Рухани жаңғыру

Бопай ханымның бір уыс топырағы туған жеріне әкелінді

Бопай ханымның бір уыс топырағы

Ең алғаш қыздар мектебін ашқандардың бірі – Әбілқайыр ханның жұбайы, ел ішінде ақылгөй дана атанып, есімі аңызға айналған Бопай ханымның мәңгілік мекенінен бір уыс топырақ оның кіндік қаны тамған туған жері – Атырауға әкелінді. Осы мақсатта «Бопай ханым ізімен» атты арнайы экспедициялық топ құрылған болатын. Оның мүшелері – игі іске демеушілік танытқан атыраулық және ақтөбелік азаматтар.

Читать далее »

Ақын Аманқос Ершуовтың «Кие» атты жаңа кітабы жарыққа шықты (ФОТО)

22384213_1481017731982844_4041443387553612981_o

Жақында есімі жырсүйер қауымға кеңінен таныс атыраулық ақын, «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері», «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Аманқос Ершуовтың жаңа жыр кітабы оқырманымен қауышты. «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубында «Ағатай» баспасынан жарық көрген туындының таныстырылымы өтті.

Читать далее »

Қ.Қайненов: «Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы жазуға да, оқуға да ыңғайлы»

ФОТО - Қ.ҚАЙНЕНОВ

Қилымғали Қайненов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: – Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жөніндегі жұмыс тобының Ақордада Мемлекет басшысының қабылдауында ұсынған нұсқасы оқуға да, жазуға да ыңғайлы. Жалпы, әліпби ауыстыратын ұлт үшін екінші нұсқа қолайлы. Өйткені, диграфпен таңбаланған әліпби үлкен сынға ұшырады емес пе?!

Читать далее »

«Жаңа әліпби жобасында қазақ тілінің үндестік заңдары ескерілген»

ФОТО - Ж.МҰХАМБЕТОВ

Жомарт Мұхамбетов, филолог: – Ақордада мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерін қабылдаған Елбасы қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартында қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстардың ескерілгенін айтуы да тегін емес.

Читать далее »

Ә.Әбішев: «Латын әліпбиіне көшу – келешек ұрпақ үшін маңызды»

ФОТО - Ә.ӘБІШЕВ

Әли Әбішев, Атырау мұнай және газ университетінің ректоры: – Біз, атыраулық оқытушылар қауымы қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасын толықтай қолдайтынымызды жеткізгіміз келеді. Қалай десек те, қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы.

Читать далее »

Артықшылығы көп әріп

20170912124701

Мен негізі 1940-шы жылдарда латын әліпбиінде оқып, білім ала бастаған жандардың бірімін.  Біз бірінші сыныпты, екінші бойдың партасындағы оқушылар үшінші сыныпты оқыды. Үшінші сыныптықтар таза латынша оқып, жазып жүрді. Біз қазіргі жазуды үйрендік. Бірақ, байқағаным, сол кездегі үлкен балаларға еліктеп латынша әріпті тез меңгеріп кеттік. Оқуға өте ыңғайлы еді. Керісінше, қазіргі жазуға (кириллицаға) үйрене алмай көп жүрдік. Сегізінші сыныпқа көшкенде ...

Читать далее »

«100 жаңа оқулық» жобасына қатысты атыраулық профессор-оқытушылар өз ұсыныс-пікірлерін жолдады

BestInvestingBooks-670x328

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын ұсынған болатын. Әлемнің үздік еңбектерін қазақ тіліне аудару мәселесін Атырау мұнай және газ университетінің оқытушылары мен студенттері де қызу қолдайтындықтарын жеткізді.

Читать далее »

Тіл тазалығының бастауы

Кайыргалиева Гульфайруз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында  қажеттіліктен туындаған мәселелерді көтерді. Оның ішінде, «қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деген Президент бастамасын қоғам қайраткерлері «рухани жаңғырудың іргетасы» деп бағалауда. Баршаға ортақ әліпби Аталған мақалада Елбасы қазақ еліндегі жазудың, оның ішінде әліпбидің қолданылуына  шолу жасаған болатын. Тарихшыларға мәлім, жазу тарихының біздің жерімізде сақтар дәуірінен дами бастағанын ...

Читать далее »

Андрей Кораблев: “Қаріптер дұрыс таңбаланса…”

Кораблев

– Қоғамдық сілкініс тудырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәні неде? – Әлемге әйгілі ойшыл Генри Фордтың «адам өзгеруін тоқтатқан кезде өледі» деген сөзі бар. Демек, біздің алдымызда халықаралық талаптарға толықтай жауап беретін жаңа мемлекет қалыптастыру міндеті тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесін қозғауының астарында осындай үлкен философиялық,  стратегиялық мән жатыр. – Айтуыңыз орынды. Латын әліпбиіне көшу – жалпыхалықтық ...

Читать далее »