Құқық

ӘЛІШЕРДІҢ АЛҒЫРЛЫҒЫ

Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Адал ұл ер боп туса - ел тірегі» деген. Сондай бір  ата-анасының ғана емес, бүкіл елдің ұлы болып жүрген азаматтар қаншама? Ел тыныштығын сақтауды өзінің азаматтық парызы санайтын жігіттің бірі - полиция кіші сержанты Әлішер Жаңабеков.

Читать далее »

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ ЕДІ

Ал жадында ерекше сақталған есімдерді уақыттың озғаны да, қоғамдардың алмасуынан туған өзгерістер де ой-зердеден өшіре алмайды. Осындай айтулы адамдар әр ауылда, әр аймақта бар. Соның бірі облыстың ауыл шаруашылығы саласына өз үлесін қосып ерен еңбек етумен танылған мал дәрігері Бағытжан Қамиев десек, артық айтпаған болар едік.

Читать далее »

ЖЕМҚОРЛАР ЖАРИЯ БОЛУДАН ҚОРҚАДЫ

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығында құқық қорғау органдарымен бірлескен кездесу өткізілді. 

Шараға мұрындық болған орталық директоры Баязи Әбдешев басқосуға негізінен «Мемлекеттік әкімшілік қызметіне  алғаш  кірген  қызметшілерді қайта даярлау курсының» және «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу туралы тұжырымдамасы: экологиялық менеджменттің жаңа бағыттары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинарының тыңдаушылары қатынасып отырғандығын айтып өтті. Сонымен қатар, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті экономика және құқық факультетінің, Атырау Бизнес және құқық колледжінің ұстаздары мен студенттері де кездесуге келді. 

Читать далее »

«ЖАҢАРУ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ

оның  мақсаты  мен  міндеті  қандай?

Жуырда Ұлттық баспасөз клубында  «Жаңару»   Сыбайлас   жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық  қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов журналистермен жүздесіп, жаңа құрылымның жұмысы жайында баяндады.

Читать далее »

«БІРЕУГЕ БЕРІЛГЕН ЖАЗА БАСҚАҒА САБАҚ БОЛСА ҒОЙ…»

Атырау облысы бойынша ҚАЖ (Қылмыстық атқару жүйесі) департаментінде – жаңа басшы. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық атқару жүйесінде ұзақ жылдардан бері абыройлы қызмет атқарған Н.В.Шемакинге саланың жай-күйі жақсы таныс. Облыстағы түзету мекемелері биылғы жылға қалай аяқ басты? Қандай жоспарлар жүзеге асып, іс-шаралар қолға алынбақ? Осы төңіректегі сауалдарға Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет полковнигі Николай Васильевич Шемакин жауап береді.

Читать далее »

САРАПТАМА ЖАСАУҒА АҒАЙЫНДЫҚ ЖҮРМЕЙДІ

Дамыған технология заманында күмілжіген күмәнді ойдың дәл жауабын беру – мүмкін іс. Ол үшін тек Атырау облысы бойынша сот-сараптамасы институтына жүгіну қажет. Даулы мәселелердің түйінін тарқатуға құзырлы мекеменің бүгінгі жай-күйі жайында оның директоры

Бауыржан Шайхин

әңгімелейді.

Читать далее »

ҚАЗЫНАНЫҢ ҚАРЖЫСЫ

қатаң  қадағалауды  қажет  етеді 

Жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттердің көлемі артып келеді. Бюджеттік, оның ішінде инвестициялық бағдарламалардың саны да ұлғаюда. Ал, бөлінген қаржының экономиканың негізгі салаларын дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатыны белгілі. Осыған орай қаржылық бақылау органдары алдында үлкен міндет тұр. Ол – бюджеттен қаралған қаржының орнымен жұмсалуын қадағалау, қоржындағы ақшаның талан-таражға түспеуін қамтамасыз ету.

Читать далее »

КҮДІКТІ КӨЛІК ИЕСІН ӘУРЕ-САРСАҢҒА САЛЫП ҚОЙДЫ

Атырау қаласының тұрғыны «Джип» сатып аламын деп басы пәлеге қалып отыр. Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлгі адам Белоруссиядан «Тойота Ланд Крузер Прадо» маркалы автокөлік әкеледі. Облыстық салық департаментіне Кеден одағына мүше елден әкелінген тауар ретінде 12 пайыз көлемінде қосымша салық төлеген. Қажетті өзге де шараларды жасақтайды. Алайда, ол қымбат «темір тұлпары» өзін әуре-сарсаңға саларын білмепті. 

Читать далее »

ТІЛЕНШІНІҢ ДЕ ТҮРІ БАР…

Базар маңындағы алақанын жайып отырған балалы әйелге жаны ашыған Жанар үйіне әкеле жатқан наны мен қораптағы сүтін қолына ұстата қойған. Аларып бір қараған сыған әйелі шала-шарпы орысшасымен одан да тамақтың ақшасын беруді талап ете бастады. Ұсынғанын кері алған қыз ешкімнің де астан артық еместігі, балалардың тойып тамақтануы керектігі жөнінде аздаған сөз айтып, жөніне жүре берген. Әудем жерге ұзағаннан кейін артынан қарша борап жатқан өктем сөздерден кілт тоқтады. Сыған әйелі оған қарғыс жаудырып жатты. «Ол ақша бермегеннің бәріне осылай сөйлейді» деді осының бәрін бақылап отырған ұялы бірліктер сатушысы. «Не үшін?!» Көңілін қалдырған оқиға ойына түскен сайын Жанар әлі күнге ренжиді.

Читать далее »

ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

Атырау облысының мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Сағат Хасанның баспа бетін жаңа көрген «Ақталған үміт» кітабын оқи отырып, оның қаламгерлік қырына еріксіз тәнті болдық.
1986 жылы Гурьев облысының сақтандыру басқармасына заң консультанты болып келген Сағат Қаламғалиұлы кейін аға заң консультанты, заң және кадр қызметінің бас маманы, бас директордың кадр жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып, 1994 жылы облыстық әділет басқармасына ауысқан. Осы мекемеде әділет басқармасы бастығының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, 2002 жылы Мақат аудандық сотының судьясы болып тағайындалды. 2008 жылдан бастап - облыстық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы.

Читать далее »