Құқық

Тұрғындар алдындағы есеп жергілікті полицияға сенімді арттыра түсті

Жергілікті полицияның жаңадан құрылғанына көп уақыт өткен жоқ. Дегенмен, құрылымның қызметі қазірдің өзінде нәтижесін көрсете бастады. Бұл туралы Атырау қаласындағы жергілікті полицияның тұрғындармен кездесуінде айтылды. Жергілікті полицияның бұрыннан бар құрылымнан басты ерекшелігі – халық алдында есеп беретіндігінде. Сондықтан, Атырау қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары Нұржан Теміров, Әнуар Оспанов пен Есенжол Есенғалиевтер жасаған жұмыстарын баяндаумен бірге, ...

Читать далее »

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯҒА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ

Ұлт жоспарында қамтылған талаптан туындап отыр

Бүгінде Елбасы ұсынған «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мұнда жергілікті полиция қызметінің құрылуына ерекше маңыз берілген.

Осы ауқымды жобаның жүзеге асуын насихаттау, жаңа құрылымның ерекшелігін жұртшылыққа кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық «Атырау» газетінің редакциясы «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Оған облыстық ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Мұрат Демегенов, осы құрылымның құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдастыру бөлімі учаскелік полиция инспекторлары жұмысын ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Болат Дүйсенов, облыстық ішкі істер департаменті  баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова, республикалық жеке сот орындаушылары палатасы төралқасының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Амангелді Абдолов және облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры Мерген Меңдіғалиев қатынасты. «Дөңгелек үстелді» облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы Исатай Балмағамбетов жүргізіп отырды.

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ӘЛЕУЕТТІ КӨТЕРДІ

Жуырда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында алқа отырысы болды. Аталған отырысқа қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және жұмыспен қамту орталықтарының басшылары қатысты. Алқа отырысына қатысушылар аталған басқарманың өткен жылы атқарған жұмысы мен үстіміздегі жылға арналған жаңа міндеттерімен танысты.

Читать далее »

БІЛІГІ КӨП БІТІМГЕ КЕЛЕДІ

Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі  бұл бағыттағы заңнаманы жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар, азаматтық процесті қағазбастылықтан арылтуға, сотқа жүгінген тұлғалар үшін де, аталған заң аясында  қызмет істейтін соттар үшін де қолдану қолайлылығына бағытталған.

Читать далее »

ПОЛИЦЕЙ ПАРАСАТТЫ БОЛУЫ КЕРЕК

Жергілікті полиция қызметінің құрылатындығына қатысты жаңалық қоғамда ерекше пікір туғызды. Жұртшылық оған өздерінің қолдауын көрсетіп жатыр. Дегенмен, айтылатын ұсыныс-пікір, тілектер де аз емес. Сондықтан, бүгін олардың бірқатарын газет бетіне ұсынғанды жөн көрдік.

Читать далее »

ИНСПЕКТОРДЫ КӨРМЕЙМІЗ

Жергілікті полицияның құрылатындығы туралы хабарды мен алғаш теледидардан Елбасының сөйлеген сөзінен естідім. Менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім болды. Неге? Алдымен осы тұрғыда учаскелік инспектордың қызметіне кеңірек тоқталсақ деймін. Учаскелік полицей – қылмыстың, нашақорлық пен маскүнемдіктің, тонаушылықтың, бұзақылық пен басқа құқық бұзушылықтың алдын алуда шешуші тұлға. Ол халықтың тыныштығын қамтамасыз етуде күні-түні қызмет етуі тиіс. Полиция инспекторлары өз учаскесіндегі барлық тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, оларға көмек, қолдау танытуы қажет.

Читать далее »

АҚШАЛАЙ АЙЫППҰЛ САЛУ

оның мөлшерін төмендетудің мүмкіндігі бар ма?

Елімізде көлік жүргізу-шілеріне салынатын айыппұлдың көлемі көп. «Аюға әріп үйреткен – таяқ» десек те, қатаң шара халықтың қалтасына салмақ түсіруде. Оның үстіне айыппұлдың өндірілуі де мәз емес. Сондықтан, «Атырау» газетінің тілшісі облыстық прокуратураның соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы Бағытжан Қалиевке осы бағыттағы прокуратураның әрекетіне қатысты сұрақ қойған.

Читать далее »

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Мүлікті жария етудің мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Еліміздің белгіленген заңнамасына сәйкес, жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және ол биыл

Читать далее »

Жеке сот орындаушы: ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМ – ЖАҢАША ТАЛАП

Осыдан алты жыл бұрын жеке сот орындаушылар институтының құқықтық негізі жасалды. Содан бері жүзеге асқан өзгерістер аз емес. Бастысы, бүгінде мемлекеттік сот орындаушылардың қызметі қысқартылып, сот актілері мен атқару құжаттарын орындау біртіндеп жеке орындаушыларға берілуде. Осыған орай бұл салаға қатысы бар біраз адамды сөзге тарттық.

Читать далее »

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

оған қандай міндеттер жүктеледі? 

Жергілікті полиция қызметінің құрылымына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері, қабылдаушы-бөлушілер және арнайы қабылдаушылар кіреді. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі ішкі істер органдарының құрамында қалатын, ал оның қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірыңғай құқықтық мәртебесіне ие болатын жүйенің бірлігі сақталынады. Материалдық қамсыздандырылу, жеңілдіктер мен әлеуметтік-құқықтық кепілдіктері туралы да осыны айтуға болады.

Читать далее »