БИЫЛҒЫ БАҒДАР: Сізге не ұсынамыз?

Қадірлі оқырман! Міне, Жаңа жылдың алғашқы онкүндігін де артқа тастадық. Осы сәтте өткен жылдың біз үшін – «Atyraý» газеті ұжымы үшін ерекше мерейлі бір белес, ақпарат айдынындағы шығармашылық табысты еселей түскен айрықша асу болғанын түйсінеміз. Өйткені, біз қаншама буынның талайлы тағдырларын тоғыстырған байырғы басылымның 95 жылдық торқалы тойын өткенге тағзым, болашаққа тағылым тұрғысында атап өттік. […]

Толығырақ...

Сіз газетке жазылдыңыз ба?

Атын атап, түсін түстемей-ақ қоялық, бірақ, мына бір жағдай қолға қалам алуымызға түрткі болды. Сұлулық индустриясында тым-тәуір бизнесі бар кәсіпкер әйел, әрі әріптесіміз әлеуметтік желідегі парақшасында жерден жеті қоян тапқандай: «Баламның мектептегі ұстазы ата-аналардың да газетке жазылуы тиіс екендігін ескертіп, ақысын төлеуімізді өтінді. Біз төлерміз-ау, бірақ, кейбіреулердің жағдайы бұған жетпейді. Сонда күштеп жаздыратын баспасөз кімге […]

Толығырақ...

Бұл – менің таңдауым

Жақсылықтың жанашырына айналып, оқырманның ойынан шыға білетін «Атырау» газетінің мен үшін орны ерекше. Төл газетіміз егеменді еліміздің ішкі, сыртқы жай-күйін, келелі мәселелерін, тіл мен әдебиетін өз еншісіне алған, талай жылдан бері өз беделін жоймаған қадір-қасиетімен ерекшеленіп келеді. Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің аз еместігі аян. Сол мәселелерді шешуде аталмыш газеттің қосар үлесі де, тигізер септігі де […]

Толығырақ...

Тойды да несиеге жасаймыз

Иә, қазіргі таңда елімізде ешкімге тәуелді болмай, «өз ісімді ашамын» деушілерге жағдай жасалған. Кәсіп тетігін таба білгендерге, көл-көсір пайда табуға мүмкіндік жетеді. Тек, үнемі талмай іздену, еңбектену қажет. Әлемдегі миллиардерлер де бірден байып кеткен жоқ. Біртіндеп талаптанды, ізденді, қиындыққа мойымай еңбек етті. Кейде опық жеді. Енді бірде, жұлдызы жанды. Демек, «жұмыссызбын» деп жатудың жөні жоқ. […]

Толығырақ...

Фонограммаға тосқауыл керек!

Қазақ эстрадасындағы өнерге шын жанашыр ретінде «Атырау» газеті көтерген «Арбау мен алдау немесе қазақ эстрадасындағы жасандылық» тақырыбындағы мәселеге орай мен де үн қосқым келді. Шындығында, фонограмма жас буынның өнерге деген құлшынысын төмендетеді. Өзінің табиғи дауысынан айырып, жасандылыққа бет бұруға себепші. Бұл жағдай өнерді алға сүйремесі анық. Сондықтан, эстрададағы фонограммадан арылу үшін бізде нақты заң бекітілуі […]

Толығырақ...

90 жастағы әжей – жеңімпаз!

«Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторы өздерінің 25 жылдық мерейтойларына орай компания қызметін пайдаланып, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыны алушылардың арасында «Kazpost-тан сыйлықтар жылы» акциясын жыл бойы өткізіп келеді. «Қазпошта» АҚ-ның «Сенім» қызметі бойынша зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақының кез келген түрін алу үшін ағымдағы немесе карточкалық есеп-шот аштырған барлық тұтынушылары аталған акцияға қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр. […]

Толығырақ...