Құқық

КӨП БОЛЫП КҮРЕСЕР ІНДЕТ

zx1«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Атырау қалалық филиалы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. 
Отырысты қоғамдық кеңес төрағасы Муса Хайруллиев кіріспе сөзбен ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.
Кеңестің жоспарына сай алдымен Атырау қаласы бойынша Салық басқармасының басшысы Жәнібек Нұржановтың есебі тыңдалды.

Читать далее »

СЕНГЕН СЕРКЕМ СЕН БОЛСАҢ…

Кеше «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мен сот актілерін орындау департаментінің соңғы үш жылдағы жемқорлыққа қарсы күрес жағдайы талқыға түсті. Осыған орай партия филиалының жанынан құрылған сараптамалық топтың есебі тыңдалды.

Читать далее »

ҚЫЛМЫС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАП, СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы хабарлаған үш адам ақшалай сыйақыға ие болды. Жергілікті ЭСЖКД (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оның көлемі 121 170 теңгені (70 АЕК) құрайды.

Читать далее »

МҮЛІККЕ ҚАТЫСТЫ ЗАҢДА ЖАҢАЛЫҚ КӨП

Күнделікті күйбең тіршілік қамымен жүріп заңдылыққа енгізілген толықтырулар туралы біле бермейтініміз жасырын емес. Әбден құжат тапсырып, жинауға келгенде бармақ тістеп, бір қажетті қағазды алу үшін бірнеше күн жүретініміз тағы бар. Мәселен, жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық паспортын беріп, тексеру жүргізу қызметтерін көрсету бағасындағы өзгерістерден көпшілік бейхабар екені рас. Ұзын-сонар кезекке тұрып, қағазбастылықтан жүйкесі жұқарған жұртшылық өкпе-назын кімге айтарын білмей, редакциямызға телефон шалып сұрайтыны бар. Жақында хабарласқан атыраулық Рая Иманғалиеваны осы мәселе толғантады екен. Біз дереу оқырман сауалына орай «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК директорының орынбасары Надежда Кисиковадан сұрақтарымызға жауап беруін өтіндік.

Читать далее »

СЕНГЕН «ҚОЙЫМ» СЕН БОЛСАҢ…

Қаржы полицейлері қылмыс жасаған құқық қорғау орындарының өкілдерін құрықтады.
Атырау облысы бойынша ЭСЖКД (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бүгінде Қандығаш бекетіндегі желілік полиция бөлімшесінің тергеу тобының тергеушісі Ш., криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Н. және Атырау бекеті желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары К.-ге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Читать далее »

«…ЖҰМЫСЫ ЖОҚТЫҚ АЗДЫРАР АДАМ БАЛАСЫН»

Облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың пікірінше, алкогольдік және нашақорлық мас күйінде жасалған қылмыстардың саны былтыр (арғы жылмен салыстырғанда) 82,5 пайызға өсіп кеткен. Жалпы, жергілікті жерде 7935 маскүнем есепте тұрады. Соның дені - Атырау қаласының тұрғындары екен. Облыстық прокуратурада өткен облыстық құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысында осы мәселелер ортаға салынды.

Читать далее »

ҚАРАҚШЫЛАР ҚҰТЫЛМАДЫ

Бейсенбі яғни, ақпанның 21 күні ертеңгілік 9 сағат шамасында жедел басқару орталығына телефон шалған азаматша СМП-136 ауданындағы коттедж үйге қарақшылық жасалғаны туралы хабарлайды. Бет перде киген төртеудің бірі үйде қалған жас қызға пышақ тақап қорқытып, қалғандары үйдің ішін аралап, астан-кестеңін шығарады. Қарақшылар қолдарына түскен алтын бұйымдарды, компьютер планшетін, ақшаларды қолды етіп, іздерін жасырады. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарына кіріседі.

Читать далее »

ЗАҢДЫ БҰЗҒАН ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жуырда Жылыой ауданының прокуратурасында баспасөз мәслихаты болып, онда жергілікті жерде орын алған қылмыстық әрекеттер, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалаудың жайы сөз болды.

Читать далее »

ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН ҚАСҚЫРЛАР

Құлсары қаласында уақытша тұрып жатқан 1979 жылғы Тараз қаласының тұрғыны танымайтын біреулердің өзіне күш қолданып, зорлағаны жөнінде арызданды.Көп ұзамай Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қылмысқа күдікті үшеуді анықтап, құрықтап үлгерді. Олардың екеуі, орда бұзар отыз жастағы учаскелік полиция инспекторларының көмекшілері екен. Тәртіп сақшыларынан зорлық көрген әйел оларды жазбай таныпты.ОІІД баспасөз қызметінен Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, қазіргі таңда ұсталғандар уақытша оқшаулау ...

Читать далее »