БИЫЛҒЫ БАҒДАР: Сізге не ұсынамыз?

Қадірлі оқырман! Міне, Жаңа жылдың алғашқы онкүндігін де артқа тастадық. Осы сәтте өткен жылдың біз үшін – «Atyraý» газеті ұжымы үшін ерекше мерейлі бір белес, ақпарат айдынындағы шығармашылық табысты еселей түскен айрықша асу болғанын түйсінеміз. Өйткені, біз қаншама буынның талайлы тағдырларын тоғыстырған байырғы басылымның 95 жылдық торқалы тойын өткенге тағзым, болашаққа тағылым тұрғысында атап өттік. […]

Continue Reading

Cанаға сәуле шашқан

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, әсіресе, руханият пен мәдениет саласында жүрген зиялы қауым өкілдеріне де үлкен үміт ұшқынын сыйлағандай. Тарихы тамырын тереңге жайған, ежелгі түркі өркениетінің атажұртында отырған қазақ халқының жаһан алдында мақтанары көп-ақ. Басынан қилы кезең өткен ата-бабамыздың сағын сындырмаған жалғыз нәрсе – азаттыққа деген аңсау, атамекенге деген патриоттық сезім. Уақыт кеңістігіндегі […]

Continue Reading

Ұлттық құндылықтарды ұлықтау бағдары

Бұл мақала – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында  ұлт рухының ерекше салтанат құруына негіз болған жазба. Жеті санына ерекше мән беретін қазақ халқы үшін Президентіміздің мақаласы  «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталуының өзі тегін болмаса керек. Себебі, Елбасымыз тарихтың тұңғиығына терең бойлай отырып оның жеті ерекшелігіне айрықша түрде мән беріп отыр. Сонау ерте заманнан бастап […]

Continue Reading

«Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» байқауының бірінші қатысушысы

Мен 1997 жылы 25 тамызда Атырау қаласында дүниеге келдім. 2003-2014 жылдары аралығында қалалық Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектепте оқыдым. 2014-2018 жылдары аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шықтым. Қазіргі таңда аталған мамандық бойынша өзім тәрбие алған Ы.Алтынсарин атындағы мектепте шәкірттерге білім беріп, ұлағатты  ұстаздармен ұжымдас болып келемін. […]

Continue Reading

Атырауда биыл қанша ескерткіш бой көтереді?

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арнап мұнайлы өлкеде ескерткіш мүсіндер бой көтермек. Атап айтқанда, Әбу Сәрсенбаев ескертіші Алмагүл ықшамауданындағы саябаққа, Қаршыға Ахмедияров мүсіні Қазақстан қонақ үйінің және үш би ескерткіші  облыстық сот ғимаратының алдына  орнатылды. Қаңтар айының өзінде үш ескерткіш ашылады деп күтілуде. Бұл бағытта 300 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Тас мүсіндер […]

Continue Reading

«Сарқыт» республикалық акциясы басталды!

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қайырымдылық шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елордадағы Достық үйінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға арналған «Қайырымдылық керуені» шарасы аясында «Сарқыт» республикалық акциясы басталды. Шарада елордалық этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен «Аналар үйінің» балалары үшін «Тұсаукесер» және «Бесіктой» рәсімдері өткізілді. «Бүгіннен бастап Қазақстан хақы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» шарасы өз жұмысын бастады. Өткен […]

Continue Reading