ЕҢ ҮЗДІК ДЕПОЗИТ АРМАНЫҢДЫ ІСКЕ АСЫРАДЫ

Әр адамның өмірінде «ақшаны босқа жұмсамай, жинауға уақыт келді» деген түсінік сәті соғатын кез болады! Бірақ ең ыңғайлы әрі пайдалы депозитті, ақшаны сенім артып табыстауға болатын банкті қалай таңдауға болады? Біраз шыдамды әрі зейінді болып едім – жинақылар үшін ең жақсы депозит табыла қалды!

 

Continue Reading

«Тау қозғалса да, тарих қозғалмайды»

ddgfdgdfgСарайшықтың мұражайына кірсеңіз, сізді осы сөз қарсы алып, шығарып салады. Туған тарихымыз туралы ойға батсаңыз, сізді осы сөз жігерлендіреді. Бұл сөз – Елбасымыздың сөзі.

…Сар даланың сағымы да салқын тартқан қарақоңыр күзі. Ағынды Жайық, Ақ Жайық арыншыл атының басын іркіп, өзен бетіндегі өліара шақтағы өрекпіген толқындар өзегін басып, өрісін тұсап, батыстан жөңкіген кіршең бұлттар кірбіңі басым алабауыр аспанға өрмегін жайып жонданып, қанатын керіп қомданып, қабағын түйіп долданып келе жатады.

Continue Reading

«ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ, АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР»

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы залына жиналғандар аталмыш тақырыпта пікір алмасты. Белгілі ғалымдар, оқу орындарының оқытушылары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен жастар арасындағы әңгіме Алаш қозғалысының, Алаш қайраткерлерінің идеяларын тарату, зерттелу мен бүгінгі күнде іске асырудың маңызы және Елбасының халыққа жолдаған Жолдауы турасында өрбіді. Тарихтан тағылымды сыр шертер шарада, сондай-ақ, көрші Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылары да болды. 
Алдымен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықов шараның Алаш қозғалысы идеяларының ХХІ ғасырда да өзектілігіне көз жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отырғанын айтып, конференцияның маңыздылығына тоқталды.

Continue Reading

Құм Нарынның құндағында

8-92«МЫҢ ЕСТІГЕННЕН БІР КӨРГЕН АРТЫҚ». НАРЫН ҚҰМЫ ТӨСІНДЕ ИСАТАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ АУЫЛ БАР. ОНЫҢ БҮГІНГІ ТЫНЫС-ТІРЛІГІ «АТЫРАУ» ГАЗЕТІНІҢ «АТАМЕКЕН» АТТЫ ЭКСПЕДИЦИЯСЫН ОСЫ ЖЕРДЕН БАСТАУҒА ТҮРТКІ БОЛДЫ. 
БҰЛ АУЫЛДА МЫҢ ЖАРЫМНАН АСТАМ ТҰРҒЫН БАР ЕКЕН. РАС, ХАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТАБЫС КӨЗІ ТЕМІРЖОЛДАН ТАБЫЛЫП ОТЫР.
БОЛАТ ЖОЛДЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ТЫНЫСЫ, ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС-АХУАЛЫ МЕН БОЛАШАҚҚА БАҒДАРЛАРЫ ЖАЙЛЫ БІЛУГЕ АСЫҚТЫҚ.

Continue Reading

АРДАГЕРЛЕР ӘРДАЙЫМ САПТА

Қиын-қыстау кезеңдерде ел үшін, елдің келешегі, бүгінгі ұрпақтың бақытты болашағы үшін аянбай тер төккен соғыс және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұрпақ еш уақытта ұмытпайды. Бұл орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ардагерлер ұйымының» құрылғанына 25 жыл толу мерейтойлық датасына орай өткен салтанатты жиында «Қоғам Сіздердің алдарыңызда қарыздар. Мемлекет қарт адамдардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін алдағы уақытта да мүмкін болғанның бәрін де жасай береді» деген еді. Осы сөздердің заңды жалғасы іспетті облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Мақатта көшпелі семинар болып өтті.

Continue Reading

ӘР ҚҰЖАТТА – АДАМ ТАҒДЫРЫ

Таяуда облыстық мемлекеттік мұрағаттың жеке тектілік қоры облысымыздың әлеуметтік, мәдени дамуына зор үлес қосқан бірнеше белгілі азаматтың құжаттарымен толықты. Солардың бірі – өлкеміздің мәдениеті мен өнерін дамытуда айшықты орны бар тұлға, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Құрманғали Доғалақов Ысқақұлы. 

Continue Reading