Әскердегі бір күн

«Жауынгерлердің жағдайы жайлы. Курортта демалып жатқандай екен» деді қасымдағы әріптесім әскерилердің тірлігімен жақынырақ танысып жүріп. Шынымен, олардың бүгінгі өмірі бұрынғыға ұқсамайды. Казармалардың іші кең де жарық, тап-таза. Салқындатқыш, теледидар қосулы. Бейнекамералар айналаны алақанға салғандай көрсетіп тұр.  Демалыс бөлмесінде тотықұсқа дейін бар. Ал, сарбаздар Атыраудағы айтулы моншаға кезек-кезегімен барып, шомылады.

Continue Reading

Өзге елдің 522 азаматы Қазақстаннан аластатылды

Атырау облысында еңбек мигранттарының саны бір жылдың ішінде екі есеге өсті. Келушілердің дені – бұрынғы кеңестік республикалардың тұрғындары. Көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін шетел азаматтарына 17,6 млн. теңге айыппұл салынып отыр.

Continue Reading

Ұлт тарихын ұлықтауға тиіспіз

Өткен тарихтан тағылым  ала сөйлесек, Қаздауысты  Қазыбектің атағы дәуірлеп тұрған кезде, бір саудагер биді арнайы іздеп, ауылына келіпті. Түстеніп болған соң, әлгі саудагер Қазыбекке: – Сізден бір сыр сұрайын деп едім. Біз бір керуен едік. Өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық. Сөздің атасы кім, анасы кім? – депті. Қаздауысты Қазыбек ойланып […]

Continue Reading

Онлайн карта іске қосылады

Биыл бірінші жартыжылдықта облыста мемлекеттік және жергілікті атқарушы орындарға азаматтардан 40 мыңға жуық өтініш түскен. Оның ішінде бес жүзден астамы прокуратура органдарында, 102-сі еліміздегі Ұлттық банктің филиалында болса, медициналық бақылау және фармацевтикалық қызмет көрсетуші мекемеге, сот органдарына қатысты арыздар да бар. Бұл туралы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда еліміздің Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке […]

Continue Reading

Азаттығымыздың айқын айғағы Конституция күні кең көлемде аталып өтті

  Конституция күніне арналған шара Махамбет атындағы қазақ драма театрында салтанатты сипатта, кең ауқымда аталып өтті. Оған қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды мерейлі мерекемен құттықтады. – Ұлы дала тарихындағы «Тәуке ханның жеті жарғысы», «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» сынды дала заңдары – бүгінгі берекелі егемен еліміздің тарихи құндылықтары. Сол құжаттарда көрсетілген […]

Continue Reading