Руханият

АТЫРАУДЫҢ БҰЛБҰЛЫ

Әнші, актриса, композитор Гүлмайдан Сүндетова – қазақтың талантты да қайсар қыздарының бірі. Ол 1958 жылы қыркүйектің 7-сі күні Атырау облысының Исатай ауданындағы Жанбай ауылында дүниеге келген. Тұлымшағы желбіреген бала күнінен ән мен күйге сусар болған кішкене қыздың үніне тыңдаған жан қайран қалатын.

Читать далее »

МҮГЕДЕК МАҢДАЙШАЛАР, ЖАРЫМЖАН ЖАРНАМАЛАР

саңырауқұлақтай қаптап барады. Неге бұлай?

«Бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады, ал қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылады» деп, «Тіл туралы» Заңда анық атап көрсетілсе де, Атыраудағы бірқатар коммерциялық құрылымдардың қожайындары аталмыш заңдылықты белден басып жүр. Олай дейтініміз, бизнесмендер маңдайша мен жарнама жазуларын ең алдымен шет тілінде жазып, содан кейін ғана мемлекеттік тілде келтірсе, кейбір кәсіпкерлердің маңдайшаны қазақ тілінде жазуды қажет деп таппайтыны ащы да болса шындық.

Читать далее »

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

Оның көз ашқандағы көргені мұнай мұнаралары, жер майын сору качалкалары, олардың басы-қасында жүрген адамдар болғандықтан ба, өзі де осы мамандықты қалады, сонымен көгеріп, биіктерден көрінді.  Қатардағы инженерден Қазақстан сынды алып елдің Премьер-министріне дейін өсті. Қайда жүрсе де еңбек адамдары, жеті қат жер астынан май суырған мұнайшыларға қызмет көрсетуді естен шығармады. Тіпті, өмірінің соңында өзі қатты ауырып,  төсек тартып жатса да қазірде аталған саланың басы-қасында жүрген шәкірттері мен сыйлас, сырлас інілерін анау Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент, Мәскеуден Атыраудағы үйіне шақырып, өзінің кейбір ой-пікірлерін айтты, ақыл-кеңестерін берді. Тапсырмаларын нақтылады. Келешекке деген үмітін арттырды, мерейлі межелер белгіледі.

Читать далее »

ӘКЕ САЛҒАН СОҚПАҚПЕН

Марқұм Өтеп Балғымбайұлы қазақ мұнайының дамуында өзіндік ізін қалдырған, талай іргелі істерді атқарған азамат еді. Оның ұлы Нұрлан да әке соқпағымен талай биікті бағындырды. Елбасы республика үшін қиын кезде үлкен сенім артып, Үкімет тізгінін де ұстатты. Мемлекет басшысының таңдауы кез келгенге түспейтіні де белгілі.

Читать далее »

«АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА»

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына – 170 жыл. Ұлы ақынның шығармашылығына арналған шаралар еліміздің әр түкпірінде өткізілуде. Атырауда да атаулы күнге орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты ақынның шығармашылығын насихаттауға арналған Абай оқулары ұйымдастырылды. Бұл жолғы байқау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткізілді. Облыстық білім беру басқармасының қолдауымен Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі  ұйымдастырған байқауда он екі үміткер бақ сынады. 

Читать далее »

ОЛ МҰНАЙДЫ, МҰНАЙ ЕЛДІ КӨТЕРДІ

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың ел өмірінде қалдырған ізі айшықты. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, т.б. ірі лауазымды қызметтерді атқарғанда ол төңірегіне талантты мамандарды жинай білді. Солардың бірі – онымен ширек ғасырға жуық бірге қызмет атқарған, «ҚМГ Салынатын кәсіпорындар дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары Ғалиаусат Қайырбекұлы Кешубаев. Біз жақында онымен хабарласып, ірі тұлға туралы естеліктерімен бөлісуді сұрағанбыз.

Читать далее »

БОЛАШАҚҚА – БАЙЫПТЫ БАҒДАР

Оңтайлы тілдік орта қалыптастыру, қазақ тілінің қоғамды біріктіруші күш ретіндегі рөлін арттыру бүгінде Қазақстанның ішкі дамуының басымдылықтарының біріне айналып отыр. Қай жұмыс та нәтижелі болуы үшін жоспарлы жүргізілуі тиіс. Бүгінде облыстың жергілікті басқару жүйесінде мемлекеттік тіл толық көлемде қолданылып отыр. Құжат алмасу – толықтай мемлекеттік тілде.  Атырау облысы республикада алғашқылардың бірі болып, 2002 жылы іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіргенін, жергілікті басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілердің барлығы дерлік қазақ тілін жетік білетіндігін де айтқан жөн.

Читать далее »

БАҒДАРЛАМА КӨПКЕ ОРТАҚ

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолдаудың   мемлекеттік  бағдарламасының негізінде осыдан бірер жыл бұрын «Алтын кілт» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі  балаларды ерте жастан көптілділікке үйрету» бағдарламасының жобасы дайындалған болатын. Бүлдіршіндерді қоғам талабына сай үш тілді меңгеруге үйрету мақсатында қолға алынған жобада бала тілін ойындар арқылы дамытуға, мемлекеттік тілмен қатар, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге жағдай жасауға, сөйтіп, үш тілде тәрбие беруге басымдық берілуде.

Читать далее »

ОЛ БИІКТІК ҮШІН ЖАРАЛҒАН-ДЫ

Сонау 1968 жылдың қыркүйегі әлі есімде. Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетіндегі қатар топқа жаңа студент келді. Сұңғақ бойлы, сымдай тартылған сымбатты, өзін сенімді ұстайтын жігіт  қыздардың көзіне бірден түсті. Біздің ғана емес, өзге факультеттің бойжеткендері де назар аудара бастады. Бұл – біздің курстасымыз Нұрберген Балғымбаевтың туған ағасы Нұрлан екен.

Читать далее »

МАНДОКИДЫҢ МОЛ МҰРАСЫ

Қоңыр Иштван – кемеңгер ғалым,  түркі халықтары мен мажарстанның арасындағы  алтын көпір болып, бірнеше елдің тілін, фольклорын, топонимдерін, көне түркі өнері ескерткіштерін зерттеген еді. Оның бұл еңбектерін ғылым саласына қосылған өлшеусіз үлес деп есептеуіміз керек.

Читать далее »