Не көріп жүрсіз?

Cанаға сәуле шашқан

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, әсіресе, руханият пен мәдениет саласында жүрген зиялы қауым өкілдеріне де үлкен үміт ұшқынын сыйлағандай. Тарихы тамырын тереңге жайған, ежелгі түркі өркениетінің атажұртында отырған қазақ халқының жаһан алдында мақтанары көп-ақ. Басынан қилы кезең өткен ата-бабамыздың сағын сындырмаған жалғыз нәрсе – азаттыққа деген аңсау, атамекенге деген патриоттық сезім. Уақыт кеңістігіндегі «Ұлы дала», «Мәңгілік ел» ұғымының ...

Читать далее »

Ұлттық құндылықтарды ұлықтау бағдары

Бұл мақала – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында  ұлт рухының ерекше салтанат құруына негіз болған жазба. Жеті санына ерекше мән беретін қазақ халқы үшін Президентіміздің мақаласы  «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталуының өзі тегін болмаса керек. Себебі, Елбасымыз тарихтың тұңғиығына терең бойлай отырып оның жеті ерекшелігіне айрықша түрде мән беріп отыр. Сонау ерте заманнан бастап қазіргі заманға дейінгі  мәдени жетістіктерімізді ...

Читать далее »

«Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» байқауының бірінші қатысушысы

Мен 1997 жылы 25 тамызда Атырау қаласында дүниеге келдім. 2003-2014 жылдары аралығында қалалық Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектепте оқыдым. 2014-2018 жылдары аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шықтым. Қазіргі таңда аталған мамандық бойынша өзім тәрбие алған Ы.Алтынсарин атындағы мектепте шәкірттерге білім беріп, ұлағатты  ұстаздармен ұжымдас болып келемін. Шашымды бала күнімнен бастап өсіріп ...

Читать далее »

Мейірімге толы мекен

Осындай тақырыпта ширек ғасырдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған әлеуметтік салаға басшылық жасайтын облыс пен қала әкімдіктерінің, денсаулық сақтау басқармасының, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру, облыстық психологиялық-медициналық консультация, балалар оңалту, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен ...

Читать далее »

«Жанымызбен көреміз, жүрегімізбен сеземіз…»

Өңірде бірінші топ мүгедектерін жұмыспен қамтып отырған бірден-бір мекеме болса, ол – Атырау қаласындағы соқырлар қоғамының өндірістік мекемесі. Оның тарихы сонау екінші дүниежүзілік, яғни, Ұлы Отан соғысы аяқталған уақыттан бастау алады. Дәлірек айтсақ, кәсіпорын 1946 жылы жұмыс істей бастаған. Алғашқы кезде мұнда майданнан жаралы болып оралған сегіз адам еңбек еткен екен. Олар балалақшалар мен ауруханаларды тұрмыстық қажеттіліктермен, соның ішінде, төсек-орындармен ...

Читать далее »

Ат қоюға атүсті қарамайық!

Жақында «Atr.kz» сайтында «Есіміңіз кім?» деген танымдық материал жарияланды. Онда балаға Алланың көркем есімін беруге болмайтыны, бұл үшін есімнің алдына «Абд» қосымшасын қою керектігі айтылған. Осыған орай, ой білдіргенді жөн көрдім. Қазір балаға беріліп жатқан есімдер қазақы қалыптан айырылып барады. Бұл туралы газет тілшілері де талай жазып жүр. Мәселен, қыздарына Тэймия, Зейна, Сафият, Шахкерім, Наира, ал, ұл туса, Абдусалам, Хан ...

Читать далее »