Руханият

Елбасы көрмесі ерекше әсерге бөледі

????????????????????????????????????

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде қыркүйек айында атыраулықтарға есігін айқара ашқан «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесін «Атырау-Ақпарат» медиа серіктестігінің  ұжымы да арнайы барып тамашалады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және отандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар мен Елбасының шет тілдерге аударылған еңбектерін тамашалаған ұжым қызметкерлері, көрмеден көп ой түйіп, ...

Читать далее »

Ғалым. Тұлға. Қайраткер

????????????????????????????????????

Қазақ геологиясының негізін салушылардың бірі, Ұлттық ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор, аймақтық экологиялық мәселелер ғылыми орталығының директоры  Мұфтах Диаровты елге таныстырудың қажеті шамалы. Себебі, жүрегі елім, жерім деп соққан, халықтың жайма-шуақ өмір сүруіне, келешегіміз үшін, дүниеге дені сау ұрпақтың келуіне алаң болған азаматты әрбір қазақстандық білуі тиіс және есінде ұстауы қажет. Геолог болғым келеді… Қарапайым отбасында тәрбиеленген ғалым ...

Читать далее »

Кәрі жіліктің қасиеті немесе оны босағаға неге іледі?

Кәрі жілік

Салт-дәстүрге бай халқымыз ықылым заманнан бері ырым-тыйымдарға баса мән берген. Соның ішінде ас дайындап, табақ тартуда кәрі жіліктің қасиетіне ерекше маңыз қойды. «Оны жастарға жеуге болмайды» деп өзіндік орны мен тәрбиелік мәнін қалыс қалдырмады. Біз осынау пікірді естіп өскенімізбен, оның нақты себебі мен салдарына үңілдік пе? Кәрі жілікті босағаға ілудің сыры неде? Шаңырақтағы құттың иесі Осы және өзге де сауалдар ...

Читать далее »

Халықаралық суретшілер симпозиумы өтті

41335292_268459920447983_8415664958734902918_n

“Сұлулық әлемді құтқарады” деген атаумен Атырау қаласында халықаралық суретшілер симпозиумы өтті.   Оған Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы, орынбасарлары – Мейірім Қалауи, Полымбет Хасанов, мәдениет бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов қатысты. Шара барысын Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Алматы облыстық филиалының төрағасы Ермұхан Жүнісхан жүргізіп отырды. Онда әлемдік дағдарыстағы суретшілер ролі, сурет өнерінің бүгінгі беталысы ...

Читать далее »

«Рух жыры» жарыққа шықты

25

Амангелді Мырзабектің «Рух жыры» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққан туындының тұсаукесер салтанаты Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өтті. Жиынға қаламгерлер, мәдениет саласының қызметкерлері мен студенттер қатысты. Шараны жүргізген өлкетанушы Өтепберген Әлімгереевтің айтуынша, жас күнінен әдеби, саяси, әлеуметтік мәселелерге қалам тербеп, парасат майданында әбден ысылған Амангелді Кеңшілікұлының «Рух жырының» тұсаукесерінің Атырау өңірінде ...

Читать далее »

Ашық аспан астындағы қойылым

????????????????????????????????????

Есте жоқ ескі заман… Ежелгі Грекия… Ашулы толқындары аспанға атқан Эгей теңізі… Азапты махаббат пен аярлық… Осы бір алабұртқан сезімдер мен көне дүниелік аңызға жуырда Атырау жұртшылығы куә болды. Жайық жағасындағы жергілікті жұрттың көз қуанышына айналған Ретро саябақта өнердің өлмес туындысы қойылды. Сахналаған – Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры. Еврипидтің «Медея» трагедиясын ашық аспан астында сахналау идеясы өте ұтымды ...

Читать далее »

Бата беру: оның мәнін қалай түсініп жүрміз?

BATA-620x330

Қазақ – өнегелі өсиеттері қалған айтулы абыздар мен әділ билігімен есімдері елінің есінде сақталған Төле, Қазыбек, Әйтеке билер сынды тарихи тұлғалардың баға жетпес баталарымен сусындап өскен халық. Сондықтан, ұлтымызды батасыз дей алмаймыз. Батаны жұртымыз қасиетті қариядан, абыз ағадан, өнегесі мол үлкеннен күткен. Десек те, бүгінде батаның «бағын» байлап, сылдыр сөзбен қайыратындар бар. Қасиетті сөздің қадірін кетіріп, тілек пен батаны шатастырып ...

Читать далее »

Атырауда Құрметті профессор Таумыш Жұмағалиевті еске алды

WhatsApp Image 2018-09-24 at 16.16.40

Атырауда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрметті профессор Таумыш Жұмағалиевтің 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Республикалық деңгейде өткен ғылыми конференцияға  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков қатысты. Қатысушылар Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ...

Читать далее »

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

Кездесу

«Тіл – әрбір елдің жаны» деген сөз тегін айтылмаса керек. Елімізде қанша ұлт өмір сүрсе, олардың сонша тілі бар. Сондықтан, 130-дан астам ұлт пен ұлыс өмір сүретін елімізде тілдер мерекесінің маңызы жоғары. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда өткен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты шара барысында бұл жайында жан-жақты айтылды. ...

Читать далее »

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

????????????????????????????????????

Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы сәрсенбіде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жалғасты. Мұнда «Назарбаев моделі: стратегиялық болжам және прагматизм» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Әлем таныған Көшбасшы Алдымен, Мемлекет басшысының жеке кітапханасының жинақтарынан «Әлем таныған Елбасы» бейнелі кітап көрмесінің ашылуы өтті. «Елбасы және тәуелсіздік», «Халық және Елбасы», «Әлем таныған Елбасы» атты үш бөлімнен тұратын көрмеде ...

Читать далее »