Руханият

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ

  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары мен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары «Өлкетану» бағдарламасы аясында «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық саяхатына қатысты. Осы шара кезінде жастар XYIII-XIX ғасырларлардағы қазақтың көрнекті тұлғалары Малайсары бидің, батыр Махамбет Өтемісұлының, ақын Мұрат Мөңкеұлының кесенелеріне барды. Сапар барысында тарих ғылымдарының кандидаттары Серік Қуаныш, Қылышбай Сүндетұлы Махамбет батырдың ...

Читать далее »

Есімде менің сол жандар…

Эссе ӘРҚАЙСЫСЫ БІР-БІР ТҰЛҒА Көпір аузындағы бұрынғы редакция үйі. Ғимараттың өзі көне болғанымен, сапалы салын-ғандықтан, төбесі биік, ауасы кең болатын. Ми қайнатар шілдеде кабинеттеріміз қоңырсалқын, ал, қатты аязда ұядай жып-жылы болып тұратын. Сондай жайлы атмосферада біз әр жылдары Мұқан, Тасмағамбет, Кеңес, Арынғазы, Алпамыс, Күзембай, Бисен, Жұмабай, Марат, Құбайдолла ағайлармен жұмыстас болдық. Тасмағамбет ағайдың таусылмайтын қызықты әңгімелері, Мұқан ағаймен темір жол ...

Читать далее »

Ауыл жастарының бастамасы

  Қызылқоғалық жастар ораза ұстағандарға мешіт ауласынан ауызашар ұйымдастырып, өнегелі іс атқарып жатыр. Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талғат Базарбаевтың айтуынша, 1970-80 жылы туған миялылық азаматтар орталық мешітке киіз үй тігіп, ауызашар беруге өздері ниет білдірген. «Бір мезгілде ауызашарға кемінде 100-200 адамға дейін қатысып отырады. Тағы бір жаңалық, жергілікті таксист жігіттер ораза ұстаған адамдарды тегін тасыды. Бұл да азаматтардың ...

Читать далее »

Өлке тарихының шежірешісі

     Хисмет Бозанұлы Табылдиев – 80 жаста    Жайық бойының жайсаңы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Хисмет Бозанұлы Табылдиев 1936 жылы 8 қыркүйекте Махамбет ауданының Бесікті ауылында дүниеге келді. Оның балалық шағы Ақ Жайықтың жағасында өтті. Кішкентайынан зерделі бала өмір тауқыметін көп көрді. Балалығы ...

Читать далее »

Ауылдың түлеуі – қаржылай қолдаудан

 Ауыл шаруашылығы – кез келген мемлекеттің экономикалық өркендеуіне негіз болатын буын. Ауылдағы нарықтық құрылымдардың аяғынан тұруы, мал шаруашылығы мен егіншілікті дамыту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, несиелендіру, техника және технологиямен қамтамасыз ету – аталған саланы дамытудың бірден-бір жолы.  Біздің тілшіміз «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалының директоры Гүлзада ШАЛАҒҰЛОВАҒА жолығып, «мал өсіріп, егін саламын, басқа да өнім өндіріп, кәсіп ...

Читать далее »

Өз құқыңызды білесіз бе?

  Әрбір өндіруші немесе затты сатушы көрсеткен қызметі мен тауары үшін заң алдында жауапты. Күнделікті тіршілікте қарапайым тұтынушы ретінде қаншама рет құқымыз бұзылса да, оған аса мән бере бермейміз. Ал, сіз құқығыңызды қорғайтын арнайы заң барын білесіз бе? Біздің құқығымызды тұтынушы ретінде шектейтін әрекеттерді қалай ауыздықтауға болады? Міне, осындай мәселелер Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне орай еліміз бойынша бейне байланыс арқылы ...

Читать далее »

Астананы жырға бөлеген күн.«Әдебиет әлеміндегі әйел жүрегі» атты кешке ұласты

   Жақында Астанада «Ауыл» партиясы қолдауымен «Азаттығым — ғажап күнім» атты жыр антологиясы шыққан болатын. Осы кітаптың тұсаукесеріне еліміздегі және шетелдегі антологияға енген ақындар шақырылды. Бұл антологияға Жайық өңірінен ақын Гүлзада Ниетқалиеваның да жырлары енген еді. Аталмыш шара партия мүшелері мен өлеңдері аталмыш жинаққа енген ақындардың «1932-1933 жылдардағы аштық құрбандары рухына мәңгілік тағзым» монументіне гүл шоғын қоюымен басталды.   «Қазақ ...

Читать далее »

Қолдары жеңіл, емдері шипа…

 Денсаулықтың басты негізі – тіс. Адамның сыртқы көркі де, ішкі табиғаты да сол маржан тістерге байланысты. Осы орайда, «Облыстық стоматология» ЖШС-де ел алғысына бөленіп жүрген дәрігерлердің барын мақтан тұтамыз.    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас стоматологы, Қазақстан Ұлттық Стоматология Ассоциациясы Атырау филиалының төрағасы, «Оскар» сыйлығының иегері Бақыт Сухамбердиевтің айтуынша, мұнда негізінен білікті мамандар қызмет етеді. Олардың қатарында ҚР Денсаулық сақтау ...

Читать далее »

Сағыныш сазы

 (Эссе)   Құстың қанатындай ұшып жатқан зымыран күндер легі қаншама жақсы мен жайсаңды, ел құрметтейтін дананы, інілер іздейтін ағаны алып кетіп жатыр десеңізші! Міне, жалғыз ауыз сөзімен дүйім жұртты өзіне қарата білген, шаңырағының ғана емес, бүкіл әулеттің ұйтқысы атанған Қабижан Салықұлы ағамыз бен дастарханы жиналмаған, қашан барсаң алдыңнан жарқырап шығып, қуана қарсы алатын Сұлупия жеңгеміздің әзіз жүректерінің тоқтағанына да жыл ...

Читать далее »

Бала дәрігері

 «Ауылына қарап азаматын таны» дегендей, Халықберген Бақтиярұлы Отаралиевтің туған жері – Қызылқоға ауданының Тайсойған елді мекені. Жастайынан «адам жанының арашашысы – дәрігер болсам» деген арманы алдамапты.   Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бала дәрігері (педиатр) мамандығы бойынша бітірген ол 1986 жылы Атырау облыстық балалар ауруханасына интерн болып жұмысқа орналасты. Кейін арнайы жолдамамен Новобогат аудандық орталық ауруханасында бөлім меңгерушісі қызметін де атқарып, ...

Читать далее »