Мәселе

Тарифтің де сұрауы бар

фото интернеттен алынды

Жанымыздың жайлылыққа үйренгені соншалық, үйде немесе кеңседе жарық, су болмай қалса, әп–сәтте не істерімізді білмей абдырап қалатынымыз рас. Жылудың өзі белгіленген мерзімнен бір күн кешіге қалса, арнайы мекемелерге хабарласып, себеп–салдарын анықтауға тырысамыз. Демек, біздің өмір сүру салтымыз табиғи ресурстарға тәуелді десек артық айтқандық емес. Тәулік бойы үздіксіз тұтынатын тіршілік «көздерін» бағалай алып жүрміз бе? Пайдаланғаннан кейін қызмет құнын уақытылы төлеп ...

Читать далее »

Балықшыда су да бар, жылу да бар!

Балықшыда2

Атырау қалалық құрылыс бөлімінің мәліметі бойынша, Балықшы ықшамауданына қарасты көп қабатты 53 үй орталық жылу жүйесіне қосылуға тиісті болатын. Аталған ықшамаудандағы кварталішілік жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту жұмыстары шеңберінде жалпы ұзындығы 8 шақырым жерүсті магистралдық құбыры жүргізілді. Жылу желілері трассасының жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрады. Қазіргі таңда ықшамауданның 47 тұрғын үйіне жылу берілді. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, Балықшыдағы үйлер жылу электр ...

Читать далее »

Номофобтар «дәуірі» немесе сана уланбасын десек…

dependenta-calculator

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-бабадан мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді көздің қарашығындай сақтау. Бұл – жас ұрпақ еншісіне бұйырған аманат. Тіпті, жарқын болашақ пен кемел келешек те «жастардың қолында» деп «ұрандататынымыз» ақиқат. Ал, кітап оқып, ой-өрісті дамытудың орнына, компьютер мен ұялы телефонға телмірген кейінгі буыннан не күтеміз? Бала кезден санамызға сіңіріп өскен тарихи мол мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін кімдер? Қоғамды технологияға жіпсіз ...

Читать далее »

Адасқандар

Адасқандар

«Сириядан келген хат». Осындай атаумен біраз бұрын интернет желісінде видеожазба тарады. Негізінен WhatsApp мессенджері арқылы телефоннан телефонға тараған видеожазбада соғыс даласында жүрген қазақ әйелі өкінішін жеткізген. «Бұл жақта ешқандай да қасиетті соғыс жоқ. Дін атын жамылып соғысып жүргендердің өзі мұсылмандар емес. Олар нәпсінің жолында күресушілер. Біз олардың жүзіне қараудан да жиіркенеміз. Кезінде адасқаным үшін қатты өкінемін. Сирияға келемін деп адаспаңдар. ...

Читать далее »

Көкейде жүрген көп сұрақ, жауабын тапсам деп едім…

????????????????????????????????????

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау қажеттігіне баса назар аударды. Сондықтан, қазір ел азаматтарының кәсіпкерліктегі үлесін арттыру міндеті туындап отыр. Осы орайда, «Атырау» газеті ұйымдастырған «қауырт желіде» оқырман тарапынан түскен сауалдарға облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов жауап берді.    Телефон арқылы қойылған сауалдар – Мен ...

Читать далее »

Темір тұлпарға темір емес тұлпар кедергі келтіруде

????????????????????????????????????

Соңғы кезде жол қозғалысына кедергі келтіретін жылқылардың көбейгендігі жөнінде көлік жүргізушілерінен жиі шағым түсуде. Аталған мәселені шешу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, жуырда облыс орталығындағы көшелерде жасыл желекті жайпап жүрген 12 жылқы айыппұл тұрағына тоғытылды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығында хабарланғандай, биыл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-ші – «Қаланы абаттандыру қағидаларын, инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою ...

Читать далее »

Ірі қара неден қырылды?

DSC04837

«Бірінші мамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сиыр малынан белгісіз ауру белгілері пайда болды. Дереу биологиялық сынама алынып, Астана қаласындағы «Ветеринария бойынша ұлттық референт орталығы» мен Алматыдағы Ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтына жіберілді. Нәтижесінде, қауіпті инфекциялық ауру табылған жоқ. Ал, облыстық ветеринарлық зертхана сараптамасына сүйенсек, сыртқы белгілеріне байланысты зат алмасу үрдісінің бұзылғаны расталып отыр. Сондықтан болу керек, жануарлар азықтанудан да қалған. Әбден әлсіреп қалған ...

Читать далее »

Атыраудың ауасын кім ластап отыр?

1445240369_oon

  Облыс әкімдігінде «Қазгидромет» Атырау филиалы және табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшыларының қатысуымен жиын өтті. Онда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ауаның ластану себебін анықтауға арнайы тапсырма берді. – Бұл буланудан емес, мұнай өнімдерінің иісі екендігі анық. Қолдарыңызда ауаны бақылайтын бүкіл құрал-жабдық бар. Бұл қашанға дейін жалғасады? Тыныс алу қиын ғой. Тұрғындардың бәрі шағымданады. Мамандарды жіберіңіздер, сынамаларды алыңыздар ...

Читать далее »

Атырау облысын ауыз сумен толық қамтуға жол ашылады

aleymet2

Ауыз су – тіршілік нәрі. Біздің аймағымызда да жерасты тұщы су қорлары аз. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда мұнайлы өңірге сапарында Ақтөбе облысының аумағындағы «Көкжиде» кен орнынан Атырау мен Маңғыстау облыстарының қажеттілігі үшін сумен жабдықтау жүйесін жобалау, салу, жерасты тұщы су қорларын қайта бағалау туралы міндет жүктеді. Осы нақты тапсырма қалай орындалуда? Біз осы сауалға жауап іздеп көргенбіз. Жайық ...

Читать далее »

Атырауда 243 өрт оқиғасы тіркелді

????????????????????????????????????

Былтыр көршілес Ресейде орын алған оқыс оқиғадан кейін аймақтағы сауда орындары өрт қауіпсіздігіне тексеріліп, біраз кемшіліктің беті ашылған еді. Соның өзінде сақтыққа салғырт қарап, төтенше жағдайлар мамандарының ескертпелеріне құлақ аспаған кәсіп иелері де болған. Олардың ісі сотқа жіберіліп, нысан қызметін тоқтатқаннан кейін ғана жағдай ретке келтірілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Жасболат Бержанов тексеріс жұмыстары әлі ...

Читать далее »