Құқық

ЖҮГЕНСІЗ ЖҮРГІЗУШІ

енді жауапкершіліктен ешкім де жалтара алмайды
Мемлекет басшысы биылғы 17 сәуірде «Жол жүрісі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық өзгерістеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңдарға қол қойды. Соның негізінде жүргізушілерге талап күшейді, айыппұлдардың көлемі де өсті. Мұның бәрі – жол бойындағы заңсыздықтарды азайту үшін қолға алынған шара.

Читать далее »

ӘМБЕБАП ПОЛИЦИЯ: Нәтижесі қандай?

Өткен жылдың 1 қарашасынан бастап әмбебап полиция қызметіне кірісті. Жергілікті жерлерде жол полициясы таратылып, қайта жасақталған әкімшілік полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қолға алды. Тың бастаманың ерекшелігі қандай? Қос құрылымды біріктіргеннен не өзгерді? Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВ әңгімелейді.

Читать далее »

«ЖЫЛУ ЖИНАУ ЖЫЛМА-ЖЫЛ ҮДЕП БАРАДЫ»

Атырау» газеті, 7 маусым, №63)

Жуырда газетімізде ардагер-журналист Құмарғали Ғабдешұлының «Жылу жинау жылма-жыл үдеп барады» атты мақаласы жарияланған болатын. Осыған орай, облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали Сәрсенғалиевтың атына хат жолдап, түсінік беруін өтінген едік. Редакциямызға келген жауап хат мәтінін сол күйінде жариялауды жөн көрдік:

Читать далее »

БАЛА ТАҒДЫРЫНА АТҮСТІ КӨЗҚАРАС

олардың  теріс  жолға  түсуіне 

себепші  болып  отыр

Прокурорлар жасы кәмелетке толмағандар құқығының қорғалуына қатысты тексеру жүргізген еді. Оған жасөспірімдер арасындағы суицидтің азаймай отырғандығы себеп болды. Тексеру біраз олқылықты анықтады. Оның нәтижесі жуырда облыстық прокуратурада өткен алқа мәжілісінде ортаға түсті.

Читать далее »

БЕРЕКЕГЕ БАСТАҒАН «БЕКІРЕ» АКЦИЯСЫ

«Бекіре» балық қорғау шарасы аяқталды. Облыстық әкімдікте Қоршаған ортаны қорғау министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат Мұсапарбековтің төрағалық етуімен өткен жиында оның қорытындысы шығарылды. Айта кетейік, Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарындағы бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерін сақтау, қорғау мақсатында қолға алынған акция 1 сәуірде басталған болатын.

Читать далее »

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛЫП ЖҮР?

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің жаңа үлгісі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Читать далее »

ОТ ПЕН СУДАН САҚТАНУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Сейсенбі күні облыстық әкімдікте төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев төрағалық еткен жиында өзекті мәселелер талқыланды.

Читать далее »

ЗАҢ ТАЛАБЫ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ

Соңғы кездері Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық филиалына облысымыздағы орта білім беру мектептерінің мұғалімдерінен хаттар түсуде. Олардың шағымдануына мектеп директорларынан төмендегідей мәтінде ескерту (уведомление) алулары себеп болған. Ол ескертуде: «ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №338 бұйрығының (бұдан әрі - бұйрық) талабына сай сіз мамандығыңыз бойынша қызмет атқармайсыз, яғни сабақ беріп жүрген пәніңіз дипломға сәйкес болмағандықтан 2014-2015 оқу жылы апталық жүктеме бере алмаймыз» дей келе, олардың мамандықтарына сәйкес келетін жұмыс іздеу қажеттігі немесе қазіргі сабақ беріп жүрген мамандығына сай жоғары оқу орнына түсу керектігі жайында айтылған.

Читать далее »

ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫС МИНИСТРДІ ДЕ АЛАҢДАТЫП ОТЫР

Дүйсенбі күні Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингтің кезекті қонағы ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов болды. Құрылым басшысы халықтың тыныштығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды баяндады. Министр елде ауыр қылмыс санының азайғанына айрықшалап тоқталды.

Читать далее »