспедиция құрамындағы 18 археолог-маманның қазба жұмыстары кезінде №6 ескі қорғаннан  осыдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген екі адамның мүрдесі табылды. Сонымен қатар, қоладан жасалған қазан, алтын түйіршіктері, қыш құмыра мен ағаштан жасалған қасық, бәкі мен пышақ қалдығы да бар.

Читать далее »

ЖАЗУШЫ РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ: «ҚАЗАҚТЫҢ АСЫЛДАРЫН ҰЛЫҚТАУ КЕРЕК…»

Баға жетпес көркем дүниелерімен есімі әлемнің көптеген елдеріне мәшһүр болған белгілі жазушы, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығы алыс-жақын шетелге жақсы таныс. Себебі, оның қытай, орыс тілдерінен бастап, көптеген елдерде тәржімаланған туындыларындағы жаһандық көкейкесті мәселелер әдебиет сүйер қауымды елең еткізетіні анық.

Читать далее »

БӨКЕЙ ХАН

оның төңірегіндегі ақтаңдақтар

әлі де  зерттеуді қажет етеді

Хандықтың іргесін қалап, ғасырлар бойына ата-бабаның аңсар арманына айналып, ән-жырына арқау болған атамекенді кейінгі ұрпағына мирас еткен Бөкей хан болмысы бөлек тұлға. Бірақ, Отан тарихынан ойып орын алуға лайықты тұлғаның өмірі мен қызметі бүгінге дейін жүйелі, һәм ғылыми тұрғыда жеке зерттеу нысаны ретінде арнайы қарастырылған емес. 

Читать далее »

МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕНІҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ

Атырау қаласының іргетасы қаланғанына – 375 жыл

Бүгін облысымыздың орталығы, егемен еліміздің мұнайлы астанасы – Атырау қаласының туған күні, алғаш іргетасы қаланғанына 375 жыл толып отыр. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бір бөлшегіне айналған, Ақ Жайықтың бойында орналасқан ару шаһардың атаулы күніне орай Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВТЫ әңгімеге тартып, сұхбаттасқанбыз.

Читать далее »

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАТПАР СЫРЛАРЫ

Ел билеген қаған, хандар өз тұстарында болған оқиғалар мен халықтың өмір тынысы жөнінде тарихта қалдыруға тырысып, арттарына құнды-құнды шежірелер тастаған. Бұлай нақты қорытынды жасауымызға Баһадүр Әбілғазының «Шежіре – и Түрік» атты шығармасын оқуымыз негіз болды. Қасиетті бабамыз 1603 жылы Хиуа хандығы орталығы Үргеніш қаласында дүниеге келген. Пәнилік өмірдің ащы-тұщысын мол татып, тәжірибе жинақтап, білімін шыңдаған, әскери өнерді толық меңгерген, араб, парсы, түрік тілдерін жетік білген. Қалың қол бастап хандық дәрежеде ел билеген. Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолдардың бұрын өткен патшаларының өмірі, мемлекетті басқару істерін терең талдаған, жадына берік сақтағандығын жазады. Шежіре бастауында: «Адам атадан бұл кезге шейін, есебін бір құдайдың өзі біледі, талай шежірелер жазылған шығар. Бірақ, бірде-бір патша, бірде-бір әмір, бірде-бір ақылды билеуші өз тарихын жазған емес. Ешкім жазуға бата алмаған бұл кітапты жазғанда мен пақыр жалған айтуды не өз кемшілігімді жасыруды мақсұт еткен екен деп ойлай көрмеңіздер» деген Әбілғазы («Түрік шежіресі», Алматы, «Ана тілі» баспасы. 7-бет).Ұлыстарды басқарған Шыңғыс ұрпақтарының өмір жолы туралы жазбалардың мол болғандығы жөнінде тарихи кітабын бастайтын хижраның мың жетпіс төртінші жылында (қазіргі жыл санауда 1663 жыл): «Мен пақырдың алдында Иран мен Тұранда өткен Шыңғыс ұрпақтарының тарихы жазылған он сегіз байлам еңбек жатыр» деп көрсеткен (бұл да сонда, 7- бет).

Читать далее »