Мәселе

КОЛЛЕДЖДЕН КӘСІПОРЫНҒА ДЕЙІН…

Елбасымыздың халыққа арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауындағы мақсаттарды жүзеге  асыруда, техникалық мамандар даярлау жүйесін дамыту мақсатында Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде «Кәсіптік даярлық – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру тәсілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Читать далее »

НАН БАҒАСЫН ДА НАРЫҚ РЕТТЕЙДІ

«Біз нан мен бағаның қолайлы болуы үшін тұтынушыларды субсидиялауымыз қажет. Қазір ол қолайлы емес. Одан да біздің айлығы төмен мамандарға ақша беріп, көмектескеніміз дұрыс. Батыста осындай жағдай. Оларды ешкім бақыламайды. Нарық өзі бағаны анықтайды».

Н.НАЗАРБАЕВ.  

Читать далее »

БАЯҒЫ ЖАРТАС – БІР ЖАРТАС

Астанада «32 шілдеден» кейін «32 қазан» да бола ма?

Былтыр «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында салынып жатқан жеті түйткілді нысанмен әуре-сарсаңға түсті. Бүгінде соның алтауының мәселесі түбегейлі шешілді. Әрине, жергілікті атқару органдарының және ҚТҚЖБ жанындағы қоғамдық кеңестің араласуының арқасында. Ал, Астанадағы сақалды құрылыс алынбас қамалға айналды – пайдалануға әлі күнге дейін берілген жоқ. Айта кету керек, осы тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге 242 отбасы 2013 жылдың желтоқсан айында көшіп кіруге тиіс болатын.

Читать далее »

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ – НЫҚ ҚАДАММЕН!..

2015 жылдың тамызында Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетінiң Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылғанына бір жыл болды. Бұл мекеменiң құрылымына мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгінiң маңызды құрамдастары – салық, кеден қызметi, сондай-ақ, экономикалық тергеулер қызметі бiрiктірілген. Қайта ұйымдастырылған мемлекеттiк органның алдында қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттер қойылған болатын. Бұл мiндет «Қазақстан–2050» Стратегиясының iргелi тарма­ғынан туындайды. Ол – Қазақ­станның әлемнiң дамыған 30 елiнің қатарына кiруiн қамтамасыз ету. «100 нақты қадам» Ұлт жос­парының шеңберiнде бірқатар заңнамалық бастамалардың сегiзі кеден және салықтық әкiмшiлендіруді жақсартуға бағытталғаны бекер емес.

Читать далее »

АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ

ал, одан уланудың алдын алудың маңызы зор

Ресми дереккөздерінен алынған мәліметтерге қарағанда, 1990-2015 жылдары елімізде тамақтан уланудың 190 дерегі тіркеліп, соның салдарынан 9476 адам зардап шеккен.

Читать далее »

АТЫРАУҒА АҒАШ АУАДАЙ ҚАЖЕТ

бірақ, оны өсіріп, баптауға көңіл бөлінетін емес

Жаз басталғалы Мұнайлы астанамыздың басты көшелеріндегі жасыл желек ыстықтан кеуіп, басқа аумақтарды айтпағанда, орталық алаңдардағы суару және тазалық жұмыстары бәсеңсіп қалды. Бұл жөнінде газет оқырмандары редакцияға телефон шалып, дабыл қағуда. Келеңсіз жайтқа куә болып жүрген тұрғындарды мазалайтын бір ғана сұрақ: Жайық өзені жағасындағы шаһардың суға жарымағаны қалай? Осы мәселе бойынша біз де жергілікті жердегі жауапты мамандарға жолығып, мердігер мекеменің табалдырығын аттадық...

Читать далее »

КӘНІГІ АҢШЫЛАР АЗАЙЫП БАРАДЫ

немесе қасқырға қарсы күрес қалай жүруде?

Редакцияға келген Алпысбай Құлпейісов есімді жігіт әуесқой аңшы екен. Негізгі мамандығы мұнайшы болғанымен, көп жылдан бері қасқыр аулаумен шұғылданатын көрінеді. Өзін, әсіресе, Жылыой жақтың жұртшылығы жақсы білетіндігін айтады. Ол аң аулаудағы тәжірибесін көппен бөліскенді жөн көріпті.

Читать далее »

ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР ТЕЛІМІ

кері  қайтарылып,  аукционда  сатылады

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Елбасының өткен жылғы тамыз айындағы Жарлықтары негізінде, Жер ресурстарын басқару Агенттігі таратылуына және оның негізгі функцияларының жергілікті атқарушы органға берілуіне байланысты, облыс әкімдігінің үстіміздегі жылғы 16 қаңтардағы қаулысымен «Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылған болатын. Жаңадан құрылған бұл басқарманың алдында қандай негізгі талаптар мен басты міндеттер тұр? Меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер телімін мәжбүрлеп алып қою проблемалары төңірегіндегі мәселелерді шешуде жаңа құрылымның рөлі мен орны қандай болмақ? Осы және басқа да оқырмандарды толғандырып жүрген сауалдар төңірегінде кеңірек әңгімелеу үшін біздің тілшіміз аталмыш басқарманың басшысы Ғибрат Сүлейменов мырзаға жолығып, сұхбаттасқан болатын.

Читать далее »

СУҒА ДЕГЕН СҰРАНЫС ӨСЕ ТҮСТІ

ол  көптеген  проблемаларды  туындатып  отыр

Таяуда Атырауда Жайық-Каспий бассейндік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы басқосуда су ресурстарының тиімді де үнемді, ысырапсыз әрі артық шығынсыз пайдаланылуы мен трансшекаралық су нысандарының қорғалуы төңірегінде туындаған өзекті мәселелер ортаға салынып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Читать далее »

ЖОЛАУШЫЛАРҒА – ДИСКОНТТЫҚ КАРТА

Темір жол көлігін пайдаланушылар үшін жайлылық пен тиімділікті, қолайлылықты қамтамасыз ету «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басты ұстанымына айналып отыр. Компания енді тұрақты клиенттеріне үлкен жеңілдік беретін дисконттық карталарды енгізіп отыр.

Читать далее »