Дін

АҢҚАУ ЕЛГЕ – АРАМЗА МОЛДА

Әртүрлі бүлікшіл топтардың экстремистік әрекеттерге барып, соның салдарынан бейбіт халықтың жапа шегуі бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған негізгі мәселенің біріне айналды. Осындай ұйымдардың кейбіреулері біздің елімізде де өз идеяларын таратпақ болып жүр. Сол себепті де, елімізде аталған ұйымдардың әрекеттерін ауыздықтайтын бірқатар заңдар қабылданды.

Читать далее »

ТЕРІС АҒЫМ ТЕКТІ БҰЗАДЫ

«Жалпы, өңірдегі діни ахуал тұрақты. Алайда, атқарылған жұмыстарға тоқмейілсуге болмайды». Атырау облысы әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысында осындай пікір айтылды.

Читать далее »

ДІНДІ ТҮСІНБЕГЕН АДАСАДЫ

Атырауда өткен «Ислам терроризмге қарсы!» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан
Өңірдегі діни сауаттылықты арттыру, қалыптасқан ахуалды оңалту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар сан алуан. Бұл ретте өткен жылы аймағымызға жұмысқа келген 15 теолог-маман бірқатар ізгі істерді атқаруда. Мешіттерде уағыз айту жұмыстарын жетілдіріп, әртүрлі аудиторияларда ықпалды басқосулар өткізуді тұрақты жолға қоюдың берер әсері мол.
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың Дін істері басқармаларының басшылары, облыс имамдары, ғалымдар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатынасқан «Ислам терроризмге қарсы!» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның Атырау төрінде өткізілуі бұл бағыттағы жұмыстарға жете мән беріліп отырғандығының бір көрінісі болды.

Читать далее »

ИCЛАМ ИНТЕРНЕТТЕН ҮЙРЕНЕТІН ІЛІМ ЕМЕС

Ислам атын жамылған жат ағымдарға жастардың жанкештілікпен бару себебі неде? Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен «дөңгелек үстел» барысында осы мәселе талқыға түсті.

Читать далее »

БІРЛЕСКЕН ІСТІҢ БЕРЕРІ МОЛ

«Өткен жылдары Атырау облысында орын алған экстремистік оқиғалар діни ахуалдың күрделенуіне әкеп соқтырған болатын. Алайда, жергілікті билік тарапынан жүргізілген кешенді жұмыс нәтижесінде қазір өңірдегі ахуал тұрақты. Осы жұмыстарды алып жүретін үлкен команданың қалыптасқаны бізді қуантады. Бұл ретте атыраулықтардың бастамасымен жүзеге асып жатқан бірқатар шаралардың тиянақты нәтиже берерін көріп отырмыз. Мәселен, «Хақ жолы» драмасын театр сахнасына қою, лаңкестік үшін сотталғандардың отбасына әлеуметтік қолдау көрсетіп, оңалту жұмыстарын ұйымдастыру, имамдарға лайықты жағдай жасау сынды көптеген жұмыстары – осы сөзімізге дәлел». 

Читать далее »

«БӨЛІНГЕНДІ БӨРІ ЖЕЙДІ»

- Дінге бөлінушілік бізге қайдан келді?

- Қазақ халқының тарихына қарап отырсақ, бүгінгідей дінге бөлінушілік болмағанын көреміз. Сонымен қатар, біздің халқымыздың діни негізде ешқашан қақтығысып, бірін-бірі жоққа шығарғанын да тарихтан көре алмаймыз. Қожа Ахмет Яссауи, Мәшһүр Жүсіп, Абай сынды дін тақырыбында өз орны болған тұлғаларымыздың еңбектеріндегі олардың діни көзқарастарынан да ешбір қарама-қайшылықтарды кездестірмейміз. Олардың барлық діни пікірлері мен ұстанымдары бүгінгі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанатын «ханафи» мазхабы мен «матруди» мектебінің тәлімінен туындап жатады.

Читать далее »

ДІН ТАҚЫРЫБЫН ЖАЗУ

терең сауаттылық пен біліктілікті қажет етеді

Атырау облысы әкімі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарының мәселелері бойынша  қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Читать далее »

ЕШКІМГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ қарапайым мұсылман. Ол кім?

Мақаланың тақырыбын оқыған адамның «Ешкімге қатысы жоқ» дегені қай сасқаны деуі мүмкін. «Сонда қалай, ешбір туысы, бауыры немесе досы жоқ, ешкіммен араласпайтын мұсылман дегені ме?» деп қарауы табиғи реакция деп ойлаймын. Себебі, кеңестік дәуірде және одан бұрын да қазақ қоғамында мұндай ұғым жоқ болатын. Сонымен қатар, оны қалыптастырудың немесе қоғам талқысына салудың ешбір қажеттілігі болған емес. Бірақ, заман мен жағдай талабына сай, кейбір тәсілдер мен жаңа дүниелерге қоғамның мұқтаждығы туындайтыны белгілі. Сондықтан, Абай атамыз «Бас- басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын» деп жазғырғандай, қазіргі уақытта топ‑топ болып, іштен ыдырап, сиқы кетіп бара жатқан біздің мұсылман қоғам үшін бұл тақырыпты қозғау және салмақтап қарау ауадай қажет деп санаймын.

Читать далее »

ИСЛАМ ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН БІРГЕ

Жақында бір жігіт «Мен тәуелсіздік мерекесінде бір намаз оқитын танысыма «Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Алла еліміздің тәуелсіздігін баянды етсін»  деп құттықтап едім, ол маған жақтырмай қарап, «Бұл сөзің бидғат, харам, тәуелсіздікпен құттықтауға болмайды» деп жекіп, ұрсып тастады. Осы мәселе қалай? Мен шынында да харам іс жасадым ба?» деген сұрақ қойды.

Читать далее »

МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туған күніне байланысты  тойланатын  мейрам  Мәуліт  мерекесі  деп  аталады. Бұл  дінде  әу баста болмағанымен, кейінгі жылдары мұсылман жұртшылығының басын қосып, пайғамбарымыздың тағылымға толы өмірбаяны мен хадистерін жан-жақты насихаттау  мақсатында дәстүрлі түрде тойланып келеді.  Қасиетті Мәуліт мерекесі өткен жұма күні облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрында салтанатты түрде аталып өтті.

Читать далее »