Құқық

«Сыра королінің» сыры ашылды немесе Төлешевтің әрекеттері төбеден жай түскендей әсерде қалдырды

  Шымкент сыра зауытының қожайыны Тоқтар Төлешевті қаңтардың соңында жүз қаралы арнайы жасақ Шымкенттегі мейманханалардың бірінде ұстаған болатын. Оған тағыл-ған айып – қылмыстық топты қаржыландырып, есірткі сатумен айналысты делінген оған тағылған бастапқы айыпта. Қазір Тоқтар Төлешевтің өзі Астанада қамауда отыр. Жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті атышулы шымкенттік «сыра короліне» қатысты бұған дейін құпия болып келген деректерді жариялады.    ТӨЛЕШЕВ ТӨРЕ БОЛУДЫ ...

Читать далее »

Анасы баласынан алимент өндірді

 Жуырда Махамбет аудандық соты ерекше іс қарады. Бұл жолы ана баласының үстінен өзін күтіп-бағуға алимент өндіріп алу туралы арыз түсірген. Сотқа берген талап арызда мынадай жағдай баяндалыпты: жауапкердің жалғыз баласы болып келетінін, табыс тауып отырса да, үнемі табысын өзіне жұмсап, бірге тұруына байланысты көмек көрсетпейтінін, ұлына және өзіне алған қос несиені төлеп отырғанын, ақшасын жеткізе алмайтынын, өзінің көмекке мұқтаж екенін ...

Читать далее »

Жаңа дегені ескі болды

 Жаңа көлік сатып алған әйел адамның қуанышы көпке ұзамады. Оған қымбат дүниенің бұрын қолданылғаны себеп болып отыр.   Атырау қалалық сотында қаралған іс материалдарына қарағанда, арызданушы 2014 жылғы «Хюндай Туксон» маркалы автокөлігін 6 млн. 420 мың теңгеге бөліп төлеу арқылы сатып алады. Алайда, біраз уақыттан соң көлік кузовының артқы жағындағы бояу түсі көліктің негізгі түсінен ерекшеленетіні байқалады. Осы себепті техниканың ...

Читать далее »

Ұсталмаған – ұры емес…

 Қылмыстың бұл түрі 22,1 пайызға өсіп отыр Тегеурінді шаралар алынғанымен, бүгінде Атырауда қылмыстың ұрлық түрі көбейіп тұр. Жыл басынан бері бес айда (былтырғы кезеңмен салыстырғанда) оның саны 22,1 пайызға өскен. Мұның себебі неде? Бұл бағыттағы полицияның әрекеті қандай? Келеңсіз құбылыстың жолын қалай кесуге болады? Көпшілікті алаңдатқан осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.   Жуырда редакцияға хабарласқан қала іргесіндегі елді мекен тұрғыны ...

Читать далее »

Әділ шешім – ардың ісі

 Ішімдік ішіп, көлік мінетіндерге, шектен шығып, отбасының шырқын бұзатындарға бүгінде жаза күшейді. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Жасұлан ЖАҚСЫЛЫҚ тегеурінді талап құзырлы органдар жауапкершілігін де арттырғанын айтады. Өйткені, әкімшілік істерді қозғауда, тиісті хаттамаларды толтыруда заңсыздықтар жиі орын алуда. Осы және өзге де мәселелер әңгімеміздің арқауына айналып отыр. – Жергілікті мамандандырылған әкімшілік соттың қызметін жұртшылық біле бермеуі мүмкін. Сондықтан, әңгімені ...

Читать далее »

Қайыршылықпен айналысып, қамауға алынды

  Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қайыршылықпен айналысқан адамға қатысты әкімшілік іс қаралды. Әңгіме кейіпкері бұдан бұрын да заңсыз әрекет жасап көзге түсіпті. Алайда, әкімшілік жаза оны ойландырмағанға ұқсайды. Ол бұрынғы кәсібін бүгінде қайтадан жалғастырыпты. Осылайша, облыс орталығының Ә.Молдағұлова көшесінің бойындағы «Идеал» супермаркеті алдында тұрып қайыр сұраған. Әрлі-берлі жүрген адамдардың балағына жармасып, мазасын алған. Сондықтан, сот заң бұзушыны бес тәулікке ...

Читать далее »

Сауал – сізден, жауап – бізден

 «Заңгер бұрышын» тәжірибелі заңгер Рысты ҚАЛИЕВА жүргізеді Зейнетақым қайта есептеле ме? – Құрметті редакция! Мен Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосының тұрғынымын. «Заңгер бұрышына» хат жолдауыма мынадай жағдай себеп болды: Мен – көп балалы анамын. «Алтын алқа» иесімін. 2011 жылы жеті баламен зейнеткерлікке шықтым. Сегізінші баламды 8 жасқа толған жоқ деп зейнетақы мөлшеріне қосқан жоқ. Білейін дегенім, 58 жасқа толғанда сегізінші балам ...

Читать далее »

Құқық саласындағы кадрлық өзгерістер

  Еліміздің құқық қорғау саласында кадрлық өзгерістер болды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінің басшысы болып Мірболат Күпісов тағайындалды. Ол Ақтөбе облысының тумасы 1966 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын аталған облыстағы ішкі істер басқармасында сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің тәрбиешілігінен бастапты. Соңғы қызметі – Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары.   Біраздан бері ...

Читать далее »

Билік айту оңай, Біліп айту қиын…

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заңның үстемдігіне басым маңыз берілген. Сондықтан, сот саласындағы жаңалықтар, тың өзгерістер облыстық «Атырау» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Дөңгелек үстел» басындағы әңгіменің негізгі арқауына айналды. Оған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Тәтті Уәлиева, облыстық соттар әкімшілігінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева, әкімшілік соттың төрағасы Жасұлан Жақсылық, тергеу судьясы Гауһар Ибрашева, облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Айсұлу ...

Читать далее »

Көп болып күресер індет

Бүгінде мүлдем жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз десек те, сол қоғамды жегідей жеген дерт – сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоя алмай келеміз. Дегенмен, қазіргі уақытта адам құқығына нұқсан келтіретін, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресте жаңа заңнамалық өзгерістер орын алуда. Осы орайда Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы     Еркебұлан МАРАИМОВПЕН сұхбаттасқан едік. Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Читать далее »