Руханият

«ӨТКЕНДІ БАҒАЛАП, КЕЛЕШЕКТІ САРАЛАУ ҚАЖЕТ»

 

Биыл – ерекше жыл. Себебі, еліміз тәуелсіздіктің ширек ғасырлық кезеңіне келіп тұр. Тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудан бері төртінші дағдарысты бастан кешіріп отырған еліміз талай сындардан өтті. Дербес мемлекет ретінде қалыптасып, ішкі және сыртқы саясаттағы өз ұстанымын айқындады.

Тәуелсіздік тақырыбы – өз алдына үлкен толғау. Жетістіктерімізді де, кемшіліктерімізді де саралайтын кезең осы. Атаулы датаға орай ашылып отырған арнайы айдарымыз мемлекет және қоғам қайраткері Алдан Смайылмен әңгімемен басталып отыр. Жаңа айдар үлкен талқылау алаңына айналады деп сенеміз.

Читать далее »

ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ БЕРІК БОЛҒАЙ!

Біз бүгінгідей балабақшаның, мектептегі тегін тамақтың не екенін білмесек те, білім алуға жанымыз құмар еді. «Біз де осы ұстаздарымыздай болсақ, шіркін, бала оқытып, білім, ғылыммен сусындарын қандырсақ» деп армандадық.

Читать далее »

«ЖҰЛДЫЗДЫ ЖҰМЕКЕННІҢ» ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Өзінің көзі тірісінде-ақ өлеңдерінің өзгеге оңай ашылмайтын тылсым құпиясымен «жұмбақ ақын» атанған Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған зерттеу еңбек - «Жұлдызды Жұмекен» (жалғыздық философиясы) деп аталыпты. Авторы – исі қазаққа есімі мәшһүр философ, жазушы Ғарифолла Есім. «Моласындай бақсының Жалғыз қалдым – тап шыным» деп күңіренген Абайдың өлеңін эпиграф етіп алған осынау үлкен еңбек оқыған жанға үлкен ой салары кәміл.

Читать далее »

БАЛАБАҚШАҒА ДЕГЕН СҰРАНЫС

тұрғындар көңілінен шығып отыр ма?

Қай кезеңде де мемлекетіміз балаларға жақсылығын еш  аяған емес. Соның бір айғағындай, білім беру жүйесінің бастапқы сатысы болып табылатын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы Үкімет қаулысы негізінде 2020 жылға дейін ұзартылды.

Читать далее »

ӘЛЕМДІ МЕЙІРІМ ТЕРБЕТЕДІ

Жуырда Атырау қаласындағы С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебінде дәстүрлі  «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік өтті. Айта кету керек, бұл онкүндік мектебімізде жыл сайын жалпы педагогикалық ұжыммен, пәндік бірлестік пен оқу-тәрбие бөлімдерінің қатысуымен ұйымдастырылып келеді. Ал, биылғы оқу жылында аталмыш шара «Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбымен өтті.

Читать далее »

ЖЕРДЕ ЖЕТІМ ЖЫЛАСА…

Дәретхананың шұңқырынан жаңа туған шақалақтың табылғандығы туралы Құлсарыдан жеткен хабар жұртшылықтың жағасын ұстатты. Бұл өткен жылдың шілде айында орын алған оқиға еді. Кіндігі кесілмеген күйінде шұңқырда жатқан баланы полиция қызметкері Амангелді Мұқашев құтқарып қалған болатын. Десек те, дәл осындай жантүршігерлік жағдай араға аз уақыт салып Жамбыл облысында да орын алды.

Читать далее »

АНАНЫ ЖОҚТАТПАҒАН АСҚАР

екі отбасының аманатынарқалап келеді

«Қалғандаймын қаралы бір ән тыңдап»... Осы жолдар бес бірдей баласымен жалғыз қалған Асқар Мұханғалиевтың тағдырына арналғандай. Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырдың ең қорқынышты эпизоды – сыңарынан айырылып қалу екендігін Асқардан артық түсінетіндер кемде-кем ау... 

Читать далее »

ЕРІКТІЛЕР – АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНДЕ

Индер ауданында жақында «Ардагерлерді қолдау апталығы» жарияланды. Оған «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық  жастар ресурстық орталығы, Индербор кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің ұжымы мұрындық болды.

Читать далее »