Қоғам

ӨТКЕН ЖЫЛҒА ӨКПЕМІЗ ЖОҚ

Өткен жылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарыштап, әр салада атқарылған жұмыстар аз емес. Осы орайда «Ескі жыл несімен есте қалды? Жаңа жылдан не күтесіз?» деген сауалдарды көпшілікке жолдаған едік.
Махамбет аудандық ардагерлер кеңесі үшін Жылан жылы сәтті аяқталды.

Читать далее »

ҮМІТ АРҚАЛАҒАН АҚ ЖЕЛКЕН

Жылыой ауданындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп – 38 жылдық тарихы бар іргелі білім ұясы. Әр оқу жылының басында өз алдына жаңаша сапалы білім беру жолында атқарылар іс-шаралардың жоспарын жасап, мақсат-міндеттерін айқындап алатын мектеп ұжымы жыл соңында жеткен жетістіктер мен кемшіліктерді де саралап отырады.

Читать далее »

ЖАҢА ЖЫЛҒА – ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР

атыраулық энергетиктердің мерейін көтерді

Өткелі тұрған Жылан жылы талай жарқын жаңалықтардың куәсі болды. Солардың бірі – Атырау энергетикалық кешені құрылғанына жарты ғасыр толуы. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атыраулық энергетиктерге жолдаған құттықтауында «Энергетика саласы еліміздің экономикасының флагманы болып табылады. Сондықтан, аталған салада өз мамандығын жетік меңгерген, әріптестері арасында жоғары құрметке ие, білікті мамандар еңбек етеді» деуі – жұртшылыққа жарық пен жылу сыйлап отырған жайсаң жандар еңбегіне берілген лайықты баға.
Ескі жыл мен жаңа жылдың түйісер тұсында энергетиктер өздерінің төл мерекесін және тұтас өңірдің энергетикалық кешенінің құрылғанына 50 жыл толғандығын салтанатты түрде атап өтті. Жиналғандарды облыс әкімі атынан оның орынбасары Шыңғыс Мұқан құттықтады. Мұнда да энергетика саласы қызметкерлерінің еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қосып отырған сүбелі үлесі ерекше атап өтілді.

Читать далее »

Қадыр ЖҮСІП, филология ғылымдарының докторы, профессор: «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ КЕЛЕР ҰРПАҚҚА ҚАЖЕТ»

Ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп көп жылдардан бері Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде шәкірттерге дәріс оқып, ұстаздық етуде. Ұлт мүддесі, ғылым саласының дамуы, аға ұрпақтың өнегелі өмірін насихаттау жөнінде көптеген тұшымды пікірлері және орамды ойларын білдіріп келеді. Таяуда ғалыммен кездесіп, көптеген маңызды мәселелер төңірегінде сұхбаттасқан едік.

Читать далее »

ЖАҢА ЖЫЛҒА – АРЗАН АЗЫҚ-ТҮЛІК

Бұған дейін де газетімізде хабарланғанындай, Жаңа жыл қарсаңында және мереке күндерінде қала тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар, бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік тауарлары мен тағам түрлерінің қолжетімді бәспен сатылуын, сөйтіп бағаның тұрақтандырылуын қамтамасыз ету мақсатында «Тұрғындар қалашығы» мөлтек ауданындағы «Мұнайшы» спорт кешенінің аумағында және Балықшы кентіндегі «Аққу» дүкенінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

Читать далее »

ЗАҒИП ЖАНДАРДЫҢ КӨҢІЛДЕРІН КӨТЕРДІ

Атырау облыстық зағиптар қоғамының ұйымдастыруымен зағип жандарға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Аталмыш қоғам осы мереке қарсаңында зағип жандарды қамқорлықтан тыс қалдырмай тарту-таралғыларды тапсыруды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да зағиптар қоғамының төрағасы Нұрғали Алтынбеков жаңа жылдық шырша мерекесімен қоғам мүшелерін, олардың балалары мен немерелерін құттықтап, игі тілегін білдірді.

Читать далее »

АДАМНЫҢ БАҚЫТЫ – СЕНІМГЕ ИЕ БОЛУ

Қадірлі Бақтықожа Салахатдинұлы!
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көрегенділігі нәтижесінде көп ұлтты Отанымыз тарихи өлшеммен алғанда қас қағым сәт болғанымен, Тәуелсіздіктің 22 жылында бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған асыл мұраттарына қол жеткізді. Төрткүл дүниеге танылған қуатты экономикасы, орнықты саяси жүйесі, мызғымас шекарасы, ұзақ мерзімді даму стратегиясы, әлемге айтар салмақты сөзі, үлгі тұтар өнегесі бар мемлекет қалыптасты. Білік пен білім, ынтымақ пен татулық нәрімен нұрланатын жеті қазынамыз бар Мәңгілік Ел болдық. Осы жолдағы тынымсыз еңбектің қайнаған ортасында Елбасының сенімді сардары – Сіздің де үлесіңіздің бар екендігін біздер, исатайлықтар, мақтан тұтамыз.

Читать далее »

ҚҰЖАТТАРДЫҢ БӘРІ ДЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Мемлекеттік тілге салғырт қарау – өз халқыңның өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәнінде қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күннің талабы екендігі бәрімізге белгілі.

Читать далее »

СЫРТЫ БҮТІН, ІШІ ТҮТІН

құжыралар тұрғындар ренішін туғызуда
Өзін «Атырау қаласындағы «Бірінші учаске» аялдамасы төңірегіндегі Верхний өткелінің №3 үйінің тұрғынымын» деп таныстырған Гүлбану Тоғаева тозығы жеткен баспананың әлдеқашан «апатты жағдайдағы тұрғын үйлер» қатарына енгізілгенімен, «әне құлатылады, міне құлатыладымен» сиырқұйымшақтанып, шешілмей келе жатқанын редакцияға әкелген хатында ашына жазыпты. Жергілікті тиісті органдар жолдаған жауап хаттармен де танысқан соң, жыр болған үйді көруге әдейі бардық. Сөйтсек, мұнда құлағалы тұрған бір емес, үш үй бар болып шықты. Аталған Верхний өткеліндегі бірінші және үшінші үй. Сосын Баймұханов көшесіндегі елуінші үй.

Читать далее »

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің онлайн режимінде үстіміздегі жылдағы соңғы селекторлық мәжілісі өтті. Оған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысты.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, министрлер кабинетінің кезекті мәжілісінде алдымен биылғы жылы еліміз бойынша қабылданған заң жобаларына қатысты мәселе қаралды. Бұл жөнінде Әділет министрі Берік Имашев баяндады.

Читать далее »