Дін

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ МӘНІ ЕРЕКШЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров «Жайық- Ақпарат» баспасөз клубында басқосу өткізіп, журналистерді қасиетті Рамазан айының қарсаңында Дінбасының Қазақстан халқына жолдаған Үндеуімен таныстырды.

Читать далее »

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ: БІРЛЕСІП КҮРЕСУДІҢ ТЕТІКТЕРІ ҚАНДАЙ?

Соңғы жылдары дінге қатысты мәселелер өзінің өзектілігімен аса өткір тақырыптардың біріне айналып, еліміздің қоғамдық өміріндегі күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл дінге сенушілер қатарының көбеюінен, екінші жағынан, діни экстремизм мен терроризм мәселесінің өсе түсіп отыруынан көрініс табады. Бұл проблемалар өз кезегінде мемлекет пен қоғам алдына нақты шешімін табуды қажет ететін бірқатар кезек күттірмейтін міндеттерді қойып отыр.

Читать далее »

ДІНИ САУАТТЫҢ ТӨМЕНДІЛІГІ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

«Облыс көлеміндегі елді мекендердегі діни ахуал тұрақты болғанымен, халықтың діни сауаты әлі төмен екені бізбен кездесу барысында айқын аңғарылды» дейді «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының бастамасымен аймақтарды аралаған арнайы топ мүшелері. Облыстық Дін істері басқармасы мен «Ақпараттық-талдау орталығы» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған кездесулер сәуір айында басталып, шалғайдағы ауылдарды да қамтыған.

Читать далее »

АҢҚАУ ЕЛГЕ – АРАМЗА МОЛДА

Әртүрлі бүлікшіл топтардың экстремистік әрекеттерге барып, соның салдарынан бейбіт халықтың жапа шегуі бүгінде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған негізгі мәселенің біріне айналды. Осындай ұйымдардың кейбіреулері біздің елімізде де өз идеяларын таратпақ болып жүр. Сол себепті де, елімізде аталған ұйымдардың әрекеттерін ауыздықтайтын бірқатар заңдар қабылданды.

Читать далее »

ТЕРІС АҒЫМ ТЕКТІ БҰЗАДЫ

«Жалпы, өңірдегі діни ахуал тұрақты. Алайда, атқарылған жұмыстарға тоқмейілсуге болмайды». Атырау облысы әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысында осындай пікір айтылды.

Читать далее »

ДІНДІ ТҮСІНБЕГЕН АДАСАДЫ

Атырауда өткен «Ислам терроризмге қарсы!» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан
Өңірдегі діни сауаттылықты арттыру, қалыптасқан ахуалды оңалту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар сан алуан. Бұл ретте өткен жылы аймағымызға жұмысқа келген 15 теолог-маман бірқатар ізгі істерді атқаруда. Мешіттерде уағыз айту жұмыстарын жетілдіріп, әртүрлі аудиторияларда ықпалды басқосулар өткізуді тұрақты жолға қоюдың берер әсері мол.
Өткен аптада Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың Дін істері басқармаларының басшылары, облыс имамдары, ғалымдар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатынасқан «Ислам терроризмге қарсы!» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның Атырау төрінде өткізілуі бұл бағыттағы жұмыстарға жете мән беріліп отырғандығының бір көрінісі болды.

Читать далее »

ИCЛАМ ИНТЕРНЕТТЕН ҮЙРЕНЕТІН ІЛІМ ЕМЕС

Ислам атын жамылған жат ағымдарға жастардың жанкештілікпен бару себебі неде? Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен «дөңгелек үстел» барысында осы мәселе талқыға түсті.

Читать далее »