Көңілдерге шуақ шашқан кездесу

«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» музыка колледжінде ақын, аудармашы, драматург, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершумен кездесу өтті. Шараға Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Камила Жапалова, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Гүлмаржан Махамбет қатысты. Жиында Маржан Ершудың қазақ және түрік тілдерінде шыққан «Дина» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. – Бүгін біздің оқу орнында маңызды шара өтуде. […]

Continue Reading

Меңдекештің Рузиясы

«…Қара нөсер құяды мүлдем бұзық, Қыр төсінде қураған гүлдерді үзіп. Қайтқан құстың ілесіп қанатына Кете барған секілді күндер қызық. Май тоңғысыз жоқ жаздың мақпал түні, Байланып- ақ қалыпты бақтар тілі. Көшелердің күлкісі күрт тиылып Көрінбейді қыздардың ақ балтыры» Бұл Меңдекештің «Күзгі көңілсіздік» атты өлеңінен үзінді. Өлеңде күз келбетінің көрінісі, табиғат пен адам арасындағы байланысы әдемі […]

Continue Reading

Ақ жаулықтың қадірін біліп жүрміз бе?

Жексенбілік демалыста бір әулеттің марқұм болған үлкендеріне дұға бағыштап, Құран оқуға жиналған сәт. Үй иесінің алыс-жақыннан ат арытып келген ағайын-туыстарының ортасында бірер әйел бастарына тағар орамал іздеп, әрі-бері жүгіріп сандалуда. Бірі қолға түскенін тарта салса, енді бірі сулықты басына жаба салды. Сондай-ақ, лезде жас шамасы жиырма-жиырма бестегі қыздың  жалаңбас отырғанын көзім шалды. Төрде Құран оқуға […]

Continue Reading

Қойнауына қазына, тасына тарих тұнған…

Өткен апта соңында «Атырау-Ақпарат» медиа  серіктестігінің ұйытқы болуымен басталған «Ұлтқа – мұра, ұрпаққа – рух!» атты тарихи-танымдық экспедициясының сапары одан әрі Индер, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарындағы киелі орындар мен көне қорымдарға мінәжат етіп, тарихына тереңірек үңілумен жалғасты. «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Баязи Әбдешев бастаған делегацияны Индер ауданы әкімі Серік Арыстан Жарсуат ауылдық […]

Continue Reading

Дихан Қамзабекұлы: «Алаш идеясының негізі – ел мен жер тұтастығы»

– Дихан Қамзабекұлы, сізді барша қазақ алаштанушы ретінде таниды. Алаш зиялылары ұстанған идеяның мәні неде? – Еліміздің Ұлттық ғылым академиясында жұмыс істеп, қазақтың ғылымын өркендетуге айрықша үлес қосқан көрнекті тұлға, академик Рахманқұл Бердібайдан тәлім алу бұйырды. Ол кісі басқарған Алматыдағы М.Әуезов музейі жанындағы Халық университеті тәуелсіздік атмосферасының негізін қалағанын жұрт жақсы біледі. Кейін Рахаң елшілдік, […]

Continue Reading

Қазақ елінің жылнамасын жазған

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның  Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық» трилогиясының тұсаукесері өтті. Теңіз жағасында қанатын қатайтқан жазушының 1963 жылы жарық көрген «Дауылда» атты тырнақалды әңгімесінен бастап «Еділ-Жайық» трилогиясына дейінгі барлық шығармалары теңіз тақырыбына арналып келді. Тіпті, жазушының қазақ әдебиетінде, өз қа­лам­дастары арасында «те­ңіз жыршысы» атанып кеткендігі сондықтан. «Атырау» дилогиясы […]

Continue Reading