Дін

ИМАНДЫЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ИГІ ІС

Адалдық пен ықыластың, барша ізгі амалдардың айы – қасиетті оразаға орай «Әт-тәқуа» мешітінде ауызашар берілді. 
Негізінен ауыл ақсақалдары мен ораза ұстаушы жетпіске жуық жамағат қатысқан имандылық шарасына облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы келді. Елдегі діни ахуал, мемлекеттің дінге көзқарасы жөнінде әңгімелеген ол исламның қашанда Отанды қорғауға, қадірлеуге шақыратындығын, сондықтан әр азамат елін, жерін көркейту үшін еңбек етуі керектігін баса айтты. Облыстың бас имамы Амантай Садиев мешіттердің бүгінгі жағдайы туралы баяндап, имандылық жолындағы жұмыстардың одан әрі жалғаса беретіндігін жеткізді.

Читать далее »

Ханафи мәзһабының хадис мәтіндерінен алар орны

Имам Ағзам Әбу Ханифа – Ислам әлеміндегі әйгілі төрт мәзһабтың бірі – Ханафи мәзһабының негізін салушы ғалым. Ол хижри 80 жылы Куфа қаласында дүниеге келген. Шын аты – Нұғман ибн Сәбит. Алайда, ол халық арасында «Әбу Ханифа» лақабымен танымал болған. Әбу Ханифа жас кезінде саудамен айналыса жүріп, Құран Кәрімді толық жаттаған әрі араб тілінің грамматикасы мен араб әдебиетін меңгерген. Ирак жеріндегі беделді ғұламалардан хадис тыңдап, фиқх мәселелерін үйренген. Ол өзінің зеректігімен, ақыл-ойының ұшқырлығымен, парасаттылығы және адамгершілігімен танылған. Оның ғылым жолына түсуіне әйгілі ғалым Шағби ықпал еткен. Әбу Ханифа 18 жыл бойы Ирак жерінің атақты ғалымы Хаммад ибн Әбу Сүлейменге шәкірт болып, оның дәрістеріне қатысқан.

Читать далее »

ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

imangdgdfМіне, 1434-ші яғни, 2013 жылдың қасиетті Рамазан айы келіп жетті. Жаратушы иемізге осындай берекелі күнге аман-есен жеткізгені үшін мадақ пен мақтаулар және сансыз шүкіршілік болсын!
Мүбарак Рамазан айы - мұсылман қауымның Алланың шексіз мейіріміне бөленетін үлкен мүмкіншілігі. Отыз күн ораза ұстаған мұсылмандар осы айдың берекетімен марапатталады.
Нақтырақ айтсақ, Рамазан айы – жаннатқа жетелер қасиетті кітап - Құран Кәрім түсе бастаған уақыт. Бұл жөнінде Алла тағала қасиетті кітапта: «Рамазан айы – адамзатқа жол бастаушы болған һәм тура жолға салатын, ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын ең айқын дәлелдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай», - дейді (Бақара сүресі, 185- аят).

Читать далее »

Діни сауат — рухани иммунитет

diniimunЭкстремизм, терроризм. Осындай «измдермен» жалғасқан қауіп-қатер атаулыны әлем қазір жаппай исламға телуге құштар. Әсіресе, Батыс елдері терактілік шабуыл ұйымдастырған кез келген лаңкестік топтардың түп төркінін исламмен байланыстырудың хас шебері болып алды. Жымысқы ұйымдардың қолдан жасаған осынау проблемасы енді күн тәртібіне діни сенім аясындағы ақ пен қараны ажырату, қоғамды сақтандыру мәселесін енгізіп отыр.

 

Читать далее »

ЖАТ АҒЫМҒА АЛДАНБА!

Өткен жылы Атырауда, Құлсары қаласында болған экстремистік топтардың іс-әрекеттері немен аяқталғаны әлі күнге халық жадында. Оның себеп-салдары қандай? Діни тұрғыдан адасудың алғышарты болған не? Жергілікті жұртшылықты толғандыратын - осы мәселе. 
Осыған байланысты Жылыой ауданына арнайы ат басын бұрған Атырау облыстық дін істері департаменті жанындағы діни ақпараттық-насихаттық топ мүшелері жас жеткіншектер арасында келелі әңгіме қозғады. Сөйтіп, селолық округ әкімдері, құқық қорғау органдары және білім беру саласының «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері мен психолог мамандары мол мағлұмат көзіне кенелді.

Читать далее »