Руханият

Домбырашы Нұржан ТӘЖІКЕНОВ: «Мені танытқан – «Сағыныш» күйі»

«Мені  танытқан – «Сағыныш» күйі»

Қазақтың қоңыр домбырасын әлемге танытып жүрген талантты домбырашы Нұржан Тәжікенов туған жері Атырауға келіп, жеке концертін берді. Біз осы сәтті пайдаланып, Нұржанның өзімен сөйлесіп, алдағы жоспарларын білген едік.

Читать далее »

Құлақтан кіріп, бойды алар…

«Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер» деп дана халқымыз бекер айтпаған болар. Оған Қызылқоға топырағынан түлеп ұшқан өнер қырандарының алған асулары мен бағындырған белестері дәлел болатындай.

Читать далее »

«Хиджабты киіммен байланыстыру – қателік»

 «Тек қана мұсылмандардан тұратын ислам мемлекеті болуы керек» деген мәселені жақтайтын исламда бірде бір аят та, сүре де, хадис те жоқ. Дінді саяси құралға айналдыруға болмайды» дейді белгілі теолог, сарапшы Расим ЧЕЛИДЗЕ. Діни мәселелерге байланысты жергілікті журналистерге семинар өткізу үшін Алматыдан арнайы келген сарапшыдан хиджаб, ислам халифаты сынды тақырыптар бойынша пікірін білген едік. – Қатыгездігімен аты шыққан ДАИШ қазір «күллі ...

Читать далее »

Өзін-өзі тану – үлкен өмірді тану

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздері әлемдік тұлғалардың философиялық ойларынан бастау алатыны белгілі. Ежелгі грек ойшылы Сократ пен ізгілік педагогикасының классигі Шәкәрімнің мақсаты адамды адамгершілікке тәрбиелеу болды. Осынау ұлы ойшылдар мен кемеңгерлердің ойлары мен тұжырымдарын жүзеге асыру жолында Сара Алпысқызының басшылығымен «Өзін-өзі тану» жобасы негізінде елімізде қыруар жұмыс жүріп жатыр. Облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында «Өзін-өзі тану» ...

Читать далее »

«Ырыстың» алды айқай-шу…

 Авангардтағы 2-ші ықшамауданына қарасты бес қабатты №22 үйі алдындағы «Ырыс» мейрамханасы жанынан «Еуроспорт» букмекерлік кеңсесінің келіп орын тепкелі тұрғындардан маза кетті.   Екі жылдан бері тәулігіне 24 сағат бойына жұмыс жасап, еуропалық футбол клубтарының өзара кездесулерінің есебіне қалталарынан ақша тігіп, жанкүйер ретінде тамашалау үшін осында жиналатын адамдардың айқай-шуы мен дөрекі, былапыт сөздерін естуден шаршадық. Түнгі 23 сағаттан кейінгі тыныштығымыздың бұзылуы ...

Читать далее »

Бейнеттен көз ашпадық

 Біз Атырау қаласы «Балауса» шағын ауданында тұрамыз. «Балауса-3» көшесі сонау 2006 жылдан бері салыну үстінде. Содан бері он жылдай уақыт өтсе де, көшемізде тас жол, жарық, байланыс бөлімшесі, ең кішісі – қалдық салатын жәшіктер жоқ. Шағын ауданда қырықтың үстінде көше бар. Соған қарамастан тас жол бұрынғы көшелерге емес, жаңадан берілген көшелерге салынуда.  Аз ғана жауын жауса, далаға шығудан қаламыз. Бұл, ...

Читать далее »

Талайлар тамсанған Гурьев еді…

 Атырау қаласының 376 жылдық тарихы бар. Яғни, 1640 жылы Ярослав көпесі Гурий Назаров Сарай-шықтағы Ноғай ханына алым-салық төлеп, ұлдарымен бірге Жайық өзенінің оң жақ жағалауының сағасына ағаштан жасалған балық аулайтын үйшік салып, көшіп келеді. Содан бері көптеген балық аулайтын шаруалар келіп, тұрақтай бастаған. Атырау туралы алғашқы деректер көптеген зерттеушілердің еңбектерінде кездеседі. Сонымен, көне қала тарихы жайында зерттеушілер не дейді?   ...

Читать далее »

Ол өнердің жанашыры еді…

 Менің қолыма қалам алуыма «Атырау» газетінің 16 наурыз күнгі №21 санында ғалым, профессор Қадыр Жүсіптің «Атырауды жерұйық санайтын» деген тақырыпта жарияланған еліміздің көрнекті мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасынов туралы мақаласы себеп болды.  Сонау елуінші жылдардың аяғында өнерге қанат қаққан жастардың бірі ретінде мен ҚазССР-ның 40 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған көркемөнерпаздардың аудандық байқауынан озып шығып, облыстық сайысқа жолдама алдым. Бұл өнер байқауында ...

Читать далее »

Тайсойғанға тұңғыш рет әкім келді…

  Қызылқоға ауданы – облыстың ең шалғай ауданы, жолы ауырлау. Содан болар, ауданның аты аталса кейбіреулер ат-тонын ала қашады. Ал, маусымның ортасында жұмыс сапарымен ауданға келген облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қызылқоға өңірі жөніндегі көпшіліктің пікірін өзгерткендей болды.   Бұл жерде де егін егіп, өндіріс ашуға болатынын көзімен көрді. Айта кету керек, соңғы 10-15 жыл көлемінде облыс басшысының ауыл-селоларды көлікпен ...

Читать далее »

Арқасүйері жоқ ана қатты қиындықты бастан кешіп отыр

 Соңғы жылдары біздің облысымызда қатты нөсерден үйлері жарамсыздыққа ұшырап, зардап шегіп жүрген отбасылар аз емес. Сондай жанның бірі – Сәлима Барақова. Ол Атырау қаласындағы Сағыз көшесінде тұрады. Саулығы кем – қаназдық, қан қысымы, полиартрит – буын ауруларына шалдыққан. Осы дерттердің салдарынан ол екінші топ мүгедегі, жүріп-тұруы қиын, есту қабілеті де төмен.   Индер ауданында туып-өскен Сәлима бала күнінен ауырады екен. ...

Читать далее »