Мәдениет

«Баянды бақ» болған оқиға желісінде жазылды

Махамбет атындағы қазақ драма театрында  «Серпер» сыйлығының лауреаты,  аудармашы, жазушы Мәлік Отарбаевтың «Баянды бақ» пьесасының премьерасы өтуіне байланысты баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Жаңа туындының тұсаукесеріне Алматыдан жазушы-драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз  арнайы келіп қатысты. Сондай-ақ, «Баянды бақ» қойылымының қоюшы режиссері  Мұқанғали  Томанов пен бас суретшісі Темірбек Мұхтар да журналистер сауалына жауап берді.

Читать далее »

Атырауда облыстық термешілер байқауы өтті

Қазақ халқына ғана тән өнердің көне түрі мұнайлы өлке сахнасында қайта жаңғырып, жандана түсті. Ұлттық болмысымызды танытатын облыстық термешілер байқауында жеңімпаз атанған индерлік Гүлдана Тайырова Атыраудың абыройы мен намысын республикалық сайыста қорғайтын болады. Асылын аялайтын, күмбірлеген күй мен әсем әнін, жыр-термесін қастерлейтін көрерменге онға тарта сайыскердің термесі ұсынылды.

Читать далее »

Атырауда театр күні аталып өтті

Жыл сайын 27 наурызда бүкіл әлемде Халықаралық театр күні аталып өтеді. Бұл мерекені Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театры ұжымы да биыл ерекше жағдайда қарсылады. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев қатысып, ұжымды мерекелерімен құттықтады.

Читать далее »