Газет және оқырман

«Иманғали» орталық мешітінің бас имамы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді

Облыстық «Атырау» газеті редакциясы ұйымдастырған «тікелей желіде» оқырман тарапынан түскен сауалдарға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров жауап берген болатын. Төменде телефон қоңырауы,  әлеуметтік желілер және электронды пошта арқылы облыс орталығы, аудан, шалғай ауылдардан келіп түскен сауалдарға облыстың бас имамы берген жауаптарды іріктеп ұсынып отырмыз. Телефон арқылы қойылған сауалдар Жаназа және жерлеу рәсімдері – Кісісі ...

Читать далее »

Сұрапыл күндердің сырлы шежіресі

…Әбуғали ағамен өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында «Коммунистік еңбек» (қазіргі «Атырау») газетінің редакциясында бір бөлмеде отырып, бірге еңбек еткен едік. Бұл оның зейнет демалысына шыққаннан кейін редакцияда аудармашы қызметін атқарып жүрген кезі. Сол шақта да Әбуғали аға негізгі жұмысынан сәл қолы босаса-ақ  өзінің жеке шығармашылығына кірісіп, бір сәт бос отырмайтын. Оның, басқасын былай қойғанда, Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған очерктерінің ...

Читать далее »

Қос майданның жауынгері

Ержүрек жауынгер, іскер басшы, ел қамқоршысы, білікті маман, тамаша ұйымдастырушы, есімі халқының есінде мәңгі сақталып қалған азамат. Осылайша әңгіме бастағалы отырған біздің кейіпкеріміз – екі майданның жауынгері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Құрманғазы топырағының талантты перзенті Зейнетолла Мұфтахов. Ол 1923 жылы Теңіз ауданы, Зормата ауылында  шаруа отбасында дүниеге келген. Онжылдық мектепті бітіріп, 1940 жылы облыс орталығындағы қысқаша курста оқып, зоотехник мамандығын ...

Читать далее »

Журналистика жампозы

1961 жыл. Білімнің қарашаңырағы – Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған атыраулық төрт түлек Нұрғожа Жұбанов, Құмарғали Ғабдешев, Сержан Шәкірат және Тілек Дәулетов өмірдің жаңа белесіне бағыт алып, сан тараулы тағдырдың тағы бір сатысына қадам басқан-ды. Жас мамандардың бірі облыстық партия комитетінің жолдамасымен Шевченко аудандық газетіне жұмысқа жіберіліп, өнеркәсіп-транспорт бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл – бүгінгі мақалаға арқау болып отырған журналистика жампозы ...

Читать далее »

Ұлттар достығы – ұрпақтар сабақтастығында

Соңғы жылдардағы әлемдік ахуал еліміз үшін татулықтың бағасын биіктете түскендей. Себебі, алауыздықтың кім-кімге де жақсылық әкелмейтінін, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдің ғана еңсесі биік болатынын уақыттың өзі дәлелдеді. Сондықтан, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің басты жеңісі – ел бірлігі десек, еш қателеспейміз. Татулық тақырыбы 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында облыстық «Атырау» газеті редакциясы ұйымдастырған «дөңгелек үстелге» де арқау болды. ...

Читать далее »

Соғыс жылдарындағы «Социалистік құрылыс»

Мәңгі өшпейтін тарих немесе мәңгілік құндылық. Кейде газет атауына осы тіркестерді аксиома етіп қолдану да артық еместей көрінеді. Себебі, тоқсан бес жылдық тарихы бар «Атырау» газеті ғасырға жуық уақытта өткен күннің әр сәтін жылнама етіп, қағаз бетіне түсіріп, қаттай алды. Қырық бірдің қырғынында қазіргі «Атырау» «Социалистік құрылыс» деген атаумен оқырманға тарап жатты. «Ол кезде газеттер үлкен мехнатпен басылатын. 1942 жылдан ...

Читать далее »