Жаңғыруға бастайтын жаңа жобалар

Жақында Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Алқалы жиында еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыру үдерістері аясында партияның атқарған жұмысы қорытындыланып, оның қызметін әрі қарай жетілдіру мәселелері жан-жақты қаралды. Осыған орай, біздің тілшіміз «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевқа жолығып, жаңғыруға бағытталған жаңа […]

Continue Reading

«Мen – qazaqpyn!» – халықаралық мегажоба

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын көпшілікке насихаттау мақсатында былтыр еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен облыстық әкімдіктердің қолдауымен «Qazaqstan» ұлттық арнасы «Мen – qazaqpyn!» атты халықаралық мегажобасын өткізген болатын. Биыл бұл жоба өз жалғасын тапты. Бұл жолы аймақ аудандарынан да өнерпаздар қатысты. Телевизиялық байқауда бақ сынаған жетпіске жуық үміткердің 25-і облыстық кезеңге жолдама алып […]

Continue Reading

Жас ұрпақ тәрбиесі: ардагерлер үлесі қандай?

Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы болып өтті. Пленум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова қатысты. Онда күн тәртібіне ұсынылған бірінші мәселе бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов «Жас ұрпаққа әскери-патриоттық және рухани-ізгілік тәрбие берудегі ардагер ұйымдарының рөлі мен белсенділігін арттыру туралы» баяндама жасады. Бүгінде облыстағы барлық деңгейдегі ардагерлер кеңестері жастарға отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілікті тәрбие […]

Continue Reading

Латынға көшу – тарихи қадам

«Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру: жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің дамуы». Осындай тақырыппен Атырауда сейсенбі күні халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын ұлт алдындағы негізгі міндеттердің бірі – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін қолданысқа енгізу мәселесі талқыланған конференцияда халықаралық, республикалық деңгейдегі сарапшы-ғалымдардың пікірлері тыңдалды. Латын графикасын әлдеқайда […]

Continue Reading

Атырауда латын әліпбиіне көшуге арналған халықаралық конференция өтті

Атырауда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру: жаһандану жағдайындағы мемлекеттік тілдің дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау облысының әкімдігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен конференция жұмысына Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей елдерінен келген ғалымдар, оқытушылар […]

Continue Reading

Париж төрінде – Дина оркестрі

Биыл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі шартқа қол қойылғанына 10 жыл толып отыр. Осыған орай әлем мәдениетінің астанасы саналатын Париж қаласында Франция-Қазақстан І инвестициялық форумы өткізілді. Сена өзенінің жағалауында өткен мемлекетаралық форумға қатысқан қазақстандық құрамның ішінде Атыраудың делегациясы да болды. Екі ел арасындағы экономикалық және мәдени қатынастар тілге тиек етілген форумда атыраулық делегацияны […]

Continue Reading