Дін

«САЛТ ПЕН ДӘСТҮР – ДІН ТІРЕГІ»

Сағыз селосындағы  «Шұғыла» мәдениет үйінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Салт пен дәстүр – дін тірегі» атты семинар өтті.

Читать далее »

БІР ТАЛ КЕССЕҢ, ОН ТАЛ ЕК!

Жұртшылықты сауапты іске үндеу мақсатында Атырауда тал егу акциясы өтті. Оған Атырау облысы бойынша Дін істері бас-қармасының басшысы Еркінбек Шоқаев, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, Жұмыскер елді мекенінің әкімі Қайрат Хабиев, имамдар, тұрғындар қатысты.

Читать далее »

ЖИРЕН, ЖАМАН ӘДЕТТЕН!

Әлі де оң-солын дұрыс тани қоймаған жас жеткіншектерге ислам жайлы түсініктер беру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Бұл ретте «Дінтану» пәні мұғалімдері атқаратын роль ерекше. Олардың діни білімдері деңгейін көтеру мақсатында аудан әкімдігінде семинар өтті.

Читать далее »

ДӘСТҮРДЕ ҮЛКЕН МӘН ЖАТЫР…

Дін мен дәстүр сабақтастығы хақында көптен айтыла бастады. Өткен жылдың Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының дін мен дәстүр жылы деп жариялануы да тегін емес. Өйткені, ықылым заманнан қалыптасқан қазақтың ділі, дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының түп тамыры ізгілікке, имандылыққа, мейірбандылыққа негізделуімен құнды. Бұл сөзімізге ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамыНаурыз дәлел бола алады.

Читать далее »

БАТЫРЖАН МАНСҰРОВ, ҚМДБ-НЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ, «ИМАНҒАЛИ» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ: ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰРПАҚҚА АМАНАТЫ

Ертеде Наурыз тойы қарсаңында жігіттер «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп қаумаласып, бұлақ-бастаулардың көзін ашса, қариялар жағы «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген бастамамен сауапты істердің ұйытқысы бола білген екен. Сондықтан да, наурыздың тәлім-тәрбиелік нышан белгілері мен таным  ұғымдарының алар орны ерекше. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлының осы мәселеге қатысты берген жауабын ұсынғанды жөн көріп отырмын:

Читать далее »

ТӘРБИЕ – ТАЛБЕСІКТЕН

Имандылық қағидаларын дәріп-теп, асыл қасиеттерді нығайтуда дін өкілдерінің маңызы зор. Осы орайда, «Шапағат» деструктивтік ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының басшысы, теолог-дінтанушы Қанат ЖҰМАҒҰЛМЕН сұхбаттасқан едік.

Читать далее »

ТҮРІКТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен мүфтияттың делегация өкілдері Түрік еліне сапарлап келді. Ондағы мақсат – Түркия Дін істері басқармасымен ақпараттық-танымдық қызмет саласында тәжірибе алмасу.

Читать далее »

БАТЫРЖАН МАНСУРОВ, ОРТАЛЫҚ «ИМАНҒАЛИ» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ: «ДІН – РУХАНИЯТЫМЫЗДЫҢ АЗЫҒЫ»

Әулие, һәм әруақ мәселесіне келгенде ислам көзқарасы қандай болуы керек? «Жеті шелпекке» байланысты түсінікке ислам қалай қарайды? Халық арасында қалыптасқан өзге де наным-сенімдерге байланысты сұрақтарды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Атырау өңірі бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансуровқа қойған едік. 

Читать далее »

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНЕН ТӨНГЕН ҚАТЕР

онымен  күресудің  тетіктері  қандай?

Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отырған мәсе­леге айналды. Ол бүкіл қоғамның тізе қосып, күш біріктіруін қажет етеді. Дінге қатысты тура немесе жанама үдерістердің барлығы өмірдің маңызды бөлігін қамтитындықтан, дін төңірегінде туындайтын проблемаларды шешуге билік органдарымен қатар, ақпараттық жұмыстардың да күші мықты болуы тиіс. Жуырда Астана қаласындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан республикалық конференцияның негізгі өзегі де осы болды.

Читать далее »