Құрдастарын соққыға жыққан оқушылар бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Мектеп дәретханасында құрдастарын ұрып, оны видеоға түсірген жасөспірімдер анықталды. Енді ол оқушылар сотталуы мүмкін деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі. «Тергеуге дейінгі тексеру амалдары аясында мектеп дәретханасында құрдастарын соққыға жығып, мұның барлығын видеоға түсірген жасөспірімдердің аты-жөндері анықталды. Оқиға осыдан бір жыл бұрын, 2018 жылдың 10 қаңтарында Қызылорда қаласында болған. Сол кезде зардап шеккен оқушының ата-анасынан полицияға шағым түскен […]

Continue Reading

Атырауда заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 26 азаматы ұсталды

Атырауда құбыр тазалап, заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Денсаулыққа зиян келтіретін аймақта еңбек етіп жүрген жұмысшылардың арнайы рұқсат қағазы болмаған. Сонымен қатар, құбыр тазалау жұмысына тартылған көршілес елдің азаматтарының облыс аумағында жүріп-тұру заңнамасын бұзғаны да анықталды», – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Өзбекстанның 26 азаматына қатысты […]

Continue Reading

Көлікті мас күйінде жүргізген әйел 15 тәулікке қамалды

Атырауда көлікті мас күйінде жүргізген әйел 15 тәулікке қамалды. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, құқық бұзушы әйел бұған дейін осы тектес әрекеті үшін жауапкершілікке тартылыпты. Алайда бір жыл болмай жатып, қайталап құқық бұзып отыр. Дәлірек айтсақ, 7 қаңтар күні, сағат түнгі 04:30 шамасында «Kia Rio» автокөлігін Атырау қаласы, Молдағұлова көшесіндегі қалалық полиция […]

Continue Reading

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне айыпты деп танылған үш күдіктіге сот үкімі шықты

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне айыпты деп танылған үш күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша Нұралы Қиясов 18 жылға, Арман Құдайбергенов 18 жылға, ал аяғы ауыр Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Қиясов пен Құдайбергенов жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде, […]

Continue Reading

Жалақыңыз жоғарыламаса, кәсіподаққа келіңіз!

Қазақстандықтардың жалақысын көтеру жөніндегі Елбасы тапсырмасы өңірлерде қалай орындалып жатыр? Осыны білмек болып еліміздегі кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Атырауға іссапармен келді. Ол өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында журналистермен жүздесіп, өзекті сұрақтарға жауап берді. Төраға аталмыш ұйымдардың бүгінгі қызметі мен негізгі міндетіне тоқталды. – Басты мақсат, бұл – еңбек адамының құқығын қорғау, оның бұзылуына жол бермеу […]

Continue Reading

Атырауда апатты жағдайдың алды алынды (+ФОТО)

Жылу электр орталығында болған апатты жағдайдан кейін Атырау қаласының әкімі үйлерге жылу берілуін бақылады. Алимұхаммед Құттұмұратұлы жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Алмагүл ықшам ауданында болды. «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айбар Рахмановтың айтуынша, Алмагүл ықшам ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйлерге жылу берілген. Бірақ қазір су құбырының қысымын дұрыстау жұмыстары жүріп жатыр. – Гидравликаны қалпына […]

Continue Reading