Құқық

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ӘЛЕУЕТТІ КӨТЕРДІ

Жуырда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында алқа отырысы болды. Аталған отырысқа қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және жұмыспен қамту орталықтарының басшылары қатысты. Алқа отырысына қатысушылар аталған басқарманың өткен жылы атқарған жұмысы мен үстіміздегі жылға арналған жаңа міндеттерімен танысты.

Читать далее »

БІЛІГІ КӨП БІТІМГЕ КЕЛЕДІ

Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі  бұл бағыттағы заңнаманы жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар, азаматтық процесті қағазбастылықтан арылтуға, сотқа жүгінген тұлғалар үшін де, аталған заң аясында  қызмет істейтін соттар үшін де қолдану қолайлылығына бағытталған.

Читать далее »

АҚШАЛАЙ АЙЫППҰЛ САЛУ

оның мөлшерін төмендетудің мүмкіндігі бар ма?

Елімізде көлік жүргізу-шілеріне салынатын айыппұлдың көлемі көп. «Аюға әріп үйреткен – таяқ» десек те, қатаң шара халықтың қалтасына салмақ түсіруде. Оның үстіне айыппұлдың өндірілуі де мәз емес. Сондықтан, «Атырау» газетінің тілшісі облыстық прокуратураның соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы Бағытжан Қалиевке осы бағыттағы прокуратураның әрекетіне қатысты сұрақ қойған.

Читать далее »

Жеке сот орындаушы: ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМ – ЖАҢАША ТАЛАП

Осыдан алты жыл бұрын жеке сот орындаушылар институтының құқықтық негізі жасалды. Содан бері жүзеге асқан өзгерістер аз емес. Бастысы, бүгінде мемлекеттік сот орындаушылардың қызметі қысқартылып, сот актілері мен атқару құжаттарын орындау біртіндеп жеке орындаушыларға берілуде. Осыған орай бұл салаға қатысы бар біраз адамды сөзге тарттық.

Читать далее »

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Мүлікті жария етудің мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Еліміздің белгіленген заңнамасына сәйкес, жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және ол биыл

Читать далее »

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ

оған қандай міндеттер жүктеледі? 

Жергілікті полиция қызметінің құрылымына учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері, қабылдаушы-бөлушілер және арнайы қабылдаушылар кіреді. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі ішкі істер органдарының құрамында қалатын, ал оның қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бірыңғай құқықтық мәртебесіне ие болатын жүйенің бірлігі сақталынады. Материалдық қамсыздандырылу, жеңілдіктер мен әлеуметтік-құқықтық кепілдіктері туралы да осыны айтуға болады.

Читать далее »

НЕНДЕЙ ПІКІР АЙТАСЫЗ?

Мұрат ДЕМЕГЕНОВ, облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:

–Бірнеше қызметтің басын біріктіретін жергілікті полицияның ерекшелігі аз болмайды. Жаңа құрылым қылмыстың алдын алуда, қоғамдық тәртіпті сақтау, халықтың тыныштығын қамтамасыз етуде бүгінгі күні жасалып жатқан жұмыстарды ширата түседі деу орынды шығар. Өйткені, бұл бағытта қазір де ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, Атырау қаласы бойынша учаскелік полицейлердің 14 тірек бекеті құрылған. Көптен бері айтылып келе жатқан мәселе, «Нұрсая» мөлтек ауданында жаңа бекет ашылды. Енді қала іргесіндегі селолық округтер аумағын толықтай қамтитын жаңа орындар ашу міндеті қойылған. Аудандарда да бұл жұмыс ретімен жалғасын табады.

Читать далее »

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ және АЗАМАТ ҚҰҚЫҒЫ

Елімізде адам құқығына қатысты ұйымдар баршылық. Мәселен, Адам құқығы жөнінде уәкіл, Президент жанындағы адам құқығы туралы комиссия және тағы басқа да құзыретті мекемелер бар. Олар күнделікті өмірдегі адам құқығы, азамат құқығы жайында жыл сайын әртүрлі шолулар жасайды. Қазақстандағы адам құқығының жағдайы туралы есеп береді. Бұлар адам өмірінің құндылығы, жалпы Қазақстандағы бүгінгі күнгі әлеуметтік өмірдегі жағдай, халықаралық құқықтар, білім саласы, денсаулық саласы болып жіктеліп кете береді. Әрине, абақтылардағы ахуал да қалыс қалмайды. Оларға арнайы барып, аралап көріп те жатады. Өйткені, бұл – адам құқығының маңызды бір көрсеткіші.

Читать далее »

ЖАҢА КУӘЛІК

ерекшелігі неде?

Алдағы күндері елімізде жаңа жеке  куәлік енгізіледі. Оның ерекшелігі туралы облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алмагүл Сәрсекенова айтып берді.

Читать далее »