Елімізде мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт салудың арнайы ережесін бекітті. Бұл туралы Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада өткен алқалы мәжілісте айтты. ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бекіткен құжат “Қазақстан Республикасында типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртіп ережесі” деп аталады, ол еліміз бойынша типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртібін қалыптастыратын негізгі құжат. Ереже “Діни қызмет және діни бірлестіктер […]

Continue Reading

Шоқындыру мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма?

19 қаңтар күні христиандар шоқыну мерекесін атап өтеді. Бұл күні жұрт далада мұздай суық суға түсіп, тиісті салт-жоралғыларды орындайды. Жыл сайын осы мерекеде мұсылмандар да суға түсіп жатады. Бірі олардың бұл әрекетін құптап, ешқандай әбестік жоқ екенін айтса, екіншілері түбегейлі қарсы. Христиандардың мерекесі кезінде өзге дін өкілдерінің далада мұздай суға түсіп, жұрттың сынына ұшырауы жиі кездеседі. […]

Continue Reading

Шомылып шоқынуға Жайық өзенінен жеті орын белгіленді

Алдымыздағы сенбі күні христиандар үшін қасиетті саналатын шоқыну рәсімі басталады. Аймақта діни дәстүр бойынша Жайық өзеніне шомылуға жеті орын белгіленді. Осыған орай мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтап, сақ болуға шақырады. Өйткені, Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы, кезекші-диспетчер бөлімінің бастығы Нұрқуат Қарақуловтың айтуынша, ауа райына байланысты өзендегі мұздың қалыңдығы 25 сантиметрден төмен. -18 қаңтар күні аталмыш […]

Continue Reading

Сирия аумағында жүрген 47 қазақстандық елге қайтарылды (+ВИДЕО)

Сирия аумағында жүрген 47 қазақстандық елге қайтарылды. «Бұл туралы бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты жасаған мәлімдемесі кезінде белгілі болды» деп хабарлайды akorda.kz. «Биылғы 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан  47  азаматымыз, соның ішінде 30 бала […]

Continue Reading

«Рождество» мерекесі қарттар үйінде аталып өтті

    «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында «Рождество» мерекесіне орай Қарттар үйінде қайырымдылық концерті өтті. Мұнда орыс, славян, казак қауымдастығының облыстық филиалы және «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің шығармашылық топтары өз өнерлерін көрсетіп, қарттарға қуаныш сыйлады. Шара соңында мерекелік сыйлықтар табысталды. Одан әрі Ресейдің Қазақстандағы Бас консулдығының қолдауымен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында мерекелік […]

Continue Reading

Әлеуметтік желілердегі әр жазбаңызға абай болыңыз!

Бұдан былай әлеуметтік желілердегі әр жазбаңызға абай болғаныңыз абзал. Себебі, дінаралық, нәсілдік, ұлтаралық алауыздыққа алып баратын жазба үшін жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Атырау облысы Дін істері басқармасы әлеуметтік желілерде, интернет ресурстарында дінаралық немесе ұлтаралық алауыздықты тудыратын бейнематериалдарды, аудиоөнімдер мен басқа да ақпараттық жазбаларды таратуға, жариялауға болмайтындығын ескертіп отыр. Аталған сипаттағы материалдарға өзіңізге тиесілі аккаунттар арқылы лүпіл […]

Continue Reading