Дін

Шомылып шоқынуға Жайық өзенінен жеті орын белгіленді

Алдымыздағы сенбі күні христиандар үшін қасиетті саналатын шоқыну рәсімі басталады. Аймақта діни дәстүр бойынша Жайық өзеніне шомылуға жеті орын белгіленді. Осыған орай мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтап, сақ болуға шақырады. Өйткені, Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы, кезекші-диспетчер бөлімінің бастығы Нұрқуат Қарақуловтың айтуынша, ауа райына байланысты өзендегі мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден төмен. -18 қаңтар күні аталмыш орындарды жаппай шомылуға жабдықтау үшін ...

Читать далее »

БИЫЛҒЫ БАҒДАР: Сізге не ұсынамыз?

Қадірлі оқырман! Міне, Жаңа жылдың алғашқы онкүндігін де артқа тастадық. Осы сәтте өткен жылдың біз үшін – «Atyraý» газеті ұжымы үшін ерекше мерейлі бір белес, ақпарат айдынындағы шығармашылық табысты еселей түскен айрықша асу болғанын түйсінеміз. Өйткені, біз қаншама буынның талайлы тағдырларын тоғыстырған байырғы басылымның 95 жылдық торқалы тойын өткенге тағзым, болашаққа тағылым тұрғысында атап өттік. «Атырауымыздың» айбынды ғасырлық жылнамасына қадам ...

Читать далее »

Сирия аумағында жүрген 47 қазақстандық елге қайтарылды (+ВИДЕО)

Сирия аумағында жүрген 47 қазақстандық елге қайтарылды. «Бұл туралы бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты жасаған мәлімдемесі кезінде белгілі болды» деп хабарлайды akorda.kz. «Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан  47  азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды. Олар дағдарыс жайлаған ...

Читать далее »

«Рождество» мерекесі қарттар үйінде аталып өтті

    «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында «Рождество» мерекесіне орай Қарттар үйінде қайырымдылық концерті өтті. Мұнда орыс, славян, казак қауымдастығының облыстық филиалы және «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің шығармашылық топтары өз өнерлерін көрсетіп, қарттарға қуаныш сыйлады. Шара соңында мерекелік сыйлықтар табысталды. Одан әрі Ресейдің Қазақстандағы Бас консулдығының қолдауымен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында мерекелік шара жалғасын тапты. Рождестволық мерекені ...

Читать далее »

Әлеуметтік желілердегі әр жазбаңызға абай болыңыз!

Бұдан былай әлеуметтік желілердегі әр жазбаңызға абай болғаныңыз абзал. Себебі, дінаралық, нәсілдік, ұлтаралық алауыздыққа алып баратын жазба үшін жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Атырау облысы Дін істері басқармасы әлеуметтік желілерде, интернет ресурстарында дінаралық немесе ұлтаралық алауыздықты тудыратын бейнематериалдарды, аудиоөнімдер мен басқа да ақпараттық жазбаларды таратуға, жариялауға болмайтындығын ескертіп отыр. Аталған сипаттағы материалдарға өзіңізге тиесілі аккаунттар арқылы лүпіл басып, бөлісу де заң бұзушылық ...

Читать далее »

Биыл ел үшін елеулі шаралар өтпек

2019 жыл Қазақстанға үлкен жауапкершілік жүктегелі тұр. Олай дейтініміз, еліміз биыл екі бірдей әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды. Оның үстіне ұлттық санақ аясында халық санын алғаш рет онлайн есептеп шықпақ.  Үшінші халық санағы 2019 жылы Қазақстанда өтетін басты оқиға ұлттық халық санағы болмақ. Биыл билік қазақстандықтардың санын жаңа әдіспен есептегелі отыр. Халық санағына Қазақстанның барлық азаматы, соның ішінде кәмелетке ...

Читать далее »