Руханият

Елбасы өмірінің жарқын белестері

Президент кітапханасы2 — копия

Бүгінгі зымырандай ұшқыр уақыттың талабына сәйкес аз жылда еліміздің саяси әрі рухани орталығына айналған Астананың ажарын ашып, мәдени өрісін кеңейткен, мерейін өсіріп, мәртебесін асқақтатқан киелі орданың бірі – Елбасының кітапханасы. Алайда, оны көру мүмкіндігіне астаналықтар мен оның қонақтары ғана ие болып келгені жасырын емес. Сондықтан, өткен жылдан бастап Елбасы кітапханасы еліміздің облыстарында «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» деген тақырыпта ҚР Тұңғыш ...

Читать далее »

Әміре туралы тың дерек

Әміре туралы тың дерек

Атақты Әміре Қашаубаевтың есімі алғаш рет Парижде әлемге танылды. Қазақтың күміс көмей әншісі, музыкант, актер ретінде даңққа бөленген дара тұлғаның өнер жолы бүгінде тың деректермен толығып отыр. Ruh.kz сайтының хабарлауынша, Әміренің өмірі жайлы бірнеше кітап жазған Жарқын Шәкәрім Мәскеу мұрағатынан тапқан деректермен бөліскен. Қазақтың күміс көмей әншісі 1925 жылы шілдеде Париждегі өткен Бүкіләлемдік сәндік көрмеде өз өнерін көрсетіп, көрермен ықыласына ...

Читать далее »

Рухани келісім – тұрақтылық кепілі

Рухани келісім – тұрақтылық кепілі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1992 жылдың қазан айында конфессиялы және гуманитарлық қоғамдық қозғалыстар өкілдерінің қатысуымен өткен тұңғыш Бүкіләлемдік рухани келісім конгресінде 18 қазан – Рухани келісім күні болып бекітілді. Содан бері бұл Қазақстандағы әлеуметтік маңызды даталардың бірі саналып, ұлт пен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні деп танылып жүр. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық мерекесі ...

Читать далее »

Ақынның туған жері – Ащысай алабы

Murat.-Suret-745x1024

Қазақтың арғы, бергі ақындары арасында өзіндік ерекшелігімен, поэтикалық қуатымен, жыр жауһарларының өміршеңдігімен дара тұрғандардың сапында, сөз жоқ, Мұрат Мөңкеұлы аталады. Өзі де: …Мен белгілі жүйрігің, Айтсам сөзді асырған. Байұлы басын қосқанда, Атағым жұртқа шашылған… деп толғағандай, Мұрат аяғы жеткен жердегі айтысқан қарсыластарының бәрін бет қаратпай жеңген, елдің арын арлап, жоғын жоқтап, мұңын айтып ұзақ толғаулар шығарған, термелермен түйдек-түйдек ой айтқан, ...

Читать далее »

Ынтымақты елге бақ қонар

Ынтымақты ел

18 қазан – «Рухани келісім күніне» орай Атырауда салтанатты шара өтті.  Онда қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, елдегі діни, рухани келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бір топ сала мамандары марапатталды. Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандардың қатарында Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев, «Жәрдем – Атырау» корпоративтік қорының директоры Ербол Жаулин, «Былина» орыс этномәдени ұйымының ...

Читать далее »

Бабалардан қалған аманат

IMG_3707(1)

Жолдау жолдарынан: «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» Елбасы Жолдауында келер жылдың «Жастар жылы» деп жарияланатыны жайында айтылды. «Елсана» руханият клубының 600-ден астам мүшесі бар болса, олар салт-дәстүр мен мәдениетімізді, ұлттық құндылықты жастардың бойына сіңіру мақсатында көптеген шаралардың ұйытқысы болып жүр. Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын тыңдаған руханият клубының ақсақалдары және ақылдастар алқасы ...

Читать далее »

Көрмеге келушілер көбейді

????????????????????????????????????

Облыс орталығындағы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ашылған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесіне келушілер саны күн санап артып келеді. Көшпелі көрмені тамашалауға келгендердің қатарында Атырау қалалық мүгедектерді сауықтыру орталығынан келген азаматтар да бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдарын, Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту ...

Читать далее »

Дендер төріндегі дүбір

Индер 5

1928 жылы құрылған Индер ауданының тоқсан жылдық мерейтойы театрландырылған қойылымнан бастау алды. – Индер ауданы – қойнауы құтқа, жері байлыққа толы үлкен аймақ. Он сегізінші ғасырдың өзінде осы елдің байлығына қызыққан зерттеушілер, соның ішінде белгілі саяхатшы, әрі академик П.Палас келіп, тұз көлін алғаш зерттеді. Тоқсан жылдың ішінде «Аманкелді», «Жамбыл», «Передовик», «Путь Ильича» совхоздарымен қатар, рудниктегі өнеркәсіп орындарында немесе әлеуметтік салада ...

Читать далее »

Құт қонған Құрманғазы

Құт қонған Құрманғазы2

Күй атасы Құрманғазы өмірге келген киелі мекен өзінің 90 жылдық торқалы тойын атап өтті. Еліміздің батыс өңіріндегі от ауызды, орақ тілді ақындар айтысымен басталған мереке қылқалам шеберлерінің шығармашылық көрмесіне жалғасып, одан әрі салтанатты шара мен аламан бәйгеге ұласты. Елдік мәселелерді жыр семсеріне алған айтыскерлерге Рахмет Иманғалиев, Қисым және Дүйсенғали Ғұмаровтар, Кәрім Қисамеденов, Өмірзақ Қажымғалиев атындағы арнайы жүлделер табысталды. Тартысты сайыста ...

Читать далее »

«Бір сөздің тасасында асылым бар…»

Екінші орын иегері – батысқазақстандық Дәулет Қуанышбайұлы

Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының Гимні авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті. Конкурстың мақсаты – Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасын халық, әсіресе, жастар арасында насихаттау, оның шығармашылығы арқылы адамгершілікке, ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Көркемсөз оқу шеберлерінің додасының тапсырмалары – бір поэзиялық және бір прозалық шығармадан үзінді ...

Читать далее »