Мәселе

Жылыой ауданында су мәселесі шешімін табады

Жергілікті билік Астрахан облысындағы су тоғанының көлемін ұлғайту арқылы Жылыой ауданы халқын сумен қамту мәселесін шешуге ниетті, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 11 маусым күні Жылыой ауданының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы мен Құлсары қаласының әкімі Шәкір Кейкин 1 ықшам аудан тұрғындарының су проблемасымен танысты. Сондай-ақ, 17-18, 19-20 нөмірлі үйлердің жоғарғы қабаттарына шығып, тұрғындардың шағымдарын тыңдады, кейбір тұрғындар су жоғарыға ...

Читать далее »

Бірлесе көтерген жүк жеңіл

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары, аталған комиссия төрайымы Нұрсәуле Сайлауова төрағалық етті. Комиссия отырысында екі мәселе қаралды. Біріншісі – 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Жылыой ауданында орындалу барысы, екіншісі — тұрғылықты жері бойынша аула және спорт клубтарының ...

Читать далее »

Атырауда мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимыл жасау мәселесі талқыланды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев жұмыс сапарымен Атырауға келді. Салалық ведомства басшысы облыс әкімдігінің қолдауымен ашылған Қазақстандағы алғашқы Азаматтық орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Орталықтың негізгі міндеті – үкіметтік емес ұйымға әдістемелік көмек көрсету және ұсынылған идеяларды қолдау. “Біз осы бағытта өңірде қандай ауқымды жұмыстар жүргізілгенін көріп отырмыз. Бізге іске асырылып жатқан жобаларды ...

Читать далее »

Жағажайлар маусымға дайын ба?

Атырауда 15 маусымда суға түсу науқаны басталады. Сонымен бірге, жазғы демалыстағы мектеп оқушылары, жастар мен ересектердің табиғат аясына шығып, демалысын өзен жағасында ұйымдастыруы да жиілейтін мезгіл. Ал, күннің ыстығынан қашып, өзен-көлдерге түсетін тұрғындардың саны артқан сайын  құтқарушылар да тынымсыз жұмыс жасайды. Себебі, көбісі рұқсат етілмеген жерлерге шомылып, түрлі қайғылы оқиғаларға тап болып жатады. «Су – тілсіз жау» десек те… Қазіргі ...

Читать далее »

Базарда жағдай мәз емес…

Тұрғындардың күнделікті сауда жасайтын орындарының бірі – мал базары. Атырау қаласында мұндай орынның үшеуі бар. Алайда, олардың бәрінде бірдей қызмет көрсету деңгейі мен мәдениеті жоғары деп айту қисынсыз шығар. Бұл – баршаны толғандыратын жайт. Сол себептен Атырау қалалық мәслихатының депутаттарымен бірге шаһардағы мал базарларын аралап, нақты жағдайға қанықтық. Алдымен, маңдай тірегеніміз – «Тума» мал базары. Басқаларынан гөрі сатып алушылар жиірек ...

Читать далее »

Алақан жайғандар неге көбейіп барады?

Жер бетіндегі мұсылман қауымның ең қасиетті айы – Оразада, неге екенін қайдам, үйді–үйдің есігін қағып, қайыр сұраушылар көбейеді. Шамасы, басқа уақытта ештеңе бермесе де, осы айда меселімізді қайтара қоймас деген үміт пен сенімнен болар. Міне, биыл да сөйтті. Даладағы айқай-шу үдеңкіреп кеткесін, кеш те болса, сыртқа шықтым. Қарасам, жанына кішкене төрт баласын ертіп алған жұпынылау қазақ отбасы екен. Түк түсінбей ...

Читать далее »