Құқық

ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Жалған кәсіпкерлік қызмет ақша қаражатының заңсыз айналымына жол беріп, ел экономикасына елеулі нұқсан келтіреді. Көлеңкелі бизнестің дамуын тұсаулау мақсатында жалған кәсіпкерлердің (бұрын сотталған, ауыр науқас, маскүнем, нашақор, т.б.) атына тіркелген кәсіпорындарды анықтау үшін құзырлы орындар тарапынан мәліметтер базасын жасақтау қолға алынды.

Читать далее »

УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОР

Оның жұмысы қалай ұйымдастырылып отыр? 

Күн сайын 10-15 арыз

Полиция лейтенанты Радмир Балтаев – Атырау қалалық ішкі істер басқармасы №1 қалалық полиция бөлімінің полиция инспекторы. Құқық қорғау саласында еңбек еткеніне үш жыл болыпты. Биылғы мамыр айынан бастап қазіргі жасап отырған қызметіне кіріскен. Онымен әңгімеміз учаскелік полиция инспекторының жұмысы туралы өрбіді.

Читать далее »

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

Ол қандай қызмет? 

Құқық қорғау жүйесінде жаңа реформа басталып жатыр. «100 нақты қадам» бағдарламасының ауқымында қолға алынған шараның бастысы – жергілікті полиция қызметін құру. Ол 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастайды. Жаңа құрылымға қатысты мәселелерді жуырда Астанада өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха айтып берді. Басқосуға біз тікелей бейнебайланыс желісі арқылы қатынасқан болатынбыз.

Читать далее »

ЕКІ ЖЫЛДАН БЕРІ ХАБАР ЖОҚ

Учаскелік инспектор – қылмыстың, нашақорлық пен маскүнемдіктің, тонаушылықтың, бұзақылық пен басқа құқық бұзушылықтың алдын алуда шешуші тұлға. Сол себепті халықтың тыныштығын қамтамасыз етуде ол күні-түні қызмет етуі тиіс. Полиция инспекторлары өз учаскесіндегі барлық тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, оларға көмек, қолдау танытуы қажет.

Читать далее »

ӨЗГЕРІСТЕР ӨМІРДЕН ТУЫНДАЙДЫ

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағымен бірлесіп семинар өткізіп, кәсіпкерлерді биылғы жылдың шілде айынан бастап салық және кеден заңнамаларына енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Читать далее »

ЖАЗА КҮШЕЙМЕЙ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЫЙЫЛМАЙДЫ

«Халыққа тікелей қызмет көрсетілетін мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа көбірек жол беріліп жатады» дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Мұндай заңсыздықтар негізінен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде орын алады екен. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Атырау облыстық аумақтық инспекциясында өткен шарада айтылды.

Читать далее »