Ұшқан ата жайлы үш дерек

Атырау – қасиет  қонған, киелі жерлерге  бай  өлке. Мәселен, республикалық деңгейдегі  –  Ұшқан  Ата,  Сарайшық  қаласының орны,  Ақмешіт (Ақмешіт-Бекет) және Махамбет батырдың жерленген жері сынды тарихи, мәдени ескерткіштердің өлке тарихы үшін орны бөлек. Ұшқан (Ұшқан Ата) – Жылыой ауданы аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіш, ертедегі қалашықтың орны, зираттар қорымы, бейіттер кешені (некрополь). Аудан орталығы – Құлсары […]

Continue Reading

Шалғайда Шернияздың мазары тұр

Қазыналы Атырау – тарихи және мәдени ескерткіштерге бай өңір. Солардың бірі – сөзге шешен, от ауызды, орақ тілді ақын Шернияз Жарылғасұлының мазары. Жергілікті маңызы бар тарихи орын туралы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы басшысының орынбасары Фархад Байдәулетовтен толығырақ білген болатынбыз. Мазар қасиетті Қызылқоға ауданы, Жантерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 […]

Continue Reading

Қасиетті нысандар жылнамасы

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстанның жалпы ұлттық маңызы бар қасиетті нысандары» және «Қазақстанның өңірлік маңызы бар қасиетті нысандары» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының бөлім басшысы А.Екімбаева мен жергілікті өлкетанушылар қатысып, бұл жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыруға бағытталғанын айтты. Музейдің экспозициялық […]

Continue Reading

Атырауда талантты бард Табыл Досымовтың ұлы Абыл Аяштың ән кеші өтті

Пәлсапашылардың көзқарасына сүйенер болсақ, адам ғұмыры дегеніңіздің өзі қатып қалған қағидалардың тізбегінен немесе шешімі белгілі аксиомалардан тұрмайтын көрінеді… О баста пешенеңе жазған жарық жалғандағы көрерің біреулерге аш ішектей шұбатылған, таусыла қоймайтын мағынасыз күндер керуені болса, енді біреулер үшін кірпік қаққанша өтіп кетер жарықтың жылдамдығындай жарқыл ғана… Мұқағали шайыр айтпақшы, «Өмір дегенің бір күндік сәуле екен […]

Continue Reading

Айгүл Үлкенбаева: «Қазақтың домбырасына теңесетін дүние жоқ»

Балабақшада естіген әуенін домбыраға салып ойнауға талпынатын бүлдіршін, кейін мектеп қабырғасында «апалы-сіңлілі Үлкенбаевалар» болып домбыра тартатын. Араға онжылдықтар салып, сол Үлкенбаевалардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші Айгүл Нариманқызы дәстүрлі орындаушылардың арасында алғашқы болып Республика Сарайында жеке концертін берген-ді. Бұл 2002 жыл еді. «Айгүл Үлкенбаева – қазіргі әуен сүйетін әлем тегіс танып, тегіс тамсанатын ғажайып […]

Continue Reading

«Жайықтың жауһар жәдігерлері»

Астананың 20 жылдығына орай еліміздің Ұлттық академиялық кітапханада өткен көрме осылай деп аталды. Бұл Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорындағы туындыларды насихаттап, рухани құндылықты жаңғыртып, астаналықтарға мәдени демалыс сыйлауға бағытталған мәнді шара болды. Музей өкілдерінің хабарлауынша, атыраулықтардың елордалықтарға тартуы ретінде ұсынылған көрмеде КСРО Суретшілер Одағының мүшелері Ш.Сариевтің, Ж.Шарденовтің, С.Мәмбеевтің, М.Кенбаевтың және […]

Continue Reading