Атырау перинаталдық орталығында «Қасиетті домбыра» акциясы өтті (+ФОТО)

Atr.kz/10 шілде, 2019 жыл. Ұлттық аспап домбыраны ұлықтауға арналған акция облыстық перинаталдық орталықта да қолға алынды. «Қасиетті домбыра» атауымен өткен іс-шараны Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Шараға «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Жанат Доскалиева және Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын шаңырақ» облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Галина Повстянко және қалалық Аналар кеңесінің төрайымы […]

Continue Reading

Атырауда «Үкілі домбыра» республикалық байқауы өтті (+ФОТО)

Atr.kz/10 шілде, 2019 жыл. Ұлттық домбыра күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолөнер шеберлері арасында «Үкілі домбыра»  республикалық байқауы өтті.  Байқау домбыраның әуендік, әуездік жоғары мүмкіндіктерін анықтау, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан сан ғасырлық тарихы бар саз аспаптарын жасау өнерін жандандыру және насихаттау мақсатын көздеді. Жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен […]

Continue Reading

Ортеке – қазақтың этномәдени бренді

Atr.kz/8 шілде, 2019 жыл. Домбырашының он саусағынан төгілген күмбір күйге өнерпаздың алдындағы ағаш жануар билеп қоя берді. Әсем әуенге елтіген жұрт шанақтан төгілген күймен үндесе қимылдаған қуыршақтарға тәнті болуда…  Биік тау, құзар шыңдарды мекендейтін Ортеке атты жануар бар. Еркін өскен оның негізгі мекені – тау­лар. Тұрқы төрт түліктің бірі – ешкіге ұқсас болғанмен, ерекшелігі көп. Мүйіздері […]

Continue Reading

Ғасырлардан жеткен үн…

Atr.kz/8 шілде, 2019 жыл. Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – халық мұрасы» атты шеберлік сағаты өтті. Шараның мақсаты – ұлттық аспапты дәріптеу. Домбыра жасаушы шеберлермен кездесіп, осынау өнердің қыр-сырымен, өзіндік құпиясымен бөлісу. Ежелден құлағымызға ата-әже әлдиімен құйылған аңыз-әфсана бойынша ер­теде елді бір қаһарлы хан билепті. Ханның жалғыз […]

Continue Reading

Ел астанасы – Нұр-Сұлтан

Atr.kz/5 шілде, 2019 жыл. Бүгін Маxамбет атындағы қазақ академиялық драма театрында Елорда күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Айтулы мерекемен атыраулықтарды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады. – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдегі жағдайды зерделей отырып тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев астананы Есілдің жағасына көшіруді ұйғарды. Сол кезде бұған күмән келтірушілер де болғаны белгілі.Бүгін таңда тариxи шешімнің дұрыстығын […]

Continue Reading

Атырауда «Үкілі домбыра» республикалық байқауы өтеді

Atr.kz/4 шілде, 2019 жыл. Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде  ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ұлттық домбыра күніне орай домбыра аспабын жасаушы қолөнер шеберлері арасында «Үкілі домбыра» республикалық байқауы өткізіледі. Мақсат – қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі – домбыраның артықшылықтарын көрсете отыра, оның әуендік, әуездік жоғары мүмкіндіктерін анықтау. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан […]

Continue Reading