Руханият

Зерделіден – зерлі сөз

Мақат ауданына қарасты Доссордағы мәдениет үйінде ұрпақтар сабақтастығын арттыру, ұлттық өнеге, салт-дәстүрлер мен адами құндылықтарды дәріптеу мақсатында тағылымы мол кеш өтті. Кештің қонағы – Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының келіні, этнограф-жазушы, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күре тамыр» кітаптарының авторы Зейнеп Ахметова. «Ата аманаты» атты кездесу кешіне халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас директоры, ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, Мақат пен ...

Читать далее »

Сахнада – «Жан пида»

Балықшыдағы облыстық халық шығармашылығы орталығында Жастар театры көрермендеріне өзінің жаңа қойылымын ұсынды. Бұл – аты әлемге әйгілі, аңыз адамға айналған заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың атақты «Жан пида» романының желісі бойынша жазылған драмалық спектаклі. Сахналық нұсқасының авторы әрі қоюшы режиссері  Мұханғали Томанов, суретшісі Бақытгүл Әділғалиева, биін қоюшы Анар Есенғалиева, көркемдік жетекшісі Гүлнұр Қайырлиева. Адамзаттың Айтматовы атанған қаламгердің бұл шығармасында адам баласының ...

Читать далее »

Архив құжаттарына қолжетімділік артады

«Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасы отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Бүгінде Атырау қалалық мемлекеттік архиві “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында құжаттарды жинақтау, саралау және зерттеу жұмыстарына қол жеткізді. «Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет» делінген мақалада. Жалпы, «Электрондық архив» бағдарламасының ...

Читать далее »

Ұлттық дамуымызға зор қолдау

  Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ежелден ат құлағында ойнаған халқымыздың өмірі төрт түліктің бірі жылқы малымен етене, тығыз байланысты екенін айта  келіп, атқа міну мәдениеті  мен жылқы шаруашылығының жер жүзіне тарауы осы біздің Ұлы даладан бастау алғандығын тілге тиек етті. Еліміздегі тарихшыларымыздың жүргізген зерттеулері осынау қасиетті малдың адам қолына үйретілуі қазақтың сайын даласында алғаш болып қолға алынғандығын ...

Читать далее »

Ұлтты тану – ұрпаққа парыз

Ұлт тарихы… Екі-ақ ауыз сөз. Алайда, бұл сөзде талай қиындықты басынан кешкен халқымыздың сан қилы тарихы, ұрпақ болашағы үшін жанын қиған боздақтардың төгілген қаны, талайлардың орындалмай кеткен армандары жатыр. Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны деп аталатын «Ұлы даланың жеті қырын» біліп-танып өсу  ...

Читать далее »

Құнды кинолар интернетте насихатталса…

 «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласы ұлттың тарихын тереңінен зерделеуге арналуымен құнды.  Қазақтың өткенін тарихи таным-түйсік тұрғысынан зерделеуді ұсынған мақалада кино өнері мен телевизияға тарихты жоғары мәдениет тұрғысынан әкелу мәселесі орынды көтеріліп отыр. Рас, кино қашанда тәрбие құралы, басты идеологиялық механизм ролін атқарып келді. Және бұл үрдіс әзір жойылмайды. Меніңше, Елбасы көтерген Қазақстанның өркениет тарихын кинолентада көрсету мәселесін өңірлерден бастау керек. ...

Читать далее »