Мәселе

Ірі қара неден қырылды?

DSC04837

«Бірінші мамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сиыр малынан белгісіз ауру белгілері пайда болды. Дереу биологиялық сынама алынып, Астана қаласындағы «Ветеринария бойынша ұлттық референт орталығы» мен Алматыдағы Ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтына жіберілді. Нәтижесінде, қауіпті инфекциялық ауру табылған жоқ. Ал, облыстық ветеринарлық зертхана сараптамасына сүйенсек, сыртқы белгілеріне байланысты зат алмасу үрдісінің бұзылғаны расталып отыр. Сондықтан болу керек, жануарлар азықтанудан да қалған. Әбден әлсіреп қалған ...

Читать далее »

Атыраудың ауасын кім ластап отыр?

1445240369_oon

  Облыс әкімдігінде «Қазгидромет» Атырау филиалы және табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшыларының қатысуымен жиын өтті. Онда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ауаның ластану себебін анықтауға арнайы тапсырма берді. – Бұл буланудан емес, мұнай өнімдерінің иісі екендігі анық. Қолдарыңызда ауаны бақылайтын бүкіл құрал-жабдық бар. Бұл қашанға дейін жалғасады? Тыныс алу қиын ғой. Тұрғындардың бәрі шағымданады. Мамандарды жіберіңіздер, сынамаларды алыңыздар ...

Читать далее »

Атырау облысын ауыз сумен толық қамтуға жол ашылады

aleymet2

Ауыз су – тіршілік нәрі. Біздің аймағымызда да жерасты тұщы су қорлары аз. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда мұнайлы өңірге сапарында Ақтөбе облысының аумағындағы «Көкжиде» кен орнынан Атырау мен Маңғыстау облыстарының қажеттілігі үшін сумен жабдықтау жүйесін жобалау, салу, жерасты тұщы су қорларын қайта бағалау туралы міндет жүктеді. Осы нақты тапсырма қалай орындалуда? Біз осы сауалға жауап іздеп көргенбіз. Жайық ...

Читать далее »

Атырауда 243 өрт оқиғасы тіркелді

????????????????????????????????????

Былтыр көршілес Ресейде орын алған оқыс оқиғадан кейін аймақтағы сауда орындары өрт қауіпсіздігіне тексеріліп, біраз кемшіліктің беті ашылған еді. Соның өзінде сақтыққа салғырт қарап, төтенше жағдайлар мамандарының ескертпелеріне құлақ аспаған кәсіп иелері де болған. Олардың ісі сотқа жіберіліп, нысан қызметін тоқтатқаннан кейін ғана жағдай ретке келтірілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Жасболат Бержанов тексеріс жұмыстары әлі ...

Читать далее »

Әр зейнеткерге 150 мың теңге төленетіні рас па?

Зейнетақы

Өткен айда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына инфляцияға байланысты 150 мың теңгеден төлейді» деген ақпарат «WhatsApp» желісінде желдей ескен болатын. Аталған қор мұның жалған екенін ескертті. Қор өкілдері осындай «мәліметтердің» жиілеп кетуіне орай, бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектігін айтады. Ал, мұны таратқан адам заң жүзінде жауапқа тартылмақ. Елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс ...

Читать далее »

Мектептегі ас мәзірі сапалы, әрі нәрлі ме?

f953292594c3d826ba9a7d78ef4123dd_L

Бала денсаулығының негізгі көрсеткіші –  дұрыс тамақтану. Соның ішінде мектеп оқушыларының сабақ кезінде сапалы, әрі уақытылы тамақтануының маңызы зор. Ал, біздегі білім ордаларының ас мәзірі қандай? Асханалардың тағамдық  рационы белгіленген талапқа сай ма? Бұл мәселе жайында жуырда Парламент Сенатының Әлеуметтік–мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Депутат мектеп оқушысының тамақтануы рационалды және саламатты болуы қажеттігін ...

Читать далее »

Қоқыстың ортасында қобырап отырмыз…

413587de2000b274dbfee757ada4e741_big

Индербор кентінің шешімі қордаланып, мазаны алатын мәселесінің бірі – тазалық жайы. Әсіресе, соңғы мезгілде қоқыстар уақытында алынбай, тұрғындардың орынды ренішін туғызуда. «Қоғамдық кеңеске хабарласқан тұрғындар қоқыс жәшіктерінің мезгілінде алынбайтындығын, трактор жүргізушілері табыс табу мақсатында қызметінен тыс жұмыстармен айналысып жүретіндігін айтып шағымдануда, – деді «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық ұйымы төрағасының орынбасары Өтепберген Оразғалиев жергілікті қоғамдық кеңес отырысында. – Көптеген көшелерде қоқыстар контейнерлерге сыймай, ...

Читать далее »

Маңдайшаң қай тілде?

Маңдайшаң қай тілде

Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің өркен жайып, әр саладағы қолданысында тілдік нормалардың орындалуын, көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде жазылуын жоспарлы түрде қадағалап жүрген Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі  түсіндіру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында  кезекті акция ұйымдастырды. Акция барысында белгілі бір нысанның сыртқы маңдайша жазуы, ішкі-сыртқы көрнекілік ақпараттық тақталардың стандарттық нормаға сай орналасуы, жазылуы тексеріледі. Бұл кезекте қалалық мәдениет ...

Читать далее »

Атырауда жаңа жобаның тиімділігі айқын байқалуда

????????????????????????????????????

Елбасы Жолдауынан туындайтын іс-шаралар мен міндеттерді талқылау  мақсатымен  Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев жетекшілік еткен ақпараттық топ Атырауға  келді. Елордада қабылданған шешімдерді жергілікті жұртқа жеткізген олар облыс активімен кездесті. Содан соң аймақтағы бірнеше нысанды аралап, цифрландыру жүйесінің жүзеге асырылу жайымен танысты. Ел экономикасының драйвері саналатын мұнайлы өңір қарқынды өркендеп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған бағдарламалардың арқасында  тың бастамалар мен өміршең ...

Читать далее »

«Балықшы» ықшамауданының 2500 пәтері орталық жылу жүйесіне қосылады

WhatsApp Image 2018-10-17 at 10.50.56 (4)

Бүгінде 36 көп пәтерлі үйге жылу берілді, деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Кеше «Балықшы» ықшам ауданындағы жаңа жылу энергетикалық кешеніне Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев барды. Өңір басшысы тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексеріп, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қалалық құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша, орталық жылу жүйесіне барлығы 53 үй қосылады, мұнда 2500 ...

Читать далее »