Дін

ӨЛІ ЖЕБЕМЕЙ, ТІРІ БАЙЫМАЙДЫ

Ескі қорым қоршалуы – аруақтарға тағзым

Күрмеуі күрделеніп, шешімі табылмай келе жатқан Жұмыскер кентіндегі қорым қоршалды. Игілікті іске мұрындық болған «Ақ жол» демократиялық партиясы қорымды қоршауды қайырымдылық айында қолға алды.
Аталмыш партия филиалы әркез тың бастамалары, қайырымдылық көмектерімен ерекшеленіп келеді. «Партия тұғырнамасының негізі де – халықтың мұң-мұқтажына, өтініштеріне сергектік таныту. Жан-жағы бекітілмеген бейіттер жайы талай мәрте көтеріліп, халықтың орынды ренішін туғызған еді», - дейді облыстық филиалдың баспасөз қызметі.

Читать далее »

ЖАТ АҒЫМҒА ЕРГЕНДЕР

колледждерде көбейіп барады
Тоқсан сайын өтетін жедел іздестіру нәтижесінде 21 атыс қаруы, 4 травматикалық қару тәркіленген. Террористік және экстремистік әрекеттердің алдын алу мақсатында жүргізілген операция барысында, сондай-ақ, тыйым салынған 284 діни әдебиет, газет пен брошюралардың 24 түрі, 44 электрондық тасымалдағыш құралдар да табылған.

Читать далее »

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ

Ешбір қоғам дінсіз болмаған. Қоғам қашанда дінге мұқтаж. Демек дін – мемлекеттің ажырамас бір бөлігі. Жаратқанның тарапынан жұртшылыққа келген діндердің барлығы елдің бейбітшілігін, тыныштығын сақтап, мемлекеттің өркендеуіне ұйытқы болады. Сол діндердің ішінде бабаларымыз ұстанған асыл дініміз исламның рөлі ерекше.

Читать далее »

ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН

«Дін және мемлекеттілік» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияны жүргізген облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан басқосуға қатынасып отырған меймандарға Атырау жерінде ұйымдастырылып отырған дін тақырыбындағы ауқымды шараға атсалысып отырғандары үшін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің атынан алғыс білдірді.

Читать далее »

ЖАСТАРҒА ЖАҚСЫ ТҮСІНІК БЕРДІ

Атырау медицина колледжінде «Дін және жастар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Оған мешіт, теолог-дінтанушы, балалар құқығын қорғау, ақпараттық талдау орталығы, дін басқармасы, ұлттық қауіпсіздік комитеті және БАҚ өкілдері қатысты.

Читать далее »

ҚАРИЯСЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ ОЗАР

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері Қарттар үйіне арнайы барып, «Тәуелсіздік – мерейі бір өзіңе» атты мәдени-танымдық шара өткізді.

Читать далее »

«БЕСІГІН ТҮЗЕГЕН ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ ТАСИДЫ»

Исламның атын жамылып, еліміздің өткеніне, тарихы мен салт-дәстүріне тіл тигізіп жүрген жат ағымдардың кейбір «пәтуаларына» бұлтартпас жауапты бізге тағайындалғанына көп уақыт өте қоймаған облыстың жаңа бас имамы Батыржан Мансұров берді.

Читать далее »

ИМАМДАРҒА ЖАҢА МІНДЕТ ЖҮКТЕЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров аудан имамдарымен кездесті. Басқосуда жастар тақырыбы, дәстүрлі емес діни ағымдармен күрес, сондай-ақ, үгіт-насихат және оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру, басқа да көптеген өзекті мәселелер көтерілді.

Читать далее »

ЖАТ АҒЫМДАҒЫ АТА-АНА

балаларын да қоғамнан бөліп тастады
Жат ағымның жетегінде кеткен құлсарылық ерлі-зайыптының алты бірдей баласын не мектепке, не балабақшаға беруден түбегейлі бас тартқандығы жөнінде телеарналардың хабар таратқандығы белгілі. Осыған орай, мәселенің мәнісін Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Атырау облыстық департаментінен анықтап, білдік.

Читать далее »