Руханият

БЕРЕКЕЛІ ІСТІҢ БАСТАУЫ

Елбасының биылғы халыққа Жолдауында, 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да  Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру турасында айтылған болатын. Аталмыш құжаттарда айқын көрініс тапқан бұл мәселе шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау екені анық.  

Читать далее »

ҚҰС ӨСІРУ – ҚЫРУАР ПАЙДА

Тәуелсіз еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қазыналы «қара алтынды» аймақта 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама бойынша жалпы құны 1,6 триллион теңгені құрайтын жобаларға сәйкес бес мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Читать далее »

ЖӘҢГІР ХАННЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІ

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту бастамасы тарихымызды жаңаша тұрғыда қайтадан безбендеуге жол ашты. Зиялы қауым, ғалымдарымыз тарих тереңіне, ақтаңдақтарына үңіліп, байсалды тұжырымдар жасауға кірісті. Бірақ, әлі де ел үшін елеулі еңбек сіңірген тұлғаларымызға орынды бағасын бере алмайтын тұстарымыз да баршылық.  Сондай асылдарымыздың бірі – Жәңгір Бөкейұлы. Оны мақтаушылар бар, даттаушыларымыз олардан екі есе көп. Ендеше, Жәңгір хан шын мәнінде кім? Бұл сұраққа толыққанды жауап беруге өреміз жетпес. Бірақ, қолдан келгенше тамшыдай болса да үлесімді қосуды парыз санадым.

Читать далее »

«БАР ОЙЫМ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРУ БОЛДЫ» ДЕЙДІ ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ АМАНГЕЛДІ МҰҚАШЕВ

Нәрестенің  жан  дауысы...

Шілде айының сегізі күні болатын. Полицияның жедел басқару пультіне жергілікті тұрғын үйлердің біріндегі әжетханадан жаңа туылған сәбидің табылғандығы жөнінде хабар келіп түседі. «Сол күні менің кезекшілігім еді. Шұғыл жиналып, жүріп кеттік. Оқиға Құлсары қаласының бесінші учаске деп аталатын жерінде орын алды. Барсақ, халық жиналып қалған екен. Бізге хабар берген жедел жәрдем медбикесінің қатты шошынғаны оның мең-зең болған күйінен анық көрініп тұрды. Шақалақтың жылаған дауысы әжетханадан еміс-еміс естіліп жатты. Ойланып тұруға уақыт болған жоқ. Дереу әжетхананы құлатып, балаға қарай ұмтылдым. Қайта сәби нәжістің үстіне емес, қазылған шұңқырдың топырақ үйілген шетіне қарай шалқалап түскен екен. Бала плацентадан ажырамаған күйінде жатты. Қазақта «көрер жарығы бар екен», «періштесі қақты» деп жатады ғой. Расымен де, баланы Жаратушымыздың өзі сақтады. Өйткені, шұңқырдың ішінде бірер минут қана болған менің өзім ауа жетпей, тұншығып қалдым» деді біздің арнайы іздеп барған кейіпкерімізЖылыой аудандық ішкі істер бөлімінің полиция лейтенанты, тергеуші Амангелді Мұқашев.

Читать далее »

АДАЛДЫҚТЫҢ АЛА ЖІБІН АТТАМАҒАН…

Өзге замандастары секілді ол да – соғыс ерте есейткен буынның өкілі. Әкесі Дәуреш ел шетіне жау тиген шақта Отанын басқыншылар бұғауынан азат етуге аттанған алғашқы жауынгерлер сапында еді. Шиеттей ғана екі баламен елде қалған анасы Шәкимардан мен Жұмажанды қиын-қыстау заманға қарамастан, бар тапқанын ауыздарына тоса жүріп, ер жеткізді. Жеңістің қуанышты хабары елге жеткен шат-шадыман сәтте аман-есен туған жерге табан тіреген асыл азаматы Дәурешті көргенде «осы балаларымның болашағы үшін майданнан әкелері мейлі мүгедек болса да, оралса екен» деген аналық тілегінің орындалғанын көріп, шын қуанған-ды.

Читать далее »

САҒЫНТЫП КЕТКЕН ҚОС ТАҒДЫР

Алтын бесік атамекеніміздің әр ауылы дос-жаранға сенімді серік болған, кісілігімен  аймағына көрік болған күмбір кеуде серілерінен әсте кенде болған ба? Берекелі ел көңілінің базары, Нарын жағалаған жалпақ елдің еңсесі, асқақ азаматтарының ажары бола жүріп, дүние көштің керуенімен о фәниге ерте аттанған  Марат Қалменұлының бейнесі бүгін тағы көз алдымызға оралды. Сол сері көңілді сұңқар жігіттің  аққу бейне сыңары, кешегі Қыз Жібек пен  Құртқалардан қалған сұлулықтың бір тамшысындай болған Бақытжамалдың мәлике жүзін көрмегелі де он жылдың жазы мен күзі ауыпты...

Читать далее »