«Құм жазуы»

Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, ЮНЕСКО алтын медалінің иегері Табылды Мұқатовтың 70 жылдық мерейтойына арналған жеке шығармашылық көрмесі осылай аталды. Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру, бейнелеу өнерінде өз қолтаңбасын қалдырған танымал суретшінің шығармашылық жұмыстарын көрермендерге таныстыру, қылқалам шеберінің өнерін насихаттау мақсатында өткен […]

Continue Reading

Ұлттық мақтаныш

1992 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Әнұран қабылданып, бұл Тәуелсіздік алғаннан кейiн алты ай iшiнде мақұлданды. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу және құрметтеу – болашақ ұрпаққа даруы тиіс дәстүр. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 26 жыл толуына орай салтанатты шара кеше Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өтті. Оған облыс пен қала басшылығы, департаменттер мен басқармалар, […]

Continue Reading

“Мерейлі отбасы” байқауының үздіктері анықталды

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің марапаттау салтанаты өтті. Бүгінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын еліміздің барлық аймағында өткізу дәстүрге айналған. Байқаудың басты мақсаты – қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттап, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отбасы құндылықтарын жаңғырту болып табылады. Осы орайда конкурстың қалалық комиссиясының қарауына 11 өтініш […]

Continue Reading

«Менімен қазақша сөйлес» акциясы басталды

«Нұр Отан» партиясы «Менімен қазақша сөйлес» партиялық акциясын бастады. Партияның әлеуметтік желілердегі парақшасында рухани жаңғыру мемлекеттік тіл мәртебесінен басталуы керектігі жазылған. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, насихаттау және қолданыс аясын кеңейту бәрімізге ортақ міндет. «Бүгіннен бастап күнделікті өмірде отбасымызда бір-бірімізбен, балаларымызбен, айналамыздағы жандармен мүмкіндігінше қазақша сөйлесуге тырысайық. Жұмысымызда, қоғамдық орындарда, көліктерде қазақ тілін кеңінен пайдаланайық. Өзгелердің […]

Continue Reading

Саламат Сабыр: «Мәдениет пен өнер – егіз ұғым»

Мәдениет пен өнерге айрықша көңіл бөліп, өрлету – өркениетті елдердің басты ұстанымы. Осы бағытта атадан балаға мирас болып келе жатқан мәдениетіміздің өлкеміздегі бүгінгі беталысы қандай? Алдағы уақытта өнер мен руханият салаларында қандай өзгерістер орын алмақ? Осы және өзге де сауалдар аясында сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  басшысы Саламат Сабырмен […]

Continue Reading

Есіңде ме сол бір кез?

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 35 жыл бұрынғы түлектердің кездесуі өтті. Университеттің тарих-филология факультетін 1983 жылы тарих мамандығы бойынша бітірген түлектер алдымен Халел Досмұхамедұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ұстаздың рухына тағзым етті. Оқу ғимараттарын аралап, университет музейін тамашалады. Одан кейін бір кездері өздерінің кураторы болған тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Жеңісбек Мұстафиннің мерейлі 70 жасқа […]

Continue Reading