Қысқа дайынбыз ба?

«Атырау жылу-электр орталығы» мен «Атырау жылу жүйелері» акционерлік қоғамдарында 2017 жылы қандай инвестициялық бағдарламалар іске асырылды? «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ президентінің міндетін атқарушы Мақсот Әленовтің мәлімдеуінше, былтыр мұнда 72 млн. 415 мың теңгенің жұмысы орындалған. Оның 25 млн. теңгесі өндірісті ұлғайтудың төртінші кезегіндегі жылу қондырғыларын сатып алу мен монтаждауға жұмсалған. Бұл кәсіпорында отын ретінде пайдаланылатын […]

Continue Reading

Жүктелген міндет жүзеге асуымен құнды

Жақында облыстық мәслихат жанынан Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының облысымызда жүзеге асырылуын бақылау мақсатында арнайы комиссия құрылған болатын. Таяуда аталған топ Жылыой және Мақат аудандарында болып, бағдарлама аясында жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Экспортқа сай өнім – өзімізден Облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ержан Барлыбайұлы, облыстық мәслихат депутаты, бюджет, қаржы, экономика және […]

Continue Reading

Нұрболат Сарманов: «Салық төлеуге салғырт қарама!»

Қазақстанның әлемдік экономикалық даму қарқынына ілесуі салық-бюджет саясатымен тығыз байланысты. Елбасының салық саясатын оңтайландыру мен жетілдіру бағытындағы Жолдауда белгілеген тапсырмаларының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы шеңберінде қолданыстағы заңнамалық құжаттар көптеген өзгерістерге ұшырады. Жаңа кодекс салық салу саясатын өзгертіп, салық төлеушілерді қорғауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, әкімшілік қызметті жеңілдетуге бағытталды. Десек те, арамызда салық […]

Continue Reading

Талап – бәріне ортақ

Кемшіліктер анықталып, лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза қолданылғанмен, ең алдымен оны болдырмауға баса назар аудару қажет. Қарамағындағы қызметкерге дөрекелік көрсетіп, ұжымды ұйымшылдықпен басқара алмау басшыға абырой әкелмейді. Тиісінше, мамандар да өзіне жүктелген міндеттерді орындай білуі тиіс. Әдеп кеңесінің кезекті отырысында осы мәселелер баса айтылды. Заңдылықты жете білмегендіктен бе, әлде жұмысқа немқұрайлы қарағандықтан ба, аймақтағы қос […]

Continue Reading

Жайылымдық жер көбейеді

Атырау аумағында 7,6 мың гектар ауыл шаруашылығы жері игерілмей қалған. Биыл оның 5,7 мың гектары мемлекетке қайтарылып отыр. Ал, 131 жер телімі кәсіпкерлік мақсатта аукцион арқылы сатылды. Өңірде тұрғын үй салуға жер алу үшін кезекке 108 384 адам тіркелген, соның 85 пайызын Атырау қаласынан сұраушылар құрайды. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали аймақтық коммуникациялар […]

Continue Reading

«Атырау Су Арнасы»: инвестициялық бағдарламаның игілігі қандай?

«Атырау Су Арнасы» КМК былтыр қандай жұмыстар атқарды? Кәсіпорында қабылданған инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы қалай? Бұл жөнінде директордың міндетін уақытша атқарушы В.И.Сущенко баяндады. Есепті мерзімде кәсіпорындағы табыс көлемі 3 млрд. 391 млн. 054 мың теңгені, оның ішінде негізгі қызметтен 3 млрд. 245 млн. 400 мың теңгені құрады. Ал, шығындар 3 млрд. 372 млн. 680 мың […]

Continue Reading