Дін

ТӘРБИЕ – ТАЛБЕСІКТЕН

Имандылық қағидаларын дәріп-теп, асыл қасиеттерді нығайтуда дін өкілдерінің маңызы зор. Осы орайда, «Шапағат» деструктивтік ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының басшысы, теолог-дінтанушы Қанат ЖҰМАҒҰЛМЕН сұхбаттасқан едік.

Читать далее »

ТҮРІКТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен мүфтияттың делегация өкілдері Түрік еліне сапарлап келді. Ондағы мақсат – Түркия Дін істері басқармасымен ақпараттық-танымдық қызмет саласында тәжірибе алмасу.

Читать далее »

БАТЫРЖАН МАНСУРОВ, ОРТАЛЫҚ «ИМАНҒАЛИ» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ: «ДІН – РУХАНИЯТЫМЫЗДЫҢ АЗЫҒЫ»

Әулие, һәм әруақ мәселесіне келгенде ислам көзқарасы қандай болуы керек? «Жеті шелпекке» байланысты түсінікке ислам қалай қарайды? Халық арасында қалыптасқан өзге де наным-сенімдерге байланысты сұрақтарды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Атырау өңірі бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансуровқа қойған едік. 

Читать далее »

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНЕН ТӨНГЕН ҚАТЕР

онымен  күресудің  тетіктері  қандай?

Бүгінде діни экстремизм мен терроризм әлемдік қоғамдастықты қатты алаңдатып отырған мәсе­леге айналды. Ол бүкіл қоғамның тізе қосып, күш біріктіруін қажет етеді. Дінге қатысты тура немесе жанама үдерістердің барлығы өмірдің маңызды бөлігін қамтитындықтан, дін төңірегінде туындайтын проблемаларды шешуге билік органдарымен қатар, ақпараттық жұмыстардың да күші мықты болуы тиіс. Жуырда Астана қаласындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан республикалық конференцияның негізгі өзегі де осы болды.

Читать далее »

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ»

Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда кеңінен талқыланды

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Қазақстандағы ислам: кеше, бүгін, ертең» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, Астана және Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарынан дін мәселесімен айналысатын профессорлар, облысымыздың және көршілес аймақтардың дін істері басқармаларының басшылары, теологтар қатынасты.

Читать далее »

«ШИПАГЕРЛІК БАЯН» ШАРАПАТЫ

бес ғасыр өтсе де халықтық емнің қасиеті жойылып кетпеді 

ТАНЫМ

Шығыс медицинасының білгірлері терең зейін салып, байыптап қараудың нәтижесінде адамның науқасын тиісті құрал-аспапсыз, зертханалық тексерулер арқылы талдау жасамай-ақ, дәл басып айтып, дұрыс диагноз қоя білген. Ол үшін емшіге адам жүзіне зер салып қарау жеткілікті. Осындай диагностиканың үлгілерін Дж.Осана «Макробиотика: салауатты да бақытты өмірге шақыру» атты еңбегінде береді. «Сіздің жүзіңіз ешқашан алдамайды» дейді автор. Осындайда «Көреген болса балаңыз, күйіңді көзден болжайды» деген халық даналығы еске түседі.

XV ғасырда өмір сүріп, «Шипагерлік баян» атты еңбек жазған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы: «Емшіні шипагер деп атаған жөн, шипа жазады, қонады, дариды, айықтырады деген сенімділіктен туады. Жазылсын, қонсын, дәру болсын деген ақ тілек. Бұл - науқас пендеге қуат беру», - деп өз тұжырымын ұсынған.

Ал, бүгінгі дамыған дәуірде ғалымдар не дейді: «Халық емінің негізгі көзі – сенім» дейді олар, яғни, адамның өзін-өзі сендіруі арқылы тәнін дерттен тазартуы.

Читать далее »

ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ – ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

Міне, мұсылмандардың ұлық мейрамдарының бірінен саналатын Құрбан айт мерекесі де келіп жетті. Айттан айтқа аман-есен жеткен жандар Аллаға шүкіршілік айтып, құрбандық шалады. Ал, осы шараның мән-мағынасы қандай? Парызы мен қарызы нешік? Бұл жөнінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан қажы Мансұровтан сұрағанбыз.

Читать далее »

МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ – ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Асақамқор, ерекшемейірімді

Алланыңатыменбастаймын! 

Қадірменді ағайын, мұсылман бауырлар!

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт құтты болсын, ағайын! Айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Читать далее »

ДІНТАНУ ПӘНІН КІМ ОҚЫТУЫ КЕРЕК?

Діни сауатсыздықты жоюдағы бүгінгі өзекті проблема – дінтану пәнінен дәріс беретін мұғалімдердің жетіспеушілігі. Бұл пәннен негізінен тарихшылар мен құқықтанушылар сабақ өткізеді. Алайда, олардың дінтану бойынша базалық білімі жоқ, діннің мәні мен мағынасын түсіндіруге өресі жетпейді. Тарихшы тарихын, құқықтанушы құқықтық жағын айтуы мүмкін. Ал, діннің ішкі мазмұнын түсінбеген балаға оны жадағай оқыта берудің еш әсері болмайды. Бұл жөнінде облыстық дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының ұйымдастыруымен өткен семинар барысында кеңінен айтылды.

Читать далее »