Жастар неге зұлымдық жаршысы болып жүр?

АҚШ пен Канадада кеңінен таралып, кейіннен Еуропа мен Ресейде танымал болған «Хэллоуин» мерекесі бізге де жетті. Себебі, арамызда осы айтулы күн десе, ішкен асын жерге қойып, мерекелейтін жастар көбеюде. Соңғы жылдары «Хэллоуиннің» түп-төркінін білмей жатып, атасынан қалған дәстүрдей атап өтетін болды. Өкініштісі сол, өскелең ұрпақ зұлымдық бейнесіндегі қорқынышты костюмдер киіп, небір трюктер ұйымдастыруды әдетке айналдыра […]

Continue Reading

Қоғамдық көлік неге кешігеді?

Соңғы он жылдықта Атырау қаласының аумағы ұлғайып, жаңа ықшамаудандар бой көтеруде. Бұл қалаішілік қоғамдық көлікке сұранысты арттыра түсті. Редакцияға қоңырау шалған Нұрсая ықшамауданының тұрғындары  қоғамдық көлік  жұмысына көңілдері толмайтынын айтады. Олардың айтуынша, аялдама бар, автобус жоқ.  Бұл жөнінде жергілікті тұрғындар мәселе көтергенімен, шешімі табылар емес. Жақында Нұрсаяға барып, осы жағдайды бағамдап қайттық. Аталған ықшамауданның «Самал» […]

Continue Reading

Күн тәртібінен түспейтін мәселе

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов баспасөз конференциясын өткізді. Шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жобаларды іске асыру барысының оң динамикасы байқалғаны айтылды. Қазіргі таңда департамент бұл жұмыстарды жаңа форматта жүргізу кезеңін бастады. Яғни, түсіндіру шараларымен қоса, әр саланы қамтитын […]

Continue Reading

Ажырасу – амал емес, адасу

Атырауда ажырасып жатқан жас отбасылар күрт көбейіп кетті. Оған не себеп және салдары қандай? Қоғамды алаңдатқан мәселені шешудің жолы бар ма? Біз осы тақырып төңірегінде ой сараптағанды жөн көрдік. Келісімге кедергі көп Расымен де, тіл табысып тоқтамға келе алмаған жанұялар жыл аяқталмай жатып былтырғы көрсеткіштен асып отыр. Демек, жағдай мәз емес. Атырау қалалық сотының төрағасы […]

Continue Reading

Көшеде – көлік кептелісі

Жыл санап емес, күн сайын көркейіп, гүлденген Атырау қаласы жаңарып келеді. Бауырмал балшығы мен жазында ызыңдаған масасымен есте қалған шаһар емес бүгін. Әсем ғимараттар мен бизнес нысандарды айтпағанның өзінде, тұрғындардың да әл-ауқаты мен тұрмыс сапасы айтарлықтай жақсарды. Десек те, кеңейген қала халқын алаңдататын бір мәселе бар. Бұл – автотұрақ жайы. Бұған дейін де бірнеше мәрте […]

Continue Reading

Жарнамаңыз қай тілде?

«Покупка и продажа сотовых телефонов. Духи на разлив. Снимки и съемки свадебные. Модная женская одежда. Солнцезащитные очки. Требуются мастер…» Мұның бәрі Атырау қаласындағы «Дина» сауда орталығындағы дүңгіршектердің маңдайшасындағы «менмұндалаған» жарнамалар. Өз тілімізде емес, өзге тілде сайрап тұрған бұл көрнекіліктер еліміздегі «Тіл туралы» Заңды бұзуда. Мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру мақсатында Атырау қалалық ономастикалық кеңесі аталған […]

Continue Reading