Темір тұлпарға темір емес тұлпар кедергі келтіруде

Соңғы кезде жол қозғалысына кедергі келтіретін жылқылардың көбейгендігі жөнінде көлік жүргізушілерінен жиі шағым түсуде. Аталған мәселені шешу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, жуырда облыс орталығындағы көшелерде жасыл желекті жайпап жүрген 12 жылқы айыппұл тұрағына тоғытылды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығында хабарланғандай, биыл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-ші – «Қаланы абаттандыру қағидаларын, инфрақұрылым […]

Continue Reading

Ірі қара неден қырылды?

«Бірінші мамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сиыр малынан белгісіз ауру белгілері пайда болды. Дереу биологиялық сынама алынып, Астана қаласындағы «Ветеринария бойынша ұлттық референт орталығы» мен Алматыдағы Ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтына жіберілді. Нәтижесінде, қауіпті инфекциялық ауру табылған жоқ. Ал, облыстық ветеринарлық зертхана сараптамасына сүйенсек, сыртқы белгілеріне байланысты зат алмасу үрдісінің бұзылғаны расталып отыр. Сондықтан болу керек, жануарлар азықтанудан […]

Continue Reading

Атыраудың ауасын кім ластап отыр?

  Облыс әкімдігінде «Қазгидромет» Атырау филиалы және табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшыларының қатысуымен жиын өтті. Онда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ауаның ластану себебін анықтауға арнайы тапсырма берді. – Бұл буланудан емес, мұнай өнімдерінің иісі екендігі анық. Қолдарыңызда ауаны бақылайтын бүкіл құрал-жабдық бар. Бұл қашанға дейін жалғасады? Тыныс алу қиын ғой. Тұрғындардың бәрі […]

Continue Reading

Атырау облысын ауыз сумен толық қамтуға жол ашылады

Ауыз су – тіршілік нәрі. Біздің аймағымызда да жерасты тұщы су қорлары аз. Осыған орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда мұнайлы өңірге сапарында Ақтөбе облысының аумағындағы «Көкжиде» кен орнынан Атырау мен Маңғыстау облыстарының қажеттілігі үшін сумен жабдықтау жүйесін жобалау, салу, жерасты тұщы су қорларын қайта бағалау туралы міндет жүктеді. Осы нақты тапсырма қалай орындалуда? Біз осы […]

Continue Reading

Атырауда 243 өрт оқиғасы тіркелді

Былтыр көршілес Ресейде орын алған оқыс оқиғадан кейін аймақтағы сауда орындары өрт қауіпсіздігіне тексеріліп, біраз кемшіліктің беті ашылған еді. Соның өзінде сақтыққа салғырт қарап, төтенше жағдайлар мамандарының ескертпелеріне құлақ аспаған кәсіп иелері де болған. Олардың ісі сотқа жіберіліп, нысан қызметін тоқтатқаннан кейін ғана жағдай ретке келтірілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы, азаматтық қорғау полковнигі […]

Continue Reading

Әр зейнеткерге 150 мың теңге төленетіні рас па?

Өткен айда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларына инфляцияға байланысты 150 мың теңгеден төлейді» деген ақпарат «WhatsApp» желісінде желдей ескен болатын. Аталған қор мұның жалған екенін ескертті. Қор өкілдері осындай «мәліметтердің» жиілеп кетуіне орай, бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектігін айтады. Ал, мұны таратқан адам заң жүзінде жауапқа тартылмақ. Елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін […]

Continue Reading